ішіндегі әнші, өнерлісі болып келеді // Айғыздар Абай сыртынан осылай әрекет еткен-ді // Әмір Біржанмен ел шетінде кездесіп... // Жаулық астынан көрінген самай шашы бұл күнде аппақ болған Ұлжан қазір кәрілікке жеңгізгендей // Талай жүздеген ауылдар үстінен «шимандай» ел арасымен өтіп бара жатып, еркін, әсем ән шырқады // Осы балалар қойдың ішін аралаған боп, күзетшімен сөйлесіп, бөгеліп, түн ортасына дейін шұбалып жүріп алды // Әр ауылдың тұсындақой-қозысы, сиыр-түйесі, мол жылқылары шұбыртады // Қорық бойында тек шұбыртқан нөпір, қалың мал көрінгені болмаса... // Оның үстінеБазаралы мен Оралбайдың тоқтамасын көрген...// Мұның алдында да Сүгір құдасына хабар салған еді. Есім сөз таптарының қай-қайсысы болмасын, көмекшілік
мағынада жұмсалған етістік сөздермен қиюласады. Олардың өзі
әр алуан сөз табына бағынады. Қараңыз: а) Зат есім мен нақтылы
көмекші етістіктің байланысы: Сәні бар, нағыз тамыр бойлар ән еді // Тәубе! Тәубе! Күпірлік екен айтқаным.. түф, түф, түф - деп, түкірген белгі етті // Ендігі бір топ – Балбаланың тобы еді. Басқа етістіктер көмекшілік мағынаға ауысқанда да алдыңғы
қатарда зат есім тұрады. Қараңыз: Сүгірдің ұзатпай сақтауына мұның осы ерекше мінезділігі де себеп болған // Кәрі әкең сапар шеккелі талай болды // Бірнеше ауыз ән салды. Көмекшілік мағынада тұратын кез келген етістікпен есімдіктер
де жиі байланысқа түседі: Есіл Біржан, қадірің қандай еді! // Біржанның бұл ел жасының бір алуанына әкеліп берген жүрек тілі, сезім нұры осы еді // Бұл жолда орыс болсам дұрыс болады, не