Формы повышения конкурентоспособности дошкольного образовательного учреждения в условиях реформирования образования



Pdf көрінісі
бет46/81
Дата17.12.2022
өлшемі1.37 Mb.
#467417
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81
Nshfk 2 29 2011

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы, №2 (29), 2011 ж. 
61 
Адам баласы қоғамда ӛзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, 
әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым–
қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық , зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, 
борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы ӛлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан 
мінез–құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстаған қазақ халқы жастарды от 
басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп 
қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, 
үлкендерге жол беруді, олардың алдын кесіп ӛтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына ―Сіз‖ деген 
сыпайылық, ―Сен‖ деген анайылық, ―Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені‖, ―Кішіпейілділіктен 
кішіреймейсің‖, ―Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді‖, ―Құдай деген құр қалмайды‖ деген қағидаларды 
үнемі уағыздаған. Халқымыз ―Әкеге қарап ұл ӛсер, шешеге қарап қыз ӛсер‖ деп бала тәрбиелеуші ата–
аналардың да ӛнегелі болуын талап еткен. Отбасының, қоғамның тәрбиесі аналарға байласты екеніне 
ерекше мән берген, қыздың кӛркіне ақыл-ойы мен мінез–құлқының сай болуын қадағалаған. ―Қыз 
қылығымен сүйкімді‖, ―Қызым үйде, қылығы түзде‖, ―Қысыла, қысыла қыз болдым‖ деген мақал–
мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. ―Қыз ӛссе – елдің кӛркі‖ деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты 
қызды бүкіл ауыл–аймақ болып тәрбиелеуді меңзейді. 
Адамгершілік қасиеттің жоғары түрі – ар-ұят сақтау. Халық мақалдарында жастарды сабырлы, 
адал, арлы азамат болуға үндеп отырады. ―Жаным – арымның садағасы‖, ―Ӛлімнен ұят күшті‖, ―Ақылды 
болсаң арынды сақта, ар–ұят керек әр уақытта‖, ―Жігіттің құны – жүз жылқы, ары – мың жылқы‖ деп ар–
ожданды қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп кӛтерген. Адамгершіліктің асыл белгілері: ар–ұят, 
ождан сақтауды, сыпайыгершілікті, әдептілікті, үлкенді сыйлауды; достықты уағыздай отырып, осы 
тамаша қасиеттерге қарама–қарсы адамды аздыратын ӛтірік, ӛсек, еріншек, мақтаншақ сияқты жаман әдет 
жат мінездерден сақтандырады. Жастарға олардың зияндылығын түсіндіреді. ―Ӛтірік ӛрге баспас‖, 
―Ӛтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам‖, ―Ӛзін-ӛзі мақтаған ӛліммен тең‖ деу арқылы ӛтірік-ӛсек айтудан, 
орынсыз бос мақтаннан аулақ болуға шақырады. Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі – бауырмалдық , бүкіл 
адам баласын бауыр, дос тұту, кӛпшіл болу. Қонақжайлық, барын қонақтың аузына тосу – халқымыздың 
ежелгі бауырмалдық-меймандостық дәстүрінің әдемі кӛрінісі. Ал мұның ӛзі қазірде ұлт достығының 
күшейе түсуіне себепкер болып отыр. Қазақ жыл мезгілінің, күн тәулігінің (азанғы, сәске, бесін, 
намаздыгер, ақшам т. б.) қай кезінде болмасын ―Құдайы қонақпын‖ деп келген адамды танысын-
танымасын құрақ ұшып қарсы алуға, ренішсіз қабылдауға, астына тӛсеніш, алдына дастарқан жайып, 
барын беруге міндетті болған. ―Қонақасы – тәңір ақысы‖, ―Құтты қонақ келсе, қой егіз табады‖, 
―Ішілмеген асумен тең, кісі келмеген үй – кӛрмен тең‖ деген мақалдар кең пейілді қазақ халқының 
меймандостығын дәлелдейді. 
Ауыз әдебиетінің асыл үлгілерінде махаббат пен зұлымдықтың, адамгершілік пен екі жүзділіктің, 
кеңпейілділік пен дүниеқоңыздықтың тартасы арқылы ӛмір шындығына оқушының кӛзін жеткізу, зор 
адамгершілік қасиетін мәпелеу сезімдерін ояту кӛзделеді. Мұндай гуманистік қасиеттерді қастерлеу, оған 
деген құштарлық сезімді ояту – этикалық тәрбиенің басты шарты. Халқымыз ӛзінің ӛлең-жырларында, 
мақал-мәтелдерінде осы қағиданы тәрбиенің басты мақсаты қойған. 
Халық тәрбиесін құндақта жатқан күнінен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп 
ӛскен ұрпақ бабалар ӛсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асырып келді. Оған елінің бостандығы, ар-
намысы үшін құрбан болған Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Жақыпбек Майкӛтов т. б. азамат 
соғысының ардаргер батырлары, Ұлы Отан соғысындағы Бауыржан Момышұлы, Тӛлеген Тоқтаров, Мәлік 
Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағулова сияқты мыңдаған қазақтың батыр ұл-
қыздарының ерлік істері айғақ бола алады. Қиын-қыстау кезенде оларды алға ұмтылдырған күштің қайнар 
кӛзі – алтын бесігінен жастайынан алған тәрбиесінде, бойына ана тілі, туған елінің асыл қазынасы ауыз 
әдебиеті арқылы сіңген батырлық, ӛжеттік, Отан сүйгіштік қасиеттер. 
―Отан от басынан басталады‖ дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, 
қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. ―Ананың сӛзі – ақылдың 
кӛзі‖ деп қарау, атаның ӛнегелі ісін мұра тұту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани 
азық ету, зергерлік, іскерлік, шеберлік, ұсталық ӛнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры – бәрі 
тәрбиенің тағылымдары. Бұл тағылымдар бата беру, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, ат ұстау, сәлем 
беру, қонақ күту, қазан ұстау, табақ тарту сияқты ұлттық салт-дәстүрлер арқылы отбасында насихатталып 
келді. 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», №2(29), 2011 г. 
 
62 
1. 
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. – Алматы:Санат, 1995. 
2. 
Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы:Білім, 1995. 
3. 
Әбиев Ж., Бабаев С. Педагогика. -Алматы: Дарын, 2004. 
4. 
Әбілов Ә., Байтереева С. Этнопедагогика материалын тәрбие процессінде қолдану. –
Алматы, 1998. 
5. 
Ақпаев А.Т. Дене шынықтыру дайындығының негіздері. - Алматы,2002. 
 
Резюме 
В данной статье описываются средства и методы воспитания современной молодежи на 
национальных традициях казахского народа. 
Summary 
This instruction describes means and methods of upbringing by active builders, who must be
carrier and vehicle of our society. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет