144
Шешімдер жасау үшін жетекші адамдар тобын өзі таңдайды.
Бұл – жетекшінің иерархиялық ұйымдасқан жүйесіндегі жаңа
функциясы: шешімдердің «субъективтік базисін» қалыптастыру
функциясы. Ол шешім шығару жөніндегі
бірлескен іс-әрекетті
ұйымдастыруға байланысты нақтыланады. Бұл – бағалау, санк-
циялау, ынталандыру, түзету, үйлестіру, арбитраждау, мотив-
тендіру функциялары.
Басқару шешімдерінің ақпараттық негізі – едәуір дәрежеде
жетекші тікелей емес, қосалқы түрде
алатын мәліметтер, сон-
дықтан олар түрлі мүмкіндіктердегі деформацияларға ұшырай-
ды, бұл жетекші шешімінің ақпараттық негізінің толымсыздығы
мен бұрмалануына соқтырады. Ақпарат жинау салыстырмалы
түрде автономды және күрделі мәселе бола түседі.
Жүзеге асыру тұрғысынан алғанда, басқару шешімдерін қа-
былдау процестері жаңа психологиялық ерекшеліктерімен сипат-
талады. Олар көбінесе
жетекшінің өзінің емес, бағыныштыла-
рының іс-әрекетінде жүзеге асады, сондықтан шешім шығару
күрделене түседі және басқа функцияларымен толығады. Бұл –
шешімнің негізделгеніне сену, оны атқарушыларға дейін жеткізу,
бұрынғысы сәтсіз болған кезде жаңа шешімдер ұсыну функ-
циялары.
Шешімдер коллегиялы түрде қабылданады, бірақ олар үшін
жауапкершілік
жекетұлғалық сипатта
болады және оған
жетекші жауап береді. Жауапкершіліктің ерекше құбылысы үш
басты компоненттен, яғни тұлғалық, әрекеттік және топтық ком-
поненттен тұратын белгілі бір құрылымға ие болады. Олар ара-
сында шешім қабылдау процесінде байқалатын түрлі қатынас-
тар қалыптасады.
Басқару шешімдері жетекшілік ретінде тек бір ғана аспектіде
сипатталады. Шындығында, мұндай шешімдердің едәуір бөлігі бір
мезгілде
атқарушылық болып та табылады. Олар әлдеқайда жалпы
түрдегі ұйымдық құрылы
Достарыңызбен бөлісу: