А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі



Pdf көрінісі
бет29/102
Дата21.02.2023
өлшемі2.39 Mb.
#469861
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

5.Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі: 
Мәтінмен жұмыс. 
1) Осы ӛлеңде оқиға бар ма? Ақынның кӛңіл күйі сезіле ме? 
2) Ӛлеңге қанша кейіпкер қатысып отыр? 
3) Ӛлең қандай адамға, кімге арналған деп ойлайсыңдар? 
4) Шал байлығын қалай таныстырады? 
5) Осы берілген ӛлеңде қандай әдеби кӛркемдеуіш құралдар бар? 
Сӛздікпен жұмыс: 
Оқа - әшекей зат. 
Бұлды түйме – бағалы ілгек. 
Нақақ – адал, бейкүнә. 
Шекпен – түйенің жүнінен тігілген сырт киім. 
Алтын аяқ – қымбат ыдыс. 
6. Жаңа білімді және іс-әрекет амалдарын бекіту кезеңі: 
«Даңқ» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Осы ұғымға кластер 
түзіңдер. Оқушылардың «даңқ» сӛзіне жазған түсініктерін тыңдай отырып, 


57 
адамға абырой, атақ, даңқ әкелетін игілікті істер мен әрекеттерді саралап 
сабақты бекіту.
8. Үй тапсырмасын беру кезеңі. 
 
Қайталау, пысықтау типіндегі сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті пәні
5 - сынып.  
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. 
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы 
Сабақтың тақырыбы:  «Ақын қонақтар» («Абай жолы» романынан) 
Сабақтың мақсаты: Жас Абайдың ӛздері сияқты жасӛспірім 
болғанына назар аударту. Ӛнер адамдарының (Барлас, Байкӛкше) бойындағы 
ұлттық құндылықтарды бағалауды үйрету. Сӛз ӛнерінің адам тұлғасын 
қалыптастыруда ұлы күш екенін байқату.
Міндеттері: 
а) Танымдық міндет:
1. М. Әуезовтің «Абай жолы»романынан алынған үзіндісінің мазмұнын 
талдау. 
2. Мәтіндегі күрделі ұғымдар мен сӛздерді тану. 
3. Кӛркем сӛз айшықтарын тану. 
4. Авторлық ойды, идеяны ашу. 
ә) Тәрбиелік міндет: 
1. Болашақ ұлы ақынның халық ӛнерін, ауыз әдебиетіне ден қойып, 
бала кезден кісіге құрметпен қарағаныңа мән беру. 
2. Адамгершілікке, мейірімділікке, сезімталдыққа тәрбиелеу. 
б) Дамытушылық міндет: 
1. Шығармашылықты дамыту.
2. Тіл байлығын дамыту. 
3. Ӛз ойын анық, жатық жеткізуге, мәтінмен жұмыс жасай білуге 
дағдыландыру.
4. Ӛзіндік талдау, жинақтауға бейімдеу, ойын дамыту. 
5. Жеке, жұптық, ұжымдық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық таныту, 
ойын әдеби тілмен ӛрнектей білуге тӛселдіру. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, баяндау, 
мәтіннен тауып оқыту, шығармашылық, тест.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, ауыз әдебиеті 
Сабақтың кӛрнекілігі: М.Әуезов, А.Құнанбаев портреті, қанатты 
сӛздер, слайдтар, музыкалық әуен, оқулық. 
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) сынып тазалығы
ә) оқушыларды түгелдеу 
б) оқу құралдарын тексеру 
в) топқа бӛлу (3 топ) 
 
 


58 
II.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
а) Оқушылардың мәтінмен толықтай таныс екендігін байқау 
(анықтамалық сұрақтар қою арқылы). 
1.Абайдың сырт келбеті қалай суреттеледі? 
2.Абай портретін жасауда автор қандай детальдарды қолданған? 
3.Басты кейіпкерлерді атаңыз. 
4.Абайдың сырқатынан айығуына себепші болған не? 
5.Әжесі Зере Абайға қандай әңгімелер айтты? 
6.Зере қандай адам болған? 
7.Ауылға кімдер қонаққа келеді? 
8.Абайдың неге қызығушылығы оянады? 
ә) Мәтінмен жұмыс: 
Мәтіннен Абайдың портретін тауып оқытқызу; 
Мәтіннен Барлас ақынның Абайға берген батасын тауып оқытқызу. 
III. білімді жан-жақты тексеру кезеңі: 
а) мәтінге жоспар құру (топ бойынша) 
ә) тілдік талдау (түсініксіз сӛздермен жұмыс) 
Мүсін - бет әлпет, келбет, пішін; 
Рең – шырай; 
Қылаң - ақшыл, бозғыл; 
Құлан таза - әбден, мүлде; 
Сейілу - айығу, жадырау; 
Машық - әдет, дағды; 
Пейіл - ниет, ықылас; 
Қажау - мазалай беру; 
Қан базар - қалың жиын; 
Сүле науқас - созылып, айықпаған ұзақ ауру; 
Мәтіннен кӛркемдік құралдарды (теңеу, метафора, эпитет) синонимдік, 
антонимдік қатарларды табу. 
ІҮ. Оқу материалын қабылдауға даярлық кезеңі: 
а) Талдау сұрақтарын беру 
1.Ауылға келген қандай қонақтар еді? Олар кімдер? 
2.Абай Байкӛкшені алғаш рет қашан және қайдан кӛрген? 
3.Мәтіннен Абай мен Барластың диалогын тауып бер 
4.Абайға домбыраны сыйға тартқан кім? 
5.Барлас ақын қандай бата берді? Ол батаның Абай үшін маңызы 
қандай? 
6.Ұлжанның ерекше қасиетін кӛрсететін сӛздерді мәтіннен тауып оқы. 
7.Ұлжан ақындарға не үшін ризалығын білдіреді? 
8. Ақындармен қоштасардағы Ұлжан әрекетінен оның қандай адам 
екенін байқауға болады?  
9. Ақын қонақтар кеткеннен кейінгі Абайдың әрекетін баянда. 
10. Ақындардың Абайға әсері қандай болды? 
11. Мәтінге сүйене отырып кейіпкерлерге мінездеме бер (Зере, Ұлжан, 
Барлас) 


59 
VІ. Оқушылардың түсінуін тексеру, пысықтау кезеңі: 
Мәтіндегі фразеологизмдерді табу, синонимдерін, антонимдерін жазу. 
Кестемен жұмыс 
 
Фразеологизм 
Мәтіннен үзінді 
Мағынасы 
Синонимі 
Антонимі 
Пейілін беру 
Сондай шеше 
әңгімелеріне бар 
пейілін беріп 
жүрген күндерде 
Кӛңіл бӛлу 
Құлақ салу, 
қызығу 
Құлақ аспау, 
құлағына 
ілмеу 
Ішіне бүгу 
Білгенін ішіне 
бүгіп отыратын 
үлкендердей емес 
Жасыру 
Айтпау, 
бүкпелеу, 
жария етпеу 
Әлемге аян 
ету, жариялау 
Салмақ салу 
Осы жолы Абай 
шешесі арқылы 
салмақ салып 
Сұрау 
Бұйымтайы 
болу, ӛтіну, 
айту 
Тілге тиек 
етпеу, кӛңіл 
бӛлмеу 
Пішін білдіру 
Ұлжан Барласқа 
қарап, бір сӛз 
айтатындай пішін 
білдірді 
Белгі беру 
Ымдау, 
ишара 
білдіру, 
сыңай таныту 
Қасқайып 
тұру, мұрнына 
исі бару 
VIІ. Жаңа білімді және іс-әрекеттерді бекіту кезеңі: 
Тапсырма: а) Сен Абайға қандай бата берер едің? 
ә) Ата-әже, әке-шешелеріңнен қонақты шығарып саларда қандай сый-сияпат 
кӛргеніңді жаз. 
б) Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтел жаз. 
Тестпен жұмыс: 
1.Ұлжан ақын қонақтарға қандай сый берді? 
а) Шапан жапты б) астарына ат мінгізді 
2. Абай тапқан бір ермек дос: 
а) атқа отырып ел аралау б) әжесі мен шешесі 
3. Барлас кім? 
а) күй шабандозы б) әңгіме-жырдың дүкені 
4. Әңгіме мазмұнына қандай мақал-мәтел сәйкес келеді? 
а) баталы ер арымас б) Құтты қонақ келсе, қой егіз табады 
5. Әңгімеде қандай мәселе сӛз болған? 
а) ӛнер-білім алу б) сӛз ӛнерінің құдіреті 
6. Абайды ұлылыққа бастаған бұлақ? 
а) сӛз ӛнеріне деген қызығушылықтың оянуы б) әкесі Құнанбай 
VIII.Үйге тапсырма: 
Әңгімеге жоспар құру, мазмұндау, суретке қарап әңгіме құрастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет