«
Бір минут»
Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша
тоқтаусыз, қайталаусыз және қатесіз сөйлейді.
«
Бір сөйлеммен түйіндеу»
Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір
сөйлем жазады.
Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және
т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай
алады, немесе көшіріп жазады, т.б.
«
Венн диаграммасы»
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін
нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан
жерге екеуіне ортақ
сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға
салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау
операциясын меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: