ВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ВОЕННОМ ОБРАЗОВАНИИ
ISSN –2617- 6319 ҚӘӘИ ХАБАРШЫСЫ №3 (51), 2022
64
ші параллельдің солтүстігінде кеңестік аймақ, ал оңтүстігінде америкалық
аймағы орын тепті.
Зерттеу әдістері
Зерттеудің дереккөзі ретінде декларациялар, келісім-шарттар, шетелдік
және отандық зерттеулер негізге алынды. Дереккөздер кешеніне сыни және
салыстырмалы талдаулар жасалынды.
Сонымен қатар, гуманитарлық білім мен ғылымның негізгі әдістері
мен тәсілдері мақаланың қойылған мқсатына жетуге көмектесетін ғылыми
құралдар жүйесі кеңінен қолданылды.
Негізі бөлім
Кейін 1950 жылы бүкіл Корей түбегін иемдену үшін соғыс басталып
кетті. Бұл қақтығыста елдің оңтүстік аймағына БҰҰ туы астында 15
мемлекеттен тұратын коалицияны басқарған Америка Құрама Штаттары, ал
солтүстік аймаққа кеңестік әуе бөлімшелері мен қытайлық еріктілер қолдау
көрсетті. Соғыс 1953 жылы әлі күнге дейін өз күшін сақтап келе жатқан
бітіммен аяқталды [2].
Сол уақыттан бері аталған бейбіт бітіммен негізделген Корей
түбегіндегі жағдай түрлі оқиғалармен қатар жалғасып келеді. Бірде екі тарап
ортақ келісімге қол жеткізіп жатса, енді бірде өзара түсініспеушілікті
арттыратын жағдайларды бастан кешіруде.
Алдымен қос Корея арасындағы диалогтың бүгінге дейінгі ең жарқын
сәттеріне тоқталуды жөн санаймын. Бұлардың ішінде президент Ким Дэ
Чжунның (1998-2003) «күн жылуы» саясатын ерекше бөліп көрсетуге
болады. Бұл саясат алдыңғы жобалардың тәжірибесін, сондай-ақ әлемдегі
және Кореядағы жаңа шындықтарды ескере білді. Ол Корей түбегінің
мәселелерін корейаралық диалог шеңберіне қайтаруға бағытталды. Бұл
саясаттың айрықша ерекшелігі қайшылықтары барынша айқын көрінетін
Солтүстік пен Оңтүстіктің бірігуі мәселесін қозғамағандығы болды. Оның
үстіне, президент Ким Дэ Чжунның бағдарламасында ешқандай алғышарт
болған жоқ. Ол икемді әрі болашақта түбекте туындауы мүмкін әртүрлі
жағдайларға бейім көрінді.
Жаңа ғасыр қарсаңындағы Кореядағы басты оқиға 2000 жылы 13-15
маусым аралығында Пхеньянда өткен Солтүстік және Оңтүстік Корея
басшыларының алғашқы саммиті болды. Корея Республикасының
Президенті Ким Дэ Чжун мен Корей Халық Демократиялық
Республикасының Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы Ким Чен
Ирдің кездесуінің тарихи маңыздылығы оның Солтүстік пен Оңтүстік
Кореяның бөлек өмір сүрген 55 жылында алғаш рет өтуімен тікелей
байланысты болды. Бұл кездесу екі жақтың арасында айтарлықтай үлкен
өзара түсіністік пен сенім атмосферасын құруға ықпал еткені сөзсіз. Алғаш
|