ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҮЙДЕКТІ ТІРКЕСТЕРДІң
ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
РАмАзАнов Э. К.
студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
САҒындыҚұлы б.
ф.ғ.д., профессор, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
Тілдік бірліктердің құрамын анықтау қаазақ тіл білімінде
әбден орныққан талап. Тіпті, жеке сөздің құрамын анықтап, жалаң
сөз және күрделі сөз деп бөліп, жалаң сөздің өзін екіге (негізгі,
туынды), күрделі сөздің өзін беске (біріккен сөз, кіріккен сөз,
қос сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз) ажыратып қарайды. Мұндай
талғам сөз тіркесіне де қатысты жүргізіледі. Жалаң сөз тіркесі және
күрделі сөз тіркесі деген бөлістер осыған дәлел. Әсіресе, ғалым
Т. Сайрамбаевтың сөз тіркесінің күрделенуіне қатысты тұжырымдары
барынша қадағалауды қалайды [1, 32-53]. Соңғы уақытта күрделі сөз
тіркесінің құрамын түйдекті тіркес, салаласқан тіркес, тұрақты тіркес,
түйіспелі тіркестердің селбесе жұмсалуы толықтырды.
Осы тұрғыдан келгенде, түйдекті тіркестерді құрамдық
жағынан саралау ең алғаш рет қолға алынып отыр. Бір қарағанда,
түйдекті тіркестер кемі екі сөздік тұлғаның (түбір мен көмекші
мағыналы сөздің) тіркесімінен болғандықтан, жеке сөзге қатысты
тұрғыдан қарасаң, күрделі бірлік болып танылатындай да, жеке
тіркесімдік тұрғыдан қарасаң, жалаң бірлік болып танылатындай.
Біз осы екеуін бөле жара қарауды анықтау мақсатында, кәдімгі
сөз тіркесінде болатындай құрамдық екшеуді бағдар етіп алдық.
Бұған салсақ, жалаң түйдекті тіркес дегенімізге құрамындағы сөздік
тұлғалардың тек қана жеке тұлғада келіп, байланысуынан болған
тіркесімдер жатады. Жеке тұлға сипатын әрі алғашқы сыңардың,
әрі екінші сыңардың бір-бірден ғана болатынын атау парыз. Бұл
ең жиі қолданыста жүрген түйдекті тіркестер болып табылады. Әрі
түйдекті тіркестің барлық жасалу жолдарында кездесе береді. Абай
342
343
Достарыңызбен бөлісу: |