Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет95/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

 
«Табыстылық ассоциясы»
 
Оқушылардың әрқайсысында «табыс» сөзімен байланысты өзіндік 
пікірлері бар екенін ескеріп, «табыс» сөзімен 1 минуттың ішінде топ ішінде 
қабылданған жалпы анықтама беру талап етіледі. Мысалы, 1, 4-топ – – зат 
есімдерден тұратын сөздер, 2, 5-топ сын есімдерден, 3, 6-топ – етістіктерден 
тұратын сөздер ойлайды. Топтардың сөздері талқыланып, «табыс» сөзінің 
формуласы тұжырымдалады. 
«Табыс баспалдағы» 
 
Оқушылар алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған 
баспалдаққа стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстырады.  
 
«
Табысты тыңдаушыларды дамытуға арналған оқыту әдіс-тәсілдері» 
 
 Оқушылар жаттығуды бастамас бұрын, олардың бұған дейінгі білімдерін 
жандандыру арқылы дайындаңыз. 
110 


 Нақты тақырып беріңіз немесе тыңдалымды құрылымдаңыз. 
 Есеп берудің нақты әдіс-тәсілдерін пайдаланыңыз, мысалы, әртүрлі 
жолдарментоптастыру (мысалы, Джигсо, өкіл, кемпірқосақ). Бұл жоспарлы 
әңгіме және ауызша мазмұндауға жол ашады, соның нәтижесінде жазбаша 
жұмыстың нәтижесі жақсарады. 
 Көптеген жаттығулар сабақтың қысқа бөліктеріне тамаша сай келеді, 
мысалы, ширату жаттығулары. 
 Тиісті ақпаратты немесе салалық тілдің нақты бір ерекшеліктерін естіген 
кезде оқушылардан дене қимылымен жауап беруді сұраңыз, мысалы, қол 
көтеру, орнынан тұру. 
 Оқушыларды 1-ден ...-ге дейін нөмірлеу арқылы бірлесе жазба жазуды 
ұйымдастырыңыз. 1 нөмірлі оқушылардың барлығынан ақпаратты тыңдап, 
кейбір элементтерін жазуды, 2 нөмірлі оқушылардан – басқа нәрсеге баса 
назар аударуды және т.б. сұраңыз. Топтар ақпарат жинап, оны керекті 
нысанда – ауызша немесе жазбаша ұсыну үшін пікір алмасады. 
 Оқушылардан әңгімені тыңдап, тексеруге болатын фактілерді немесе 
біреулердің пікірлерін жазып алуды/оларға жауап беруді сұраңыз. Олар өз 
шешімдерін негіздеп, кез келген күрделі мәселелерді талқылауы тиіс. 
 Оқушылардан мәтіннен негізгі сөздер немесе тіркестерді белгілі бір санын 
(және одан көп емес), мысалы алтауын тауып, жазуды сұраңыз. 6-дан артық 
болмауы тиіс екенін айқын түсіндіріңіз. 
 Оқушылардан ақпаратты диаграмма, логикалық сызба, кесте, график 
сияқты арнайы құралдың көмегімен жазуды сұраңыз (мысалы, кім, не, қайда, 
қашан, қалай және неліктен немесе себебі, салдары, әсері, орналасқан орны). 
 Мұқият тыңдауды модельдеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет