Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет217/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
– заңды құбылыс. Е.Букетов көркем шығармаларына тән сипат -
өмірдің ақиқатын жинақтап, қорыта білу шеберлігі. Қазақ халқының 
білімге, ғылымға құлаш сермегенін, мәдениетке кенелгенін 
жинақтап көрсететін көркем шығармалар осы жазушының еншісіне 
тиеді. Бұл тұста қазақтың тұрмыс-салты мен оның дәстүрлері, 
көрнекті тұлғалары туралы көпшілік түсінетін, жатық тілмен 
жазылған ғылыми-танымдық мәні бар ой қорытулары туралы да 
айта кеткен жөн.
Бас кейіпкер Мәжит Мұқанұлы өз ұстаздарына деген құрметі 
ерекше екенін әрдайым өз хаттарында айтып отырады. Сол ұлағатты 
ұстаздарының бірі – Агрофена Федоровна. Үлкен ғалым өзінің 
қарт ұстазын есіне былай алады: «Агрофена Федоровна – ерекше 
бір жұмсақ мінезді, ерекше бір биязы кісі болатын. Ол кейін қарай 
тарап, желкесіне түйіп қойған сарғылттау шашымен, орысша 
белін қынамай тігілген көйлегімен, жаңа ғана жұмыстан босап, 
сенбілік киімін киіп шыққан шаруа әйелдерге ұқсайтын. Ол адамға 
жылы жүзімен сәл жымиыңқырап қарағанда, көкшілдеу нұрлы 
көздері сығырайа түсетін де, ілгерілеу біткен сирек тістері көріне 
қалатын» [7, 29 б.]. Еңбеккер әйелдің осы тұрпатынан балаларды 
әуестендіретін еш нәрсе жоқ сияқты болғанымен, ұрыспайтын, 
дауыс көтермейтін ұстаздарын оқушылар неге сыйлайтынын 
әрқайсысы өз ішінен түсінетіні белгілі. Бұл кейіпкердің тағдыр 
талайы да өте қызғылықты. Әкесі жендеттердің қолынан қаза 
тапқаны, қолында өскен Оля ағасының қызы екені, ағасы мен 
жеңгесі ішті-күйлі жоғалып кеткені повесте тартымды баяндалады.
Повестің алтыншы хатында профессор Шәріп Жеделбаев 
пен оның әйелі Жеміс образдары нанымды, әрі әсерлі шыққан. 
Әсіресе Жемістің мінезіндегі екіжүзділік, долылық қарапайым 
тілмен суреттелсе де өзгеге сабақ боларлық жақтары көп. Бір 
сәттің ішіндегі Жеміс мінезіндегі өзгерістердің қатар көрсетілуі 
Жемістің образ ретіндегі терең мәнін түсінуге көмектеседі. 
Институт директоры Жеміске үй ішіндегі келіспеушілік бары рас 
па деп сұрағанда:
«Осыны айтуым-ақ мұң екен, жеңгеміздің беті сазарып, кішірек 
біткен көкшілдеу көздері мүлдем жасылданып, кішкентай аузының 
айналасындағы қалың еріндері дірілдеп, бүрісіп, әжімделіп; жаңа 
ғана күлімсіреп жайнап тұрған жеңгем, бетінде бір қайырымы жоқ, 
айуанға айнала қалды. Бажылдай сөйлей айтқандарын тыңдау да, 
тоқтату да мүмкін болмады. Аузымды ашырар да емес, тыңдар да 
емес. Жөн жоқ, жосық жоқ, бапылдаған ақ қайыс...» [7, 265 б.], – 
аз уақыт өткен соң күйеуімен үйге қайта кірген сәттегі Жемістің 
кейпі: «Жеміс жеңгеміз түк болмағандай, жайраң-жайраң етеді. 
Мен аң-таңмын. Бағанағы айуандығы мен долылығын түсімде 
көргендей болдым» [7, 265 б.]. Осы мінезге шыдай алмаған 
профессор Шәріп Жеделбаев отбасын тастап астанаға кетіп қалып, 
көп ұзамай қайғыдан қайтыс болады. Отбасындағы осындай қасірет, 
балаларынан бөлек тұруы жасы келген адамға кері әсерін тигізгені 
кез келген оқырманға ой салады.
Қорыта айтқанда, Евней Арыстанұлы Букетовтің прозалық 
шығармаларындағы адам бейнесінің ішкі байлығы еркін сезіліп, 
табиғи қаз қалпында беріледі. Жазушы кейіпкерлерінің адамзат 
ұрпағына қызмет ету үшін тер төккенін, игілікті қызмет еткенін 
жан-жақты қамти алған. Ш. Уәлиханов, Қ. Сәтбаев, М. Нұрбаевтар 
ғылыми-техникалық, рухани қазынаның бәрі де ғасырлар бойғы 
адамзаттың арманының ақиқатқа айналғанын дәлелдейтін бейнелер. 
Осы шығармалар арқылы түйгеніміз, адам тек өз қара басының қамы 
үшін ғана емес, бақытты өмір сүрсем деген қарапайым тілегінің, 
талабының арқасында елі, жері, табиғаты, жарық дүние мен бүкіл 
әлем тағыдыры жайлы тереңнен ойланатынына көзіміз жетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Мүрсәлім Б. Қоғамдық стиль мен даралық стиль. / Жинақ. 
Академик З. Ахметов ғылыми мұрасы және қазақ әдебиеттану 
мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция 
материалдары. – Алматы. Үш қиян, 2003. –365 б. 
2 Букетов Е. Көкейкесті. 1-ші кітап. – Алматы: Қазақстан, 
2000. –265 б.
3 Қаратаев М. Социалистік реализмнің қазақ прозасында 
қалыптасуы. – Алматы: Жазушы, 1965.-236 б.
4 Қабдолов З. Арна. – Алматы: Мектеп, 1988. –208 б.
5 Әдебиеттану терминдер сөздігі. / Құрастырушылар: 
З.Ахметов, Т. Шаңбай. – Семей-Новосибирск. Тайлер-Пресс. 2006. 
– 398 б.
6 Букетов Е. Жас Қаныш. – Алматы: Қазақстан, 1999. –170 б.
7 Букетов Е. Алты хат. – Алматы: Жалын, 1996. –186 б.


390
391


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет