Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет191/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
қыласың? // Майбасар не дерін білмей, сұмдық естігендей, бір нәрсе 
дейін деп еді // Әнді сүйген мен екем ғой! Менің ауылымда Оралбай 
мен Керімбала ән салыпты, содан екен ғой! // Тұр, аттан сен де! – 
деп, Әбділда Абылғазыға бұйрық берген // Ендеше, шаттық молы 
сізде екен // Сын мен есеп сонда емес пе?
Екінші сыңарда орын тепкен көмекші етістіктер алдыңғы 
сыңарда сындық, сандық мағынадағы сөздің, сол сияқты 
тұйық етістік тұлғалы сөзден де болады: Қазірде шаруа жайын 
сөйлескенде, Абай үлкен емес, Оспан соғұрлым тәжірибелі сияқты 
көрінді //Абай осы бүгінгідей етіп өз ауылына Тобықтының әнші, 
күйші жасынан жігіт-желең, қыз-келіншегін талай рет жинаған 
// Сол сөз әмір бұйырықтай болды // Бірақ Әйгерімнің қазіргі көңіл-
күйі, өзінің сында отырған әншілігін қысылып сезінуде емес.
Модаль мәнді сөздердің түйдекті тіркес жасаудағы қызметі 
жоғары. Мұндайда модаль сөз әр алуан сөз таптарымен тіркесе 
алады: Үмітей сұлу Айғыздың сіңілісі есепті // Әйгерім әнді үзген 
жоқ // Біржан сияқты шет қонақтарға Базаралының мына жайын 
бұл ауыл білдірмеуге тырысты // Әйгерім, Үмітейлер бұл сияқты 
кесек қалжаққа өте қысылып тұрып, қатты күлді // Түн жігіті 
әнмен таласып, өзі де әндей боп келген сияқты // Оралбай мен 
Керімбаладан аянып қалғанымыз ұят, бар көмегіне жарау керек // 
Бұл талмайтын табандылықты керек етеді.
Септеулік шылау – түйдекті тіркес жасаушы ең белсенді тілдік 
бірлік. Олар атау септікті сөзбен тіркесіп келіп отырады: Ол ел 
бірлігі үшін Керімбала мен Оралбайдан ұялды // Бар Жігітекке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет