Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет26/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Бұл көрсеткіштер топырақ түріне, ортаның қышқылдығына және 
тағы басқа қасиеттерге байлансты өзгеріп отырады [3, 186 б.].
Қазіргі уақытта топырақ жамылғысының ауыр металдармен 
лaстануы маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 
Топырақта олар әртүрлі химиялық формаларда болады және 
химиялық өзара әрекеттесу, ұтқырлық, биологиялық қол жетімділік 
және ықтимал уыттылық тұрғысынан әртүрлі физикалық және 
химиялық қасиеттерге ие. Топырақ ауыр металдардың суға, 
өсімдіктерге, жануарлар мен адамдар организмдеріне түсуін 
шектейтін тосқауылдың бір түрі болып табылады [5, 102 б.]. Ауыр 
металдар қазірдің өзінде пестицидтерден төмен және көміртегі 
диоксиді мен күкірт сияқты танымал ластаушы заттaрдан едәуір 
озып, қауіптілік деңгейі бойынша екінші орында. Болашақта олар 
атом электр станцияларының қалдықтары мен қатты қалдықтардан 
гөрі қауіпті болуы мүмкін. Ауыр металдармен ластану оларды 
өнеркәсіптік өндірісте кеңінен қолданумен байланысты. Тазалаудың 
жетілмеген жүйелеріне байланысты ауыр металдар қоршаған ортаға, 
оның ішінде топыраққа еніп, оны ластайды және уландырады. 
Ауыр мeталдар арнайы ластаушы заттарға жатады, оларды бақылау 
барлық ортада міндетті болып табылады [6, 6 б.].
Топырақ жамылғысы Жeрдің маңызды бөлігі болып табылады. 
Биосферада өтетін барлық үрдістер топырақпен тығыз байланысты. 
Қазіргі уақытта еліміздің көптеген аймақтарындағы 
экологиялық жағдай сын көтермейді. Әсіресе өндіріс ошақтары 
тығыз орналасқан аудандардың жағдайы ғалымдардың назараныда, 
себебі ондай аудандарға ластағыштар кешенді түрде әсер етеді. 
Мәселең, топыраққа әртүрлі химиялық қосылыстар, ауыр 
металдар түседі. Ластану біріншіден, адам денсаулығына өз әсерін 
тигізіп, қан айналымы мен тыныс алу жүйесінің ауруларына 
түрлі аллергиялардың көбеюіне тікелей әсер етеді. Екіншіден
қоршаған орта компоненттеріне орны толмас зиян келтіреді. Ауыр 
металдардың фауна мен флора құрамына түсуі, қоршаған үлкен 
зардап тигізеді.
Қоршаған ортаға ауыр металдардың түсу қаупі органикалық 
ластағыштардан айырмашылығы, олар жойылмайды, бірақ 
бір формадан eкіншісіне ауысады, атап айтқанда тұздардың, 
оксидтердің және органометалл қосылыстарының құрамына кіреді 
[4, 135 б.].
Ғалымдардың мәліметтері бойынша түсті металл балқыту 
зауыттарынан жыл сайын қоршаған ортаға – 154650 т мыс, 121500 
т мырыш, 89000 т корғасын, 12000 т никель. 765 т кобальт, 1500 т 
молибден, 30,5 т сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 
1600 т сынап, 3600 т қорғасын, 2100 т мыс, 700 т мырыш, 3700 т 
никель және автокөлік газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді. 
Ал Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі 
бойынша ауаның ластануының 70 %-дан көбі автокөліктердің,
11 %-дай жылу-электр орталыктарының үлесіне тиеді [3, 186 б.]. 
Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігіне зерттеу жүргізген
Е. Н. Артамонова, Е. П. Евлампиева, Ж. С. Касымова сияқты 
ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша 
Павлодар қаласының топырақтарындағы мырыштың (Zn) жалпы 
құрамы (мг/кг) 43,2-ден 547,8-ге дейін; Кадмийдің (Cd) – 0,36-дан 
9,33-ке дейін; Қорғасын (Pb) – 17,9-дан 199,6-ға дейін; Мыс (Cu) 
– 18,4-тен 150,2-ге дейін өзгереді. Қала топырағының ең басым 
ластаушысы Cd болып табылады. Пaвлодар қаласының барлық 
аумағының Zn топырағы ластануының орташа жиынтық көрсеткіші 
16,1 құрайды және ластанудың орташа деңгейін сипаттайды. 
Топырақтағы Zn, Cd, Pb, Cu ең жоғары концентрациясы Шығыс 
өндірістік аймағына тән. Бұл аймақта aлюминий зауыты мен ЖЭО 
орналасқан, олар жылына ластаушы заттардың жалпы санының 
90%-на дейін шығарылады. Солтүстік өндірістік аймақта топырақта 
Zn максималды мөлшері бар. Бұл аумақта мұнай өңдеу және химия, 
трактор зауыттары және 2 ЖЭО жұмыс істейді [7, 791 б.].
Әрине, топырақтың ауыр металдармен ластануы шешуді талап 
ететін күрделі мәселе болып табылады. Топырақтың ластануы аумақ 
бойынша біркелкі емес таралады. Оған қоса өндірістік аймақтар 
маңында топырақтағы ауыр металдар көптеп шоғырланады. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Горбылева, А.И. Почвоведение : учеб. Пособие / А.И. 
Горбылева, В.Б. Воробьев, Е.И. Петровский ; под ред. А.И. 
Горбылевой. – 2-е изд., перераб. – Минск : Новое знание ; М. : 
ИНФРА-М, 2014. – 400 с., [2] л. Ил. : ил. – (Высшее образование: 
Бакалавриат). – С. 8.
2 Тайжанов Ш.Т. Топырақтану. Оқу құралы (1-бөлім). – 
Павлодар, 2002.-б . – Б. 10-12.
3 Бөрібай Э.С. Қоршаған орта мониторингі: Оқу құралы. – 
Алматы: Экономика, 2013. – 256 бет. – Б. 185-186.


50
51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет