С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


-жұмыс. Өсімдік тұқымдарының өніп-өсуіне ерітінділер



Pdf көрінісі
бет14/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80
9-жұмыс. Өсімдік тұқымдарының өніп-өсуіне ерітінділер 
концентрацияларының тигізетін əсері 
 
Зерттеу мақсаты
: өсімдік тұқымдарының өніп-өсуіне ері-
тінділер концентрацияларының тигізетін əсерін зерттеу. 
Зерттеу объектілері: бидай, арпа, ас бұршақ тұқымдары. 
Қысқаша түсініктеме
. Өсімдік тұқымдарының өніп-өсуі 
олардың сумен қамтамасыз ету дəрежесіне байланысты болады. 
Өсімдіктердің сумен қамтамасыз етілуі топырақтағы тұз концен-
трациясынан, дəлірек айтқанда клетка сөлінің осмостық қысымы 
мен топырақ ерітіндісінің осмостық қысымының айырымынан 
тəуелді болады. Өскіндегі клетка сөлінің осмостық қысымы
10 атм аспайды. 
Əдістеме
. Төрт Петри табақшаларына 50 г құм салынады. 
Бірінші Петри табақшасына су, екіншіге 10 мл 1 М NaCl, үшін-
шіге 0,1 М NaCl, төртіншіге 0,01 М NaCl құйылады. Осы дайын-
далған орталарға өсімдіктің тұқымдарын 25 данадан отырғызып, 
Петри табақшаларын қақпақпен жабады. Табақшаларды t 23±24
о

жарық камераға қояды. Тұқымдарды өндіріп-өсіру мерзімі бір 
аптаға созылады. Өсіру мерзімінде 2-3 күннен кейін табақша-
лардың бетін ашып, бірдей мөлшерде дистильденген сумен ыл-
ғалдандырады (құм құрғап кеткен жағдайда). Тұқымдар өнгеннен 
кейін табақшалардың беті ашық қалдырылады. Өсіру мерзімі 
аяқталғаннан кейін тұқымдардың өніп-өсу белсенділігін анық-
тап, биометриялық өлшемдер жасайды. Алынған нəтижелерді
7-кестеге ендіріп, тиісті қорытындылар мен тұжырымдар жаса-
лады. 
Ерітінділердің осмостық қысымдарын төмендегі формула-
мен анықтайды.
P=RTCi, 
мұндағы R – универсалды газ тұрақтысы (0,0821); T – абсолютті 
температура (273
о 
+ t
о
С); C – ерітінділердің концентрациялары, 
моль есебімен; i – изотоникалық коэффициент (түрлі молярлы 
NaCl ерітінділерінің изотоникалық коэффициенттерінің мəндері 
№4 тəжірибелік жұмыста берілген). 


24 
7-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет