260
Жалпы алғанда, ұлтының азаттығын аңсаған азамат ақынның “Оян, қазақ”
атты жинағындағы ӛлеңдері,
негізінен, саяси-әлеуметтік тақырыпқа
жазылған. Ӛлеңдерінің басым кӛпшілігі – патша ӛкіметінің отаршылдық,
озбырлық саясатын әшкерелеуге арналған саяси лирика.
“Оян, қазақ!” жинағындағы ӛлеңдерінің соңғысы “Сӛз ақыры” деп
аталады. Бұл ӛлеңі жинақтағы азды-кӛпті дүниесін
жазудағы мақсатын
қорытындылауға және ӛлең ӛлкесіне келуіне шығармашылығымен түрткі
салып, үлгі болған ұстаз тұтар ақындар тобын таныстыруға бағытталған.
Орыста Пушкин, Гоголь һәм Лермонтов,
Крылов, Тургеневтер кеткен ӛтіп.
Қартайып бұл уақытта, Толстой тұр,
Ӛзіне мәслихаттан ерлерді ертіп.
Қазақта бұлар теңдес бар ғой шешен,
Халықтан мойны озып болған кӛсем,
Семейден шықты Абай Құнанбаев,
Сӛзінде қате бар ма сынап кӛрсең.
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,
Сӛзі алтын, мағынасы меруеттей.
Оқыған ғибрат алып, жас жігіттер,
һәммәсі ӛз халқына қызмет еткей…
Ендеше Міржақып – ұлтына еңбек етудің үлгісін
танытқан, ұлт
азаттығына бар саналы ғұмырын арнаған, осы бағытта талай тағдыр
талқысына түсіп, соның бәрін туған елі үшін мойымай кӛтерген азамат ақын.
“Оян, қазақ!” қазақ халқы үшін қаншалықты бағалы болғандығын “Қазақ”
газетіндегі
Міржақып
берген
хабар
дәл
айқындайды.
Патша
жандармеясының тіміскілеуіне, 1916 жылғы маусымнан кейінгі жазалау мен
аласапыран күйзеліске қарамастан бұл кітапты елдің кӛзі
ашық азаматтары
кӛзінің қарашығындай сақтаған. Әлгі хабарламада фельдшер Жұмағали
Тлеулиннің үйінен “Оян, қазақ” кітабының 1 мың данасының сақталғаны,
іздеушілерге сатып алуға болатындығы айтылған (“Қазақ” 1917, N247).
Әрине, “Оян, қазақ!” – Міржақыптың ақындықтағы алғашқы қадамы.
Сондықтан онда ақындық шеберлік, тіл қолданысы тӛңірегіндегі кемшіліктер
кездеседі. Кезінде бұл туралы С.Торайғыров кейінгі “Азаматты” қоса отыра
“Айқапта” басылған “Қазақ тіліндегі ӛлең кітаптары жайынан” (1913 N19, 22,
23) атты сыни мақаласында пікір білдірген.
Тіл кемшілігі болғанын
Міржақып ӛзі де мойындайды. “Қазақ” газетінің 1915 жылғы 112 санында
жарияланған “Тіл құралы” атты мақаласында: “…Ноғай газеті, кітаптарында
кӛп ұшырасатын араб, фарсыны шын әдеби тіл осы екен деп аңғардым.
261
1908 жылы (О.Қ.)-ды жазып жүргенімде әлгі “Әдеби тілдерді” неғұрлым
кӛбірек кіргізу жағын ескерусіз қалдырмадым.
Сол жылдарда Абай кітабы
һәм “Қырық мысалды” кӛргенімде ӛзімнен ӛзім ұялдым. Ӛзімнің һәм ӛзім
секілділердің адасып жүргенін сонда білдім”, – деп жазады.
Осындай тіл шұбарлығы болғанына қарамастан, “Оян, қазақ!” азаттықты
ӛзек еткен мұрат-мақсұтымен ХХ ғасыр басындағы әдебиетте ӛз орнын ойып
алар ӛрелі туынды болып табылады.
Міржақыптың екінші ӛлеңдер жинағы “Азамат” деген атпен 1913 жылы
Орынборда басылып шығады. Бұл кітаптың сыртқы бетінде ақынның:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі кӛп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш, –
деген бір ауыз ӛлеңі басылған. Бұл – бүкіл ғұмырын туған елінің азаттығына
арнаған азамат ақынның жан сыры. Ақынның “Азамат” жинағындағы
ӛлеңдері
езілген елінің, еркіндік кӛкреген халқының мұңлы күйін суреттеп,
ар-намысын оятуға, кӛңіл кӛзін ашуға арналған. Бұл жинақта ел мұңын
жоқтаған ӛршіл ӛлеңдердің ғана орын тепкені шындық.
Кӛп құлағы мақта менен тығулы,
Қасқыр қуып, үріккен қойдай ығулы.
Достарыңызбен бөлісу: