«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
оқумен тапқан білімі арам байлық, тақыстық жолына жұмсалғанын
көрсетеді. Жұмағұл да, оның жылтырақ жиһазға құмартқыш әйелі
Қадиша да салдарлы, көрнекті жинақтаулар. Бұлар бұқарашыл
жолдағы емес, байшыл, буржуазияшыл ниеттегі адамдар. Жұмағұл
мен Қадишаның баюдан басқа тілегі жоқ, олар бұл жолда қандай
қиянат, қарау істен де шімірікпейді. Бұл жалпы жекеменшікшіл
мүддені бас нысанасы еткен буржуазия өкілдеріне тән сипаттар.
Автор Жұмағұлдар ісін мақұл көрмейді, олардың малқор, мейрімсіз
тұлғасын сынайды. Қадишаның бұрынғы күйеуінің жолдастарының
бірі Мейірхан Жұмағұлдың қылығын «Байдың баласысың, бай
жесірге, бай қайынға күйеусің... Оқығаныңа емес, тоқығаныңа
бақтың ба? Жыланға түк біткен сайын қалтырайды деп, байыған
сайын араның ашылып, жұтпақсың ба зарлыны? Қақаларсың әлі-
ақ?!» [2, 68 б.] деп әшкерелейді. Қысқасы, «Оқыған азаматтан» қазақ
зиялыларының белгілі бір бөлегіне тән салт-сананы көруге болады.
Енді бір әңгімеде («Жуандық») ескі рушылдық қатынастар
дәстүрінің шылауынан шыға алмай, өз правосын сезінбей жүрген
Жақсылық сынды кедей бейнесі көрінеді. Ал «Ескілік көлеңкесінде»
деген шығармада да қазақ аулы адамының өзгеше мінездері мен
түсініктері сөз болады. Енді бір шығармадан («Қыр суреттері»)
әмеңгерлік салтымен еріксіз әйел етпек болған шалдан қыстың көзі
қырауда қашып шығып, боранға килігіп азап шеккен жас келіншек
Рабиғаны ұшыратамыз. Тән сұлулығына, қаланың жалтылдақ
мәдениетін үстірт үйренгеніне малданып, жігіттен жігіт таңдаймын
деп жүріп, ақырында күйеусіз қартая бастаған Ғайша қылықтары
да («Кінәмшіл бойжеткен») суреткер қаламынан қағыс қалмайды.
Күйеуі өліп, жесір қалып, жылдар бойы өз сезімімен арпалысып
күрескен Қаракөз («Қаралы сұлу») тағдыры да ерекше есте қаларлық.
Асырағанға, баққанға көнбей, ұяластарына қайта қосылып,
ақырында адамдарға жау боп тиген бөлтіріктің («Көксерек») дүлей
жыртқыштығы да ерекше білгірлікпен әңгімеленген.
М. Әуезовтің ақиқат пен көркемдікке толы әңгімелері қазақ
әдебиетінің профессионалдық жаңа биікке шығуына, реалистік
дәстүр қалыптастыруына, жүздеген жылдық жазба проза үрдісі
бар европа елдері әдебиетін «қуып жетуіне» қажет көпір,
жаңадан алынған шұрайлы шеп іспетті еді. Бұл шығармаларда
революциялық пафос, күрес этикасы онша сезілмегенімен, реалистік
қуат пен тереңдік мол. Жазушының жиырмасыншы жылдардағы
шығамаларының принциптік, эстетикалық мәні осында.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Жұманазаров М. М.Әуезов әңгімелеріндегі авторлық
баяндау мен кейіпкер тілінің кейбір ерекшеліктері. //Ізденіс. 1997.
№4. – 196 б.
2 Иманғалиев М. Әуезов шығармаларындағы әйелдер бейнесі.
// Абай. 1997. №2, 3. –93 б.
3 Әуезов М. Шығармалар, 1 том, 1967. – 192 б.
Достарыңызбен бөлісу: |