З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет40/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Көпмəдениетті орта ұғымына анықтама беріңіз.
2. Мəдениеттер арасындағы қарым-қатынастың рухани-адамгершілік
аспектілері, адамзаттың бірлігі туралы түсініктеме жасаңыз.
3. Көпмəдениетті ортадағы педагогикалық қарым-қатынастың
құндылықтары, нормалары, дəстүрлері туралы пікір білдіріңіз. 
4. Педагогтың кроссмəдениеттік құзыреттілігі жəне заманауи кəсіби
педагогикалық ортадағы оның маңызы туралы талдау жасаңыз.
1-тапсырма. «Қарым-қатынас орталығы». Топта бес-алты адам жұмыс
істейді. Қатысушыларға бір қарапайым міндетті орындау ұсынылады: 
физикалық əсерлерге жүгінбей, кез-келген құралмен айналасындағылардың 
назарын өзіне аудартуға тырысу керек. Бұл тапсырманың қиындығы - барлық 
қатысушылардың мұны бір мезгілде жасауы. Сондықтан командалар кезек 
бойынша жұмыс істеуі тиіс: кезекпен кезек біреуі жұмыс істейді, ал екіншісі 
бақылайды.
Жаттығуды орындағаннан кейін, топтың қайсысына 
аудиторияның көбірек көңіл бөлгенін жəне неге екенін талқылау қажет. 
3.6. Педагогикалық қарым-қатынастың адамгершілік мəдениеті 
жəне оны қалыптастырудың жолдары
Педагогикалық қарым-қатынас мəдениеті - міндетті түрде «мəдениет» 
ұғымымен тығыз байланысты. Педагогикалық ойлау мəдениеті, сөйлеу 
мəдениеті, қарым-қатынас барысында əңгімелесушінің түр-əлпетіне көңіл 
бөлу, тыңдау мəдениеті, педагогикалық əрекет жасау мəдениеті жəне қарым-
қатынас барысында қолдау көрсету мəдениеті болып анықталады.
Егер мұғалім мəдениеттілік түсінігінен алыс болмаса, ол өзінің жоғары 
білімділігінің жемісіне қол жеткізеді. Нақ осы мəдениеттілік пен жоғары 
адамгершілік қасиет мұғалімді лайықты тұлға етеді. 
Әрбір оқытушы педагогикалық қарым-қатынас жасауды меңгеру керек. 
Ең қызықты негізгі оқу тəрбие материалдары, ең белсенді оқу-тəрбие əрекеті 
мен əдістерінің көрсеткіші тек шынайы педагогикалық қарым-қатынаста 
көрінеді. Педагогтың тəжірибесі, шеберлігі оның оқушылармен қарым-
қатынасынан байқалады.
Педагогикалық қарым-қатынас жасаудағы кемшіліктерге:
- қарым-қатынас мəдениеттілігін жетік білмеу;
- оқушының танымын түсінбеу;
-сабақ барысында қарым-қатынастың қиыншылықтарын басқара
білмеу, оқу-тəрбие барысында өзінің сезімі мен тілдік қарым-қатынасын 
басқарудағы қиындық жатады. Бұл оқу-тəрбие процесінің нəтижелілігін 


62
тежейді. Яғни, мұғалімнің педагогикалық мəдениеттілігі, тəжірибесі, 
шеберлігі оның оқушымен қарым-қатынасынан байқалады. 
Педагогикалық қарым-қатынастың адамгершілік мəдениеті жəне оны 
қалыптастырудың жолдарының айрықша көрсеткіші диалогтік қарым-
қатынас.
Орыс философы М.М.Бахтиннің түсінігі бойынша диалог - бұл əрбір 
диалогқа қатысушының қарым-қатынаста тең дəрежеде болуы, оның өзіндік 
көзқарасының болуы, жəне өзгенің көзқарасын дұрыс түсініп, белсенді 
болуы. 
3.10 - кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет