Эфиопия
1. Соғыстан кейінгі кезеңдегі елдің дамуы
2. Эфиопо-эритрейлік қатынастар. Революциялық жағдайдың
қалыптасуы.
3. 1974 жылғы революция және монархияның құлатылуы.
Модернизация жолындағы Эфиопия.
4. Эфиопия мемлекетінің құлауы. Демократиялық қоғам құру
жолындағы қадамдар.
Эфиопия (амх. және тигринья [itjoṗṗja], оромо Itoophiyaa),
ресми атауы - Эфиопия Федеративті Демократиялық Республикасы
(оромо Federaalawaa Dimokraatawaa Repabliikii Itoophiyaa) – теңізге
шығатын жолы жоқ, Шығыс Африкадағы мемлекет. Халық саны
283
бойынша Африкадағы екінші мемлекет, солтүстігінде Эритреямен,
солтүстік-шығысында
Джибутимен,
шығысында
Сомалимен,
оңтүстігінде Кениямен, солтүстік-батысында Суданмен және
оңтүстік-батысында Оңтүстік Суданмен шектеседі. Эфиопия – түрлі
халықаралық ұйымдардың ертеден мүшесі: ол Ұлттар Лигасының
мүшесі болды және БҰҰ-ның алғашқы мүшелерінің бірі болды.
Федеративті республика, этникалық бӛлінуі бойынша
құрылған 9 килилден (штаттан) және 2 ӛзін-ӛзі басқаратын қаладан
(Аддис-Абеба и Дыре-Дауа) тұрады.
Халық саны - 82,1 млн. адам (2011 ж. ақпарат, әлемде 14-ші орын).
Этникалық қҧрамы (1994 жылғы санақ бойынша): оромо -
32,1%, амхара - 30,1%, тиграи - 6,2%, сомали - 5,9%, гураге - 4,3%,
сидамо - 3,5%, уолаита - 2,4%
Эфиопия картасы
1941 жылы сәуірде Эфиопияны итальяндық фашистерден азат
етуде ӛздерінің кӛмегін пайдаланған Англия формальды тәуелсіз
мемлекетті әскери басқару режимін орнатты. Тек 1944 жылдың
соңында ғана Эфиопияға Англиямен қатынасының келісімдік
жолымен ғана босануына мүмкін болды. Эфиопияда ағылшын-
дықтардың орналасуына қарама-қарсылықты қалыптастыра отырып,
Хайле Селассие І императорлық үкіметі АҚШ-мен тығыз
байланыстар орнатты. Егер 1945 жылы Құрама Штаттар Эфиопия
үкіметінен мұнай іздеу және ӛндіруге 50 жыл мерзімге концессия
алса, ал 1951 жылы екі мемлекет достық және экономикалық
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, кейіннен ол 1953 жылы
ӛзара қорғаныс келісімімен толықтырылды. 60 ж.ж. Эфиопия үлесіне
АҚШ-ның Африка елдеріне барлық әскери «кӛмегінің» жартысына
жуығы тиесілі болды.
284
40-50 ж.ж. елде абсолюттік монархиялық биліктің нығаюының
айқын тенденциясын бейнеледі. 1955 жылы қабылданған жаңа
конституция, буржуазиялық демократия атрибуттарымен қатар,
император билігінің күштілігін айқын кӛрсетті. Императордың
әлеуметтік және саяси тірегі шіркеу, армия және полиция болды.
Эфиопия ӛз территориясында саяси партиялар мен ұйымдар
қызметіне тиым салған дүниежүзі елдерінің бірі болды.
Эфиопия феодалдық қатынастар үстемдік еткен нашар дамыған
аграрлы ел болып қала берді. Әрбір 10 эфиопиялықтың 9-ы шаруалар
сословиясына тиесілі болды. 70 ж.ж. басына қарай халықтың жан
басына шаққандағы табысы жылына 70 американдық доллардан сәл
ғана астам болды және бұл дүниежүзіндегі ең тӛмен кӛрсеткіш болды.
Шаруашылық секторға мемлекеттік капитал салымы 2-ден 6%-
ға дейін құрады. Ұлттық ішкі ӛнімнің 60%-н құраған ауыл
шаруашылығына 1%-ға дейін бюджеттік шығындар салынды.
Әлеуметтік мұқтаждыққа да мемлекеттік шығындар кӛп болған жоқ –
5-6%-н аспайды. Ел экономикасының ӛндірістік секторы ӛзіне 400-ге
жуық ірі және орта ӛнеркәсіп орындарын біріктірді.
40 ж.ж. соңынан бастап эфиопиялық биліктегілер ӛз
экономикасын қаржыландырудың сыртқы кӛздеріне жүгіне бастады.
Қаржылық «кӛмектің» артуымен бірге Эфиопияның қарызы да ӛсті.
Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін ол мүлдем болмаса, ал
соғыстан кейін ол арифметикалық прогрессия бойынша ӛсті.
Мемлекеттік бюджеттің 30% шығындық бӛлігі сыртқы қарызды
жабуға кетті.
Эфиопия толығымен дерлік сауатсыздық орын алған ел болды.
Ел халқының 90%-дан астамы оқи да, жаза да алмады. Алайда
абсолюттік монархияның құрамдас бӛлігі ретінде бюрократияға
қажеттілік билікті светтік білім беруді дамытуға белгілі бір деңгейде
назар аудартуға мәжбүрледі. 1945 жылы 19 мыңдық оқушымен 120
мемлекеттік мектеп ашылды. Алайда 50 ж.ж. басында білім саласын
сақтап тұруға жағдайы болмағандықтан үкімет 177 мемлекеттік
мектепті шіркеу қарамағына берді. 1950 жылы Аддис-Абебада
университеттік колледж құрылды, 1961 жылы Хайле Селассие І
атындағы университет деп аталды.
Императорлық билік жағдайы және халықтың ӛмірлік
жағдайының нашарлауы қоғамда келіспеушіліктер туғызды.
Еңбекшілер тобының аз санды болғанына қарамастан, ереуілдер
неғұрлым жиі болды. Олар 1947, 1949, 1954 және басқа да жылдары
ӛтті. Билеуші Хайле Селассие І режиміне қарсы күштер және билеуші
285
топтың, қарулы күштердің, білім алушы жастардың кейбір ӛкілдері
қосылды. 1960 жылы желтоқсан айында императорлық гвардияның
жоғары офицерлерімен мемлекеттік тӛңкеріс жасау әрекеті
қолданылды. Ол жүзеге асқан жоқ, бірақ елдің қоғамдық ӛміріне
революциялық ықпал етті. Армиялық күштердің императорлық
режимге қарсылықтары 1964, 1966, 1969 ж.ж. қайталанды. 60 ж.ж.
соңында армияда жасырын саяси үйірмелер қалыптаса бастады, оның
мүшелері билеуші режимді құлату мақсатын қойды. Ол кезге қарай
Эфиопия қарулы күштерінің саны 45 мың адамға жетті.
Жастар және студенттер қозғалысы жанданды. Ӛзінің алғашқы
белсенділігін ол 1960 жылы желтоқсан айында кӛрсетті. Эфиопиялық
желтоқсаншыларды қолдау белгісі ретінде аддис-абебалық колледжде
білім
алушылар
«Біздің
мақсатымыз
–
еркіндік,
теңдік,
ағайындылық!» ұранымен шықты. 60 ж.ж. басына қарай елдегі
студенттер 1 мың адамға жуық болды. 15 жыл ӛткен соң олардың
саны он есе артты.
Эфиопиялық ӛмірге тән тұрақты құбылыс шаруалар, әсіресе
жерсіз, толқуы болды. Тыграй, Уолло, Сидамо және т.б.
провинцияларда шаруалар ерекше белсенділік танытты. 1968 жылы
Годжам провинциясында басталған шаруалар толқуы жылдан астам
уақытқа созылды. Ӛзінің аграрлық ресурстарын шаруашылық
қолдану жағдайында барлық Африканы қамтмасыз ету мүмкіндігі
болған елде 70 ж.ж. басында аштықтан 300 мыңнан астам адам ӛлді.
Биліктегілер қоғамнан елге тӛніп келе жатырған қауіпті жасыру үшін
қолынан келгенінің барлығын жасады.
70 ж.ж. басында жағдай императорлық үкімет бақылауынан
шыға бастады. Феодалдық-монархиялық режимге қарсылық
халықтың неғұрлым ауқымды тобын қамтыды. 1974 жылы 18 ақпанда
Аддис-Абебада мұғалімдердің, такси, автобус жүргізушілерінің
ереуілдері ӛтті. 28 ақпанда армиялық бӛлімшелер императорға ӛз
талаптарының тізімін ұсынды. Онда үкіметтің отставкаға кетуі,
конститутцияны қайта қарау, елдегі кедейшілік ӛмірге кінәлілерді
жазалау жарияланды. 7 наурызда ел тарихындағы тұңғыш жалпы
халықтық ереуіл басталды. Оған 100 мыңнан астам адам қатысты.
Революцияның жалпы ұлттық орталығы 1974 жылы маусымда
құрылған, тӛрағасы болып бірауыздан (98%) Менгисту Хайле Мариам
сайланған қарулы күштердің, полицияның және территориялық
армияның Үйлестіруші комитеті (ҚҚҮК) болды. ҚҚҮК елді
феодализмнен, кедейшілік пен тәртіпсіздіктен арылту ұмтылысын
білдірді. Халықтың барлық тобының қолдауына ие болған ҚҚҮК
радикалды қадамдар жасады. Ол Хайле Селассиені биліктен
аластатуға шешім қабылдады. 1974 жылы 12 қыркүйекте император
286
ығыстырылды, 1955 жылғы конституция қызметі тоқтатылды, үкімет
және парламент таратылды. Барлық билік бірнеше күннен кейін
Уақытша әскери әкімшілік кеңес (УӘӘК) болып қайта құрылған
ҚҚҮК қолына кӛшті. Кӛтеріліске шыққан халықтың қыркүйек жеңісі
Эфиопия үшін қайта құруларға жол ашты.
Хайле Селассие І құлатылуынан кейінгі Эфиопияның дамуы
жалпы демократиялық және әлеуметтік міндеттерді шешумен
сипатталды. Алғашқылары 1974 жылдың қыркүйегінен 1979 жылдың
қаңтары аралығында; екіншілері – 1979 жылдың ақпанынан 1984
жылдың қыркүйегі аралығында жүзеге асты. 1974 жылы УӘӘК
жариялаған құжат бойынша ел – Социалистік Эфиопия ресми атауына
ие болады.
ҚҚҮК-нің негізгі қызметі 1974 жылғы 20 желтоқсандағы саяси
бағдарлама және 1975 жылғы 7 ақпандағы Социалистік Эфиопия
экономикалық саясатының Декларациясы болды. Уақытша үкімет
ӛндірістің негізгі құралдарын ұлттандыруды жүзеге асыруға кірісті.
Радикалды аграрлық реформа ӛткізу басталды. Менгисту Хайле
Мариам басшылығындағы УӘӘК жетекшілеріне тәжірибелік
әрекеттерінің бастапқы кезінен-ақ азаттық қозғалысының оңшыл,
сондай-ақ солшыл күштерінің қарсылығымен күресуге тура келді.
1978 жылы ақпан-наурыз айларында революциялық үкімет кӛршілес
Сомали мемлекеті тарапынан қарулы агрессияны бейнелеуге мәжбүр
болды. Федералдық үкімет үшін ауыр жағдай Эритреяда қалыптасты.
Қызмет еткен ЭБФ-на 1970 жылдан бастап Эритреяны азат етудің
Халықтық майданы (ЭАХМ) қосылды. Бұл майдандар Эритреяны
Эфиопиядан бӛлу үшін күресті.
Бұл кезеңде УӘӘК Эфиопияның социалистік даму бағытын
жариялады. Бұл бағыт 1976 жылы 20 сәуірде ұлттық-демократиялық
революция Бағдарламасында қалыптасты. 1984 жылы қыркүйек
айында
марксизм-ленинизм
принциптері
негізінде
Эфиопия
Жұмысшы партиясы (ЭЖП) құрылды. Революциялық даму жылдары
Эфиопияда үлкен ӛзгерістер жүрді. Бірақ шешілмеген мәселелер де аз
болған жоқ.
1989 жылы оппозициялық күштер эфиопиялық халықтардың
Революциялық-демократиялық майданын (ЭХРДМ) құрды. Біріккен
қарулы қарсылықтар Менгисту Хайле Мариам орталық үкіметінің
күйреуіне бастама болды. Сепаратистердің әскери үстемділігі
неғұрлым айқын бола түсті, оқиғаның ӛзі үшін сәтсіз
аяқталатындығын күтпестен мемлекет басшысы Менгисту Хайле
Мариам елді тастап кетті. Бұл 1991 жылы кӛктемде болды. Елдің
«ӛтпелі» кезеңдегі жаңа уақытша президенті болып ЭХРДМ
жетекшісі Мелес Зинауи жарияланды.
287
1994 жылы желтоқсанда елдің федералдық конституциясы
қабылданды. Федерацияның барлық субъектілеріне бӛлінуге дейін
автономдық құқық берілді. Бӛліну құқығын қолданған Эритреяны
азат етудің Халықтық майданы ғана болды. Бірақ толық тәуелсіздік
туралы хабарландыру территория статусы туралы референдум
ӛткізгенге дейін екі жылға кейінге қалдырылды. Референдум 1998
жылы сәуір айында ӛтті. Оған қатысушылардың 99,8%-ы ӛздерінің
тәуелсіз мемлекеттерін құру үшін дауыс берді. Тәуелсіз Эритрея
президенті ЭАХМ кӛсемі Исаяс Афеворк болды. Екі мемлекетті
конфедеративті негізде біріктіру мүмкіндігі туралы да келісімділікке
қол жеткізілді. Алайда 1998 жылы мамыр айында екі мемлекет
арасында қарулы шиеленіс орын алды. Ауыспалы жетістіктермен
күрес 2000 жылдың маусым айына дейін жалғасты. 2000 жылы
маусым айында Эфиопия және Эритрея келісушілік туралы келісімге
қол қоюға шешті.
Ӛтпелі кезеңнің аяқталуына қарай Эфиопия капиталистік даму
жолына орныға бастады. ХВҚ және Дүниежүзілік банк Эпиопия
қарызының жартысын қысқартты, бірақ жаңа несиелендіру елді Батыс
елдерінен тікелей тәуелділікке түсірді.
Менгияту Хайле Мариам режимінің құлатылуынан кейін жаңа
үкімет ӛтпелі кезең Хартиясын қабылдады. Кӛп ұзамай Эфиопия жаңа
конституциясын талқылау ӛтті, оған 19 млн.ға жуық адам қатысты.
1994 жылы желтоқсан айында конституциялық ассамблеяға сайлау
ӛтті. Жоғары позицияны ЭХДРМ иеленді. Елде жеке кәсіпкерлікті
дамыту үшін жағдай қалыптасты.
Жаңа конституцияға сәйкес, ел Эфиопия Федеративтік
Демократиялық Республикасы (ЭФДР) деп атала бастады. Федерация
субъектілеріндегі заң шығару билігі жергілікті парламенттермен, ал
жалпы мемлекеттік деңгейде – екі палатадан – халық ӛкілдерінің
Кеңесі және Федерация Кеңесінен тұратын федералдық парламентпен
жүзеге асырылды. 1995 жылы мамырда парламент сайлауы ӛтіп, онда
ЭХРДМ жеңіске жетті. Нақты билік премьер-министр Мелес Зенауи
қолына кӛшті.
Экспорт – 2008 жылы 1,6 млрд.доллар – кофе, алтын, былғары
бұйымдар, ірі қара мал. Негізгі сатып алушылар – Германия 11,8%,
Сауд Аравиясы 8,7%, Нидерланды 8,6%, АҚШ 8,1%, Швейцария
7,7%, Италия 6,1%, Қытай 6%, Судан 5,5%, Жапония 4,4%.
Импорт – 2008 жылы 7,2 млрд.доллар – азық-түлік, мұнай
ӛнімдері, ӛнеркәсіп тауарлары, транспорттық құралдар. Негізгі
тасымалдаушылар – Қытай 16,3%, Сауд Аравиясы 12%, Үндістан
8,7%, Италия 6%, Жапония 4,9%, АҚШ 4,5%.
288
Достарыңызбен бөлісу: |