Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Таразылардың тҥрлері, жҧмыс істеу әдісі және қҧрылысы



Pdf көрінісі
бет37/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

7.2. Таразылардың тҥрлері, жҧмыс істеу әдісі және қҧрылысы 
Жүктерді ӛлшеу үшін механикалық (рычагты, серіппелі) және электр 
механикалық (электрондық) таразылар қолданылады. 
Механикалық таразылардың қолданыстағы түрлерінің негізін бірінші және 
екінші қатардағы рычагтар – рычагты механизм құрайды. 
Салмақты қабылдайтын және ӛткізетін иін кӛбейтіндісінің қатынасы 
(немесе рычаг иінінің ӛткізу қатынасы) таразылардың маңызды сипаттамасы 
болып табылады, ол 5-тен 500-ге дейін және одан да кӛп болады. 
Электр механикалық (электрондық) таразылар – түрлендіргіш түріндегі 
теңестіргіш құрылғысы бар таразылар, мұнда ауырлық күші электр сигналына 
айналады. 
Таразылар орнықты және қозғалысты жүктерді ӛлшейтін таразылар болып 
екі топқа бӛлінеді. Мемлекеттік стандартқа ГОСТ-29329-92 сәйкес орнықты 
жүктерді ӛлшейтін таразылар қолдану саласына, орнатылу әдісіне, жүк 
салынатын, теңестірілетін және есептегіш құрылғыларының түріне, тепе-теңдікті 
орнату әдісіне қарай әр түрге бӛлінеді. 
Қолданылу салаларына қарай таразылар вагондық, автомобильдік, 
тауарлық, элеваторлық, крандық, вагонеткалық, монорельстік және т.с.с. 
таразыларға бӛлінеді. Пайдалану орнына орналастыру әдісіне қарай таразылар 
теліме (встроенные), ойып орнатылған (врезные), жылжымалы, едендік, аспалы, 
тұрақты, үстел үсті таразыларына бӛлінеді. 
Салмақ қабылдау құрылғысының түріне қарай таразылар платформалық, 
бункерлік, монорельстік, ожаулы, конвейерлі, ілмекті таразыларға жіктеледі. 
Тепе-теңдікті орнату әдісіне қарай таразылар автоматты, жартылай автоматты 
және автоматсыз теңестірілетін таразыларға, ал есептегіш құрылғысының түріне қарай 
– аналогты және дискретті есептегіш құрылғылы таразыларға бӛлінеді. 
Теміржолмен тасымалданатын жүктерді ӛлшеу үшін таразылардың 
мынадай түрлері қолданылады: тұрақты вагон таразысы (ең кӛп ӛлшеу шегі 150, 
200 т); электрондық вагон таразысы (200 т); тауарлық ойып отырылған таразы (2, 
3, 5 т), тауарлық жылжымалы таразы (0,1; 0,2; 0,5; 0,6; 1; 2; 3 т); элеваторлық 
бункерлік (ожаулы) таразы (5, 10, 20 т); элеваторлық автоматты мӛлшерлегіш 
таразы (0,5; 1; 2 т). Жалпы жұрт пайдаланатын орындарда ең кӛп ӛлшейтін 
салмағы 10, 15, 30, 40 және 60 т болатын автомобильдік таразылар орнатылады. 


50 
Вагон таразылары ӛздері тиелген вагондарымен қоса үйінді, ақтармалы 
және басқа жүктерді ӛлшеуге арналған. Жүк кӛтерімділігі 150 т вагондық 
таразылар (7.1-сурет) мынадай негізгі үш бӛліктен тұрады: платформа, оған рельс 
жолы (1) тӛселген; рычагты механизм, қазаншұңқырда (10) орналасқан, 
циферблатты кӛрсеткіш (13), таразы күркесінде орналасқан. 
Платформа ӛлшенетін вагонның салмағын кӛлденең тірек арқалықтар – 
балкалар (2) және тік тіреулер (3) арқылы тірек колонналарға (4) ілінген екінші 
қатардағы жүк кӛтергіш рычагтарға (5), ал олар арқылы екінші қатардағы бойлық 
рычагтарға (6) береді. Екінші қатардың бойлық рычагтары бірінші қатардың 
бойлық рычагтарына (7) әсер етеді. Салмақ бірінші қатардың кӛлденең 
рычагтарының (8) жалғастырушы тартқыштарымен (12) тік тартқыш (11) арқылы 
кӛрсеткіштің механизміне (13) беріледі, оның тілі жүктің массасын кӛрсетеді. 
Рычагты механизмнің тірек колонналары іргетастың шомбал жастықшаларына (9) 
орнатылады. Рычагты механизмнің жалпы беріліс саны 2000. 
Ең кӛп ӛлшеу салмағы 150 т болатын таразыларда тӛрт және алты осьті 
вагондарды, ал 200 тонналық таразыларда – тӛрт, алты және сегіз осьті 
вагондарды ӛлшейді. Бұл таразылардың екі платформасы болады – ұзындығы 15,5 
м үлкен және ұзындығы 3,7 м кішкене платформа. Тӛрт немесе алты осьті 
вагондарды ӛлшеуде кіші платформаны ажыратып қояды; сегіз осьті вагондарды 
екі платформада ӛлшейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет