37
ғибадат
етушілер ашты, себебі дін тәрбие беру идеалының
тасымалдаушысы болды. Содан кейін әртүрлі үлгідегі мектептер
ашылды, олар оқытудың мазмұны және әдістемесімен
ерекшеленді. Ежелгі мектептерде оқыту мазмұны кеңінен
ұсынылды: оқу және жазу сауаттылығы, математика, музыка,
этика, салт жоралары, дене жаттығулары, поэтика, логика және
басқалар.
Оқытудың сипаты мен ауқымы оқушылардың әлеуметтік
жағдайымен
(вельможалардың,
дінбасыларының,
шенеуніктердің,
қолөнершілердің,
бақташылардың,
балықшылардың, тіпті құллардың), сондай-ақ,белгілі бір елде
болған мәдени және этникалық дәстүрлермен анықталды.
Жазғыштар, суретшілер, мұғалімдерді даярлайтын «кәсіби
бағдары» бар мектептер болды.
Тәрбиелеу және оқыту үрістерін
ұйымдастыру, олардың
мазмұны белгілі елде қалыптасқан қоғамдық жағдайлардың
ерекшеліктерімен анықталды. Педагогика тарихына Ежелгі
Грецияда антика уақытында (б.з.б. ҮІ-ІҮ ғғ.) қалыптасқан екі
тәрбие жүйесі енді:
спарталық және афиналық. Қоғамдық
жағдайларға байланысты Спарта үш жүзжылдық бойына әскери
мемлекет болды. Сондықтан спарталық жүйенің негізіне рухы
жоғары, дене бітімі дамыған, әскериі істе білгір бозбаланы
тәрбиелеу идеясы жатты. Ер жынысты адамдарды тәрбиелеу
мемлекеттің ақарамағында болды, қатаң реттеліп,
бақылауға
алынды. Қоғамдық тәбиелеу өмірінің бірінші күнінен басталды.
Жаңа туған нәрестелерді қауым ақсақалдары, қарап, әлсіз және
кем туғандарды құздан құлатқан, ал мықтыларды емізуші анаға
тапсырған.
Асыраушылар
Грециядағы
алғашқы
кәсіби
тәрбиешілер болды. Олар баланы қатал жағдайда өмір сүруге,
атап айтқанда, қараңғыдан қорықпауға, тамақ ішкенде ұстамды
болуға, ауырғанда, тоңғанда айқайламауға және жыламауға
және т.б. үйретті. 12 жылға шақталған мемлекеттік оқыту 7
жастан басталды. Ол әскери даярлық жүйесінен құралып, дене
жаттығуларын, гимнастиканы, жарыстарды, оқу жорықтарын,
үлгілі айқастарды және т.б. қамтыды.
Зияткерлік дамыту ең аз
мөлшерге бағытталды: оқу және жазу бастамалары.
Демократиялық Афинада ақылын, адамгершілік қасиеттерін,
денесін дамытуға бағытталған басқа жүйе қалыпасты.
Балаларды оқуға, жазуға, есептеуге, музыкалық аспаптарда
(кифарада, лирада) ойнауға үйретті. Баланы өнерге, мәдениетке
38
баулуға ерекше назар аударылды. Бағдарламада поэзия, би,
музыка, классикалық әдебиетті (Гомер, Эзоп, Софокл және т.б.
шығармалары) оқу органикалық үйлесті. Дене мен рухты
тәрбиелеуге гимнастикамен, жүгірумен, күреспен, дискіні,
садақты атумен айналысу, сонымен қатар,
спорт сайыстарына
қатысу ықпал етті.
Сонымен, ежелгі уақыттарда (б.з.б. кезең) адамзат
педагогикалық қызметтің, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің бай
тәжірибесін жинақтады. Ежелгі ұлы ойшылдар, философтар,
атап айтқанда, Демокрит (б.з.б. 470 немесе б.з.б. 460
шамасында), Сократ (б.з.б. 469 — 399), Платон (4 б.з.б. 27 —
348), Аристотель (б.з.б. 384—322) және т.б. адам табиғаты, оны
жетілдіру жолдары туралы ойлана отырып, оларға заманауи
болып табылған қоғамда адамгершіліктің төмендеуіне наздана
отырып, балалар мен бозбалаларды тәрбиелеу және оқыту
туралы алғашқы
педагогикалық идеяларды, ережелерді,
ұсыныстарды қалыптастырды.
Ежелгі философтардың біз үшін тарих сақтап қалған нақыл
сөздері, біздің уақытқа дейін жеткен олардың еңбектерін
педагогикалық теориялар деп әлі айтуға, ғылымның саласына
жатқызуға болмайды. Философтардың өзі педагогикаға баланы
өмір бойына жүргізу өнері ретінде қарады. Соған қарамастан,
алғашқы педагогикалық көзқарастар философия қойынауында
пайда болып, педагогика мен ғылымның бастамашылары
болғанын атап өту керек.
Орта ғасыр шіркеудің озбырлығымен, рухани өмірдің барлық
салаларында, соның ішінде білім мен тәрбие беруде,
тәрбиелеудің антикалық идеалдарынан алшақтаументарихқа
енді. Алайда Орта ғасырлар – он екі жүзжылдықтан
астам
уақытты қамтитын қомақты тарихи қабат болып табылады, ол
кезең бойында педагогикалық тәжірибеде көптеген құнды заттар
болды. Орта ғасырларда білім беру, мәдениет орталықтарының
рөлін
атқаратын
Достарыңызбен бөлісу: