9
-16-9-3+2+10+19+26+19+12+6-3-11 = +52°С;
+52°С
12
= +𝟒, 𝟑°С
2-ші қадам: Температураның жылдық амплитудасын табу үшін жыл
ішіндегі ең жоғарғы температурадан, ең төменгі температураны азайтамыз.
Ең жоғарғы температура +26°С, ең төменгі температура -16°С
26-(-16) =
42°С
Жауабы:
Орташа жылдық температура
+4,3°С-қа тең, ал температураның
жылдық амплитудасы
42°С -қа тең.
§2.3. Жергілікті жердің ылғалдану коэффициентін анықтау
Ылғалдану коэффициенті дегеніміз – жергілікті
жерге жауған жауын-
шашынның сол жердің буланушылық деңгейіне қатынасы.
К=
жылдық жауын−шашын
буланушылық
;
Осы формуланы түрлендіру арқылы жылдық жауын-шашынды,
буланушылықты табу формулаларын да анықтауға болады.
Буланушылық =
жылдық жауын−шашын
К
;
ал,
жылдық жауын-шашын =
Буланушылық ×
К ;
Мысалы, Жезқазған қаласының жылдық жауын-шашын мөлшері 208 мм, ал
буланушылық мөлшері 800 мм, демек ылғалдану коэффициентін табу үшін
208/800 = 0,26. Ылғалдану коэффициенті – 0,26.
Егер ылғалдану коэффициенті 1-ден көп болса, онда ылғал мөлшері
шектен
тыс көп дегенді білдіреді.
Бұндай жағдай тундра, орманды тундра, тайга
табиғат зоналарына тән болып келеді.
Егер ылғалдану коэффициенті 1-ге
жуық болса,
онда ылғал мөлшері
Достарыңызбен бөлісу: