Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, сөз- жұмбақ , көрсету,
түсіндіру.
Тәрбие сағатының барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Тәрбиеші: - Балалар, тәрбие сағатының тақырыбын бәріміз бірге оқимыз. Оқушылар: - «Спорт – денсаулық кепілі». Тәрбиеші: - Балалар, біз күнделікті таңертеңгілік ұйқыдан тұрған соң не жасаймыз? Оқушылар: - Ертеңгілік жаттығу. - Таңертеңгілік жаттығу, спортпен шұғылдану, денемізді шынықтыру. Тәрбиеші: -
Денсаулық- адамзат баласының еңбекке белсенді болуы,әрі ұзақ ғұмыр кешуі,тән мен рухани саулықты сезінуі деп санаймын.Дүниеде кез-келген жан бағаламайтын екі құндылық бар.Оның бірден-бірі уақыт болса,екінші бірі-денсаулық екен.
Денсаулықтың мықты болуына септігін тигізуші белгі ол әрине спортпен айналысу. «Спорт- денсаулық кепілі» дей кел,әр күнімізді спортқа арнап денсаулығымызды нығайтуымыз керек. Оқушылар: Тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі. Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткіземіз. І-топ: «Самғау» тобы. Ұраны: «». ІІ-топ: «Сұңқар» тобы. Ұраны: «». 3- топ: «Тұлпар» тобы Сайыс жоспары: 1. салауатты өмір салтын сақтаудағы тиімді жолдармен танысады 2. Спортпен тұрақты айналысуға талпынады 3. ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануды үйренеді 4. салауатты өмір салтына дағдылануға ұмтылу. Жалпы осы сайыста 3 турдан тұрады 1. Сергіту алаңы- денені қыздыру 2. Жарыс алаңы- үш топқа бөлу, әрбір топ балаларын іріктеу. Қаппен секіріп мәреге жету алаңында қапты шешіп, шарды үріп стакандарды құлату. 3. Көңілді дода- Доппен жарысу