217
дәйектеу, белгілі бір істерге жұмылдыру,
иландыру, т.б. толып жатқан
қарым-қатынас әлемі сӛйлеу әрекетіне тікелей байланысты болады.
Дұрыс сӛйлеу әрекеті адамның жеке тұлға ретіндегі қалыптасуының
белгісі, қоғамдағы табысының да критерийі. Сӛйлеу ӛмірдің барлық саласын
қамтиды десек, сӛйлеу әрекетінің жақсы дамуы – адамның рухани ӛсуінің,
кемелденуінің, қоғамның әлеуметтік және экономикалық ӛсуінің
де кілті бола
алады. Тілдік қарым-қатынаста адамның білімі, ӛзін-ӛзі ұстау мәдениеті,
тыңдау және сӛйлеу мәдениеті шешуші рӛл атқарады.
Тіл мен сӛйлеудің адамдар қарам-қатынасындағы
басты тірек екендігі
айқын. Олай болса, сӛз бен сӛйлеу күнделікті ӛміріміздегі негізгі үдеріс. Осы
үдерістің айналасында адамның ӛмір әрекеті соңына дейін жалғасып
отырады. Сол ӛмір кезеңдерінде сӛз бен сӛйлеу коммуникативтік қызметтен
ӛзге де функциялар атқарады. Ол адамның ана құрсағындағы кезеңінен,
туғанынан бастап, ӛмірінің соңына дейін психологиялық күйіне,
эмоциялық
сезіміне, сеніміне, танымына, талғамына, түсінігіне, пайымдауына, күдігіне,
күмәніне, рухына, күллі жан-дүниесіне әсер ете отырып, адамның да ӛзін
ӛсіріп, дамытып, кемелдендіреді. Таным мен талғам биігіне кӛтереді.
Логикалық ой жүйесінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Эстетикалық ләззат
береді. Тілдің, сӛз бен сӛйлеудің ең биік тұғыры — шешендік сӛз деп
танысақ, шешендіктің ӛзі дұрыс сӛйлеу әрекетінен басталады. Яғни
шешендіктің құралы — сӛз, дұрыс үйлестірілген, қиюласқан сӛз бен сӛз
жүйесі. Жүйелі сӛз жүйелі ойдан ғана туындайды. Сӛзін шашыратып жеткізе
алмайтын адамның ойы да жүйесіз, ретсіз,
шатасқан, ара жігі
ажыратылмаған, толық логикалық үдеріс түзбеген деген ұғым бар. Себебі сӛз
адам ойының жарияланған формасы. Әр сӛз бейтарап тұрып та басқа
сӛздермен бірлікте де үлкен мағына арқалап тұратынын жақсы білеміз.
Сонымен қатар сӛздің мағына жеткізуші қызметімен
қатар адамның сана-
сезіміне әсерлік күші де жоғары. К.Салықовтың «Бір ауыз сӛз» ӛлеңінде:
Достарыңызбен бөлісу: