377
мәліметтер де
растап отыр, мәселен, алғаш рет зерттеулер нәтижесінде ХVІ
ғасырдың соңы мен ХVІІ ғасырдағы Отырар мешіті аршылды.
Ӛз қҧрылысы бойынша моншаның ерте кездердегі отырарлық моншадан
еш айырмасы болмады, мҧны да зерттеушілердің нақты зерттеулерге
негізделген пікірі айқындап отыр.
Дала билеушілерінің Сырдария қалаларын иелену жолындағы қиян-кескі
кҥресі кезеңінің барысында бірінші кезекте қалалардың ӛздері зардап шекті,
бҧл кезеңде олардың әрқайсысында кҥшті бекініс жҥйесі болуға тиіс еді.
Соңғы
орта
ғасырлар
тарихшыларының
шығармаларында
қала
қабырғаларының биіктігі мен беріктігінің, орлар тереңдігінің мейлінше әдемі
суреттелетіні тегін емес. ХVІ ғасырдың
соңғы ширегіндегі Сауранның
қалалық бекіністерінің сипаттамасын жасаған сол замандағы автордың бірі
«кіретін және шығатын есіктері» бар бекіністі қорғандарды, бекіністі дуалды
(баре), орларды (хандак) атайды. «Бекіністік ор жағасының сырт жағынан
биік болғаны сонша, - деп жазады ол, - ӛзенге ҧқсайтын... Осы ордан
қорғанның басына дейін елу гяздай болатын...».
Сауранның бекініс қҧрылыстарының қалдықтары осы кезге дейін
керемет әсер қалдырады. Сауранның дуалы шикі кірпіш араластырып
қаланған кҥйдірілген балшық блоктармен салынған.
Оның сақталып қалған
биіктігі қазірдің ӛзінде 6 метрге жетеді.
Соңғы жылдары алынған мағлҧматтар қала тыныс-тіршілігі жайлы
мағлҧматтарды толықтыра тҥсті.
Достарыңызбен бөлісу: