3
Мысал: Атаулы масштаб 1 см = 100 м.
Осы атаулы масштабты сандық
масштабқа айналдыр.
Шешу жолы:
Карта бетіндегі 1 см жер бетіндегі 100 м-ге тең. Демек, жер
беті қағаз бетіне 10 000 есе кішірейтіліп түсірілген, себебі, 100 м-де 10 000 см
бар.
Жауабы:
Сандық масштаб 1:10 000
Карталар масштаб
өлшеміне қарай 3-ке бөлінеді:
1)
ұсақ масштабты: 1:1 000 000 және одан да ұсақ;
2)
орта масштабты: 1: 100 000 – 1:1 000 000 аралығы;
3)
ірі масштабты: 1:100 000 және одан да ірі.
§1.2. Географиялық координаталар (бойлықтар мен ендіктер)
бойынша жер бетіндегі арақашықтықты есептеу
Жер бетіндегі кез-келген нүктенің орнын табу үшін
географиялық
координаталар қолданылады. Географиялық
координаталарға ендік пен
бойлықтар жатады.
Географиялық ендік – Жер бетіндегі белгілі бір нүктенің экватордан
градус есебімен алынған қашықтығы.
Географиялық бойлық – Жер бетіндегі белгілі бір нүктенің 0-дік
меридианнан градус есебімен алынған қашықтығы.
Достарыңызбен бөлісу: