С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Қажетті құралдар мен заттар



Pdf көрінісі
бет51/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80
 
Қажетті құралдар мен заттар: 0,002H HCl жəне 0,002H
CaCl

ерітінділері, 
1 М сахароза ерітіндісі, заттық жəне жабын шынылар, пинцет, микроскоп, 100 мл 
химиялық стакандар, 5 мл пипеткалар, сорғыш қағаз. 
 
 
30-жұмыс. Өсімдіктің өсуі мен дамуына ерітінді
рН-тың тигізетін əсері 
 
Зерттеу мақсаты: өсімдіктің өсуі мен түсіміне рН ортасы-
ның тигізетін əсерін анықтау, тəжірибеде алынған өсімдік үшін 
қолайлы орта реакциясын белгілеу. 
Зерттеу объектілері: атбас бұршақ, бидай, арпа, қызанақ, 
т.б. өсімдіктердің тұқымдары. 
Қысқаша түсініктеме. рН 3,0-ге тең болған ортада өсімдіктер 
баяу өсіп-жетіледі, өсуі тежеледі жəне жеміс түсімі кемиді. рН 
5,0-6,5 болғанда өсімдіктер жақсы жетіліп, жеміс байлайды. 
Сілті ортада рН-ң қолайсыз əсер етуі, микроэлементтер мен 
темірдің жетіспеуіне байланысты күшейе түсуі мүмкін. Бірқатар 
ғалымдардың пікірінше, бейтарап жəне сілтілі ортада микроэле-
менттер мен темір тұнбаға түседі. Темір сілтілі ортада өсімдіктер-
дің сіңіруі қиын ерімейтін формаға өтеді, осының нəтижесінде 
өсімдік хлорозға шалдығады.


78 
Əдістеме. Өсімдіктің тұқымын өндіреді. Өнген тұқымдарды 
0,25 Н Кноп ортасына көшіреді. Өскіндер тəжірибе жағдайына 
қоюға болатын шамаға жеткенде жер бетіндегі бөліктері, сондай-ақ 
тамыр жүйесі бірдей өсімдіктерді іріктеп алып, тəжірибені 
төмендегі нұсқа (29-кесте) бойынша жалғастырады.
29-кесте
 
Тəжірибе нұсқасы 
 
Ерітінді рН 3,0
4,0
5,0
6,0 
6,5
7,0
8,0
9,0
Ыдыс саны 
2
2
2
2 2
2
2
2
Əлсіз қышқылмен қышқылдандыру немесе сілтінің əлсіз ері-
тіндісімен сілтілендіру арқылы тəжірибенің нұсқасына сай ыдыс-
тардағы ерітіндінің рН келтіреді. рН-тың шамасын 3 күн сайын 
тексеріп отырады. Реакцияның ығысуы байқалса, оны қайтадан 
керекті шамаға келтіреді. Қоректік ерітіндіні əрбір 4-7 күн сайын 
ауыстырады.
Тəжірибенің соңында өсімдіктердің тамыр жүйесі мен жерүсті 
бөліктерінің ұзындықтарын, ылғал жəне құрғақ салмақтарын анық-
тайды, осы өсімдіктер тобы үшін қолайлы рН туралы қорытынды 
жасайды. Алынған нəтижелерді 30-кестеге тіркеп, тиісті қоры-
тындылар мен тұжырымдар жасалады. 
30-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет