Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет205/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Ф. Достоевский, Л. Толстой шығармаларынын, үлгісінде жазуды
күтіп тұрғандай, бірақ атқарылмаған міндет қазақ әдебиетінде 
көп еді. Осындай тарихи көркем-міндетті М. Әуезовтің орындап 
шығуы ешқашан мәнін жоймас, ұмытылмас еңбек, қаламгерлік 
ерлік деп қарау қажет.
1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күнін» алып қарасақ, 
мұнда панасыз, ғарып жетім Ғазиза деген қыздың адам айтқысыз 
озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға тоңып, үсіп өлгені 
әңгімеленген. Әлеуметтік теңсіздік туралы «Қорғансыздың күнінен» 
бұрын да жазылып келгенін білеміз. Ы. Алтынсариннің, С. Көбеевтің, 
С. Торайғыровтың әңгіме, повестерінде таптық қайшылықтар сөз 
болғаны белгілі. М. Әуезов әңгімесінде сол қайшылық соншалық 
терең, сенімді әшкереленеді. Оқушы мұнда Ақан сияқты тиюсыз 
өскен әкімнің тағылық қылықтарына жиреніп қана қоймайды, 
адамдар арасындағы осыншама аңғарылған әділетсіздік жойылуға 
тиіс деген берік шешімге де барады. Теңсіздікке негізделген 
ескі өмір қалпының тығырыққа тірелгенін, рухани дағдарысқа 
ұшырағанын көрсете алуы бір әңгімеге аз сыбаға емес.
Сол тұста жазылған «Қорғансыздың күні» көркемдік бітімі 
жағынан да, көтерген мәселесі тұрғыдан да әдебиетке тың серпіліс 
әкелді. Бұнда адам айтқысыз озбырлық пен қорлыққа шыдай 
алмаған, үйсіз, кедей жетім Ғазиза есімді қыз бала дауылда тоңып 
өлген. Біз әлеуметтік теңсіздіктің қорғансыздар күнінен бұрын 
жазылғанын білеміз. С. Мұқанов бұл шығарманы Европа әңгімесінің 
дәрежесіне көтерілген алғашқы қазақ әңгімесі деп бағалады. 
Кейіннен М. Әуезовтің күллі прозасына тән болып қалыптасқан 
кейбір нышандар осы әңгімеден де анық бой көрсеткен. Соның 
бірі – адам мінезінің қайталанбас, дара ерекшелігін ашу. 
«Қорғансыздың күні» әдебиет өнеріне жаңа серпін әкелді. 
Бұл әңгімеде М. Әуезов прозасының кейбір ерекшеліктері айқын 
көрінеді. Солардың бірі – кейіпкер образын шынайы тұрғыда ашуы. 
«Қорғансыздың күнінде» Ақан болыс, оның серігі Қалтай, жазықсыз 
қыз Ғазиза және егде жастағы әжесі бейнеленген. Олардың 
келбеттері мен сөздері анық байқалады. Мысалы, Ақанның зорлық-
зомбылық формасы былай көрінеді: «Бұл жігіт шамамен отыз жаста, 
орташа бойлы, денесі дөңгелек, қысқа мұртты, шошқа сақалы, сұр 
жүзді дөңгелек тұлға. Кішкентай өткір көздердегі және қабақтары 
салқын қисықтардағы ерекше қатыгездікті байқатады... Бұл 
адамның күлімсіреу формасы құмарлыққа толы екенін білдіреді» 
[3, 32]. Сары даланы еркін кезіп, көптеген жазықсыз адамдардың 
көз жасын төккен жыртқыш Аханның кейінгі әрекеттері – бұл 
жиіркенішті бейнені растау, табиғи талдау.
Енді бір кезде автор не ойлағанын түсіндіреді. «Ақан күні 
бойы жолда көп сөйлемеді, тек бір нәрсеге қарады. Бірақ ол күрделі 
мәселені шеше алмайтын адам кейпінде болса да, Ақанның ойлары 
қайда бара жатқанын білді. Ол санасында әдемі әйелдің суретін жиі 
тауып, оны әзіл-қалжыңдарын айтып, құшақтап, сүйіп отырып мазақ 
еткен» [3, 32]. Ақанның нәпсіқұмарлық мінезі жазықсыз Ғазизаға 
жиіркенішті. Автор кейіпкерлер ерекшелігін психологиялық дәл 
штрихтармен нанымды жүйелейді.
Табиғат құбылыстарын адам көңіліне лайық суреттеп отыру 
да «Қорғансыздың күнінде» елеулі орын алады. Бұл да автордың 
кездейсоқ қадамы емес, әбден өзі ұнатқан, оңтайына келетін әдемі 
тәсілдің бірі. Жазушының қай-қай шығармасында да табиғат 
суреттері көрнекті орын иеленгенін білеміз. «Қорғансыздың 
күнінде» Сарыарқаның қатал қысының бір кезеңі көрсетілген. Осы 
суреттер тек табиғат құбылысы болып калмай, кейіпкерлердің алда 
көретін қорлығы мен бейнетінің де нышанындай әсер қалдырады. 
«… Қызғылт сәулесін дүниеге жайып тұрған күн шарасымен 
тұтас көрініп тұр. Аспан ашық. Берірек тұрған аз ғана ала шұбар тар 
кең жаһанның жүзіне перде болған жоқ. Күні бойы тыныш болған 
жел Күшікпайдың баурында ғана ызғырықтап, жаңада жауған көбік 
қарды жаяу борасындатып тұр. Күннің қызыл сәулесі даланы да, 
тауды да өз өңіне кіргізген. Күнбатыс жақтан бораған ұсақ қар 
да күн астынан қызғылттанып көрінеді» [3, 31–32 б.]. Осылайша 
өз шығармасында М. Әуезов қазақ өмірінің әр беткейін, жаңа 
байланыстарды сөз етеді. 
«Жетім» деген әңгімесінде Қасым атты баланың қасіретті 
балалық шағы, «Барымтада» ертеде ел арасында кең тараған әдет 
өзара ұласып, мал барымталасып, қуғын-сүргінге түсушілік, шабыс, 
оның салмағы ең алдымен, кедей, жалқы-жалғыз адамдарға түсетіні 
– ақиқат айқыны айтылады. Ғасырлар бойында қалыптасып, бойға 
сіңген жарамсыз салттарды сынау да әбден қажет еді.
М. Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы шығармалары 
көбіне бұрын ешкім көтермеген, көрсетпеген шъндықтарға 
құрылған. Соның бірі – «Оқыған азамат». Жазушы бұл әңгімесінде 
қазақ жастарының оқығандары ішінен дүниеқор, заңқор болып 
шыққандарды мінейді. Өзінің қайтыс болған жолдасының әйеліне 
үйленуімен тынбай, жолдасының кәрі шешесінің қолындағы дүние-
мүлікті «заңын» тауып, зорлықпен алатын Жұмағұл сияқтының 


368
369


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет