– Айгүл Жексенбайқызы, жалпы, киізден бұйымдар жасау қайдан ойыңызға келді? – Бұл кәсіп, менің бойыма ата-бабаларымнан дарыса керек. Ары бармай-
ақ, берідегі әкемнің әкесі аңшылық өнермен қатар, ағаштан ойып-қашап, қазақы
дүниелер жасаған екен. Ал, әжеміздің аң-құстың терісінен ішік жасап, киіз басып
отырып әнге салатын сәттері әлі күнге дейін көз алдымда. Ес кіргелі бері
танып-білген киізді заттарды жинау – хоббиіме, хоббиім – менің өмірлік жобама
айналды. – Сіздер дайындайтын өнімге қаншалықты сұраныс түсуде? Көбінесе, қандай бұйымдарға қызығады? – Қазіргі таңда киізден дайындалатын өнімдерге сұраныс өте көп.
Алғашқы кездері халыққа қажетті деген бұйымдарды жасап, мекемелерге, ауыл-
аймақтарға жарнамалаған едік. Енді, біздің өнімді өздері іздей бастады. Өйткені,
шеберханамыздағы киізден жасалатын заттардың еш зияны жоқ, сапасы да
жоғары. – Компанияда неше адам жұмыс жасайды? – Бүгінде жеке кәсіпкер ретінде компаниямызда 15 адам жұмыс жасайды.
Негізінде, 13 жыл ішінде 250 келіншекті осы өнерге баулыппын. Осы күнге дейін
олармен бірлесе жұмыс жасап, біршама жетістіктерге жеттік. – Сұхбатыңызға рахмет. Ұлттық брендіміздің ең үздік үлгісі болыңыздар! Сұхбаттасқан Мөлдір Нұртай.
Ә мәтіні
Ақпараттық хабарлама ҚР Ұлттық мұражайында 18-мамыр күні Халықаралық мұражай күніне
орай, «Мұражайдағы түн» акциясы өтеді. Акция барысында Ұлттық мұражай
қонақтары үшін көне әрі қазіргі Қазақстанның тарихы және мәдениетімен
таныстыратын барлық залдарға тегін экскурсиялар ұйымдастырылады. Сондай-
ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама
ұсынылады. Мерекелік шара лазерлік шоумен аяқталады.
Ұйымдастырушы: Ұлттық мұражайдың ақпараттық қызметі.
А мәтіні
Ә мәтіні
Стильдері
Ерекшеліктері
[5]
2. Екі мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды көрсетіңіз.
А мәтіні
Ә мәтіні
Не туралы?
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
[5]