Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет40/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   157
Қазақстан археологиясы

Асы қонысы. Асы ӛзенінің жағалауында, теңіз деңгейінен 2400 м биік 
жерде орналасқан. Қонысты А.Н.Марьяшев зерттеген. Қазбаға дейін жер 
ҥстінен қоныс аумағын қоршап тҧрған қаз-қатар тізілген тас қаландылары 
анықталған. Қазба барысында ҥлкен бір баспананың ҥш қабырғасының негізі 
аршылған. Баспана қабырғасының қалыңдығы 0,5 м-дей болған. Бҧл баспана 
жерге 1,2-1,3 м кіріп тҧрған, қабырғалары таспен қаланған жартылай жертӛле 
іспеттес. Кеспелтекпен кӛтерілген шатыры екі қҧламалы болса керек. Шатыр 
тіреулік ағаш бағаналарға тірелген. Саз балшықпен сыланған еденнен де 
осындай бағаналардан қалған шҧқыр іздері анықталған. Ҥй далдамен 
(қалқамен) бӛлінген бірнеше бӛлек жайлардан тҧрды. 
Баспанадан табылған қыш қҧмыра оны кейінгі қола дәуіріне жатқызуға 
мҥмкіндік береді. Жануарлардың сҥйектеріне жасалған радикӛміртекті 


129 
талдау ескерткішті бҧдан 3040 жыл бҧрын игерілгендігін кӛрсетеді, яғни ол 
бҧл ескеткіштің жас мӛлшерін б.з.б. ХІ ғасырға жатқызады.
Қоныстан ірі қара мен қойдың сҥйегі кӛп шыққан, есесіне жылқы сҥйегі 
ӛте аз.
Қоныстың орналасқан жері бҧдан 3 мың жылдай уақыт бҧрын 
андроновтықтар Жетісудың биік таулы жайылымдарын игергендігін 
дәлелдейді.
Талапты қонысы. Аталмыш қоныс Кӛксу ӛзенінің биік жағалауында, 
теңіз деңгейінен 800 м биіктікте, Ешкіӛлмес жотасының тӛменгі жағында 
орналасқан. Оны А.Н.Марьяшев пен А.А.горячев зерттеген.
Кӛксу алабы ежелден ӛмір сҥруге қолайлы аймақ болды. Мҧнда қыс 
далаға қарағанда жылы болды, ӛйткені тау жотасы аңғарды солтҥстіктен 
келетін суық желдерден қорғады, сондай-ақ таудың оңтҥстік беткейлерінде 
қар бола қойған жоқ, мҧның ӛзі қыста малдың жайылуына біршама қолайлы 
жағдай туғызды. Ӛзен жайылмасын тоғай алып жатты. 
Ӛзеннің оң жағалауынан зерттеушілер 15 км-ге дейін созылып жатқан 
жерден кӛптеген кӛне қоныстар, қорымдар мен ғибадатханалар тапқан. Бҧл 
ӛңір б.з.б. ІІ-мыңжылдық соңғы ширегінде адамзат тығыз қоныстанған 
экологиялық аймақ болды. 
Қонысты қазуға дейін оның ҥстінен тікбҧрышты тҧрпаттағы (пішіндегі) 
тас қаландылары анықталған, дәнҥккіш пен тас келсап сынықтары 
жинастырылған. Қоныстың негізгі бӛлігін ӛзен суы шайып кеткен. Қоныстың 
сақталған бӛлігінен бірнеше тастан қаланған жертӛлелер мен кӛлемі 16х18 м, 
жерге табаны 1 м-дей кіріп тҧрған бір «ҥлкен» ҥй орны аршылған. Оның 
кірер есігі «Г» пішіндес. Баспананың ортасында ауданы 2,4х2,2 м, тас 
плиталары бҥйірінен қаланған, кҥлі тола ошақ орналасқан. Ошақтан шығысқа 
қарай шҧңқырлар орны анықталған. Шҧңқырлардың бірі таспен қаланған, ол 
алдын ала-ақ сақтау қоймасы деп мамандар тарапынан анықталған. Екінші 
шҧңқыр мал сҥйектеріне, сынған ыдыс қалдықтарына толы, ол қоқыс 
салатын орын деп белгіленген.
Баспана еденінен қайрақ, пышақ тәрізді тас тілік, тас пышақ, жонғы, 
кетпен, ыдыс қақпағы, ҧршықбас секілді тҧрмыстық заттар алынған. 
Баспанаға шығыстан кірер ауыздағы қабырғадан жасалған шағын қуыстан екі 
бҥтін қҧмыра табылған. Бҧл ыдыстардың кішісі ҥлкен қҧмыраға салынған. 
Қҧмыраларға салынған заттар ҥйді бәле-жаладан қорғауға арналса керек. 
Талапты қонысында адамдар ҧзақ уақыт ӛмір сҥрді (б.з.б. ІІ мыңжылдық 
соңы мен б.з.б. І мыңжылдық бас кезі), ал оның тҧрғындары мал 
шаруашылығымен және егіншілікпен айналысып, кешенді шаруашылық 
жҥргізді. Тҥз тағыларын да аулады. 
Тҧрғындары негізінен қой ӛсірді, олардың ҥлес салмағы 75%, ӛсірілген 
сиырлар 20%, жылқы 5%.
Ой-жайлау қорымы. А.Н.Марьяшев зерттеген бҧл қорым Кіндіктас 
тауларындағы ҥстіртте орналасқан ең ҥлкен ескерткіштердің бірі. Ол жыра 
шетінде орналасқан, 2500 шаршы м жерді алып жатыр және де шаршы, 
трапеция пішінді тас қоршаулардан тҧрады. Қоршау ішінде бҥйірінен 


130 
қойылған тас плиталарынан тҧратын жәшіктер орналасты. Олардың беті 
жалпақ плиталармен жабылды. Жәшік ішінде ересек адам жерленді. Осындай 
ҥш моладан адамдардың қосарланып жерленгендігі анықталған. Бір-бірімен 
жапсарласқан жәшіктер конструкциясы да ҧшырасады. Жас балалар шағын 
жәшіктерге және қабір шҧңқырларына жерленді. Қайтыс болған адамдардың 
денесі бҥгіліп, басы батысқа қаратылды. 
Мҥрдені ӛртеу ғҧрпы да кездеседі. Мҧндай жағдайда ӛртенген сҥйектер 
мен кҥл секілді мҥрде қалдықтары молаға қойылды. 
Осыған 
ҧқсас 
конструкциялар 
мен 
қабірге 
қойылған 
заттар 
Қарақҧдықтан, Таңбалыдан, Қҧлжабасы, Аңырақай мен Қордай тауларынан 
да кездеседі.
Жетісудағы 
кеңінен 
танымал 
ескерткіштердің 
бірі 
кезінде 
А.Г.Максимова зерттеген Қарақұдық қорымы болып табылады. Ол Шу-Іле 
тауларының солтҥстік-шығыс беткейлерінде орналасқан. Қорымдағы тас 
плиталарымен жабылған жәшіктерге балалар мен жасӛспірімдер жерленген. 
Ересек адамдар тас плиталармен жалпағынан қаланған және беті жабылған 
цистада жерленген. Дӛңгелек, сопақ және тікбҧрышты келген қоршауларда 
балалардың, ересек адамдардың кейбір жәшіктері орналасқан. Сҥйек 
қаңқаларының аяқ-қолы бҥгілген, бастары батысқа, солтҥстік-батысқа 
бағытталған. Балалар қабірінің (кейбірі тас плиталармен жабылған) бас 
жағында бір-бірден ою-ӛрнексіз саз балшықтан жасалған ыдыс қойылған. 
Ересек адамдардың қабірінен ҥлкен ыдыстардың сынықтары, қола 
моншақтар мен сыртқы жағынан ілмек секілді ҧстағышы бар қола айналар 
табылған. 
Жетісудың шығыс ӛңіріндегі таулы аудандарда басқаша жерлеу ғҧрпы 
мен ӛзгеше конструкциялар кеңінен таралған болатын. Шелек ӛзені алабында 
тас плиталарынан тҧратын тікбҧрышты ҥлкен қоршаулар анықталған. 
Мҧндағы қоршаудың ортасында, тереңдігі 2 м-ге жететін шҧңқырда бірнеше 
тянь-шаньдық шыршадан тҧратын ағаш қҧрылысы орналасқан. Осындай 
жәшіктерден міндетті тҥрде кремация ғҧрпы бойынша жерленген бірнеше 
адам қалдықтары, қыш қҧмыра мен қола әшекейлері кездеседі. Мҧндай 
типтегі қорымдар Кӛлсайдан, Алғабас, Ҧзынбҧлақ, Жылысай ауылдары 
маңынандағы қорымдардан зерттелінген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет