Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет5/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

«Арқаға жазылған комплименттер» 
Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 
форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-
бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі 
мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-
біріне жазылған комплименттерді оқып береді. 
 
«
Арқаға массаж жасау» 
Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға 
бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының 
арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, 
қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды. 
 
«Арқаға сурет салу» 
 
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа 
бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында
тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, 
алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған 
оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін 
саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның 
арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. 
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына 
салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. 
 
 
 
«
Артығын алып таста» 
 
Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен 
байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты 
емес екенін анықтауы керек. 
 



«Ассоциативті қатар» 
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. 
Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін 
жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір 
қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған 
сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ертегі, 
«Қобыланды батыр», кейіпкерлері, жыр, оқу, Тайбурыл.... 
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған 
ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін 
логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың 
қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай 
жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі 
субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға 
мүмкіндік береді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет