Лекция 1 Өсімдіктер экологиясының Ғылым ретінде қалыптасу тарихы. ӨСімдіктер экологиясы пәНІ


Экологиялық факторлардың әсер ету заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата12.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469441
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы

 
Экологиялық факторлардың әсер ету заңдылықтары. 
Экологиялық факторлардың организмге əсер етуі мен оған организмнің 
реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың 
бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал, басқа факторлар оның 
қалыпты тіршілігіне кері əсерін тигізеді. Яғни, əрбір организмге əсер ететін 
факторлардың төменгі жəне жоғарғы шегі болады жəне бір фактор шешуші 
роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химігі Ю.Либих (1948ж) ашқан. Оны
“Минимум заңы” дейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. 
Өйткені, организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып мол 
өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген 
ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік (толерантность) заңы В. 
Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізгі организмдердің факторларға 
деген талғамының шектелуі. Кез-келген организмнің төзімділік шегі болады. 
Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды. Мəселен, 
қатты қуаңшылық жылдары өсімдіктердің құрып кетуі. Организмдердің 
төзімділік шегін білудің практикалық маңызы бар. Əсіресе, өсімдіктерді 
жерсіндіру жұмыстарында төзімділік заңының негізгі тəртіптері ескерілді. 
Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар 
жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. 
Керісінше қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра 
береді. Организмдердің бұл тобын эврибиянтты түрлер дейді.
Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. 
Оларды біз стенобионтты организмдер дейміз. Стенобионтты организмдер 
дің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор абиотикалық немесе 
биотикалық болуы м‰мкін. 
Факторлардың организмдерге әсерінің біртекті болмауы биологиялық 
көп т‰рлілігіне әсер етумен бірге олардың географиялық белдеулер және 
табиғат белдеулері бойынша таралуына да әсер етеді. Нәтижесінде
табиғаттың әр т‰рлі ландшафтарында микроорганизмдер, жануарлармен 
өсімдіктердің белгілі бір бірегей жиынтығы ортақ жағдайда тіршілік етеді.


Экологиялық факторлардың организмдерге тікелей немесе жанама әсер 
етуі олардың белгілі бір биотопқа бейімделген тіршілік формаларын 
қалыптастырады. Организмдерді экологиялық тұрғыдан жіктеу негізінен 
толық бір ж‰йеге келтірілмеген. Сондықтан, біз организмдердің тіршілік 
формаларын жіктеуде олардың тіршілік ортасын негізге аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет