«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет134/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   169
thesis141891

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Әбілқасымова А. Қазіргі заман сабақ. –Алматы, 2010 


339 
2. Лозовая В.И. Познавательная активность учеников. – Харьков: Основа, 
1990. - 89с.
3. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. – Алматы, 2012 
4. Қожахметова К.Ж., Беркімбаева Ш.К., Құнантаева К.Қ. Педагогика 
тарихы. – Алматы, 2009. 
5. 
Әбілқасымова А., Омарова Р. Мұғалімдердің танымдық 
ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. – Алматы, 2010ж.
ТЕМИРКУЛОВА А.Б. 
(СЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН) 
 
ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты, 
Білімділік бір билікке шығар саты. 
Ең алғаш басталады сол адамнан, 
Сүйеді сондықтан да жақын, жат. 
СӘБИТ МҰҚАНОВ 
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық даналығында да осы бір 
қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орыны ерекше екенін 
аңғару қиын емес.Кешегі болған бөбектен Адам деген жаратылысты тәрбиелеп 
шығудан абыройлы іс жоқ шығар. 
Педагог - ең көне мамандықтардың бірі болып саналады. Бұл 
мамандықта ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. 
Шын мәнінде, педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, 
қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық-мәдени тұтастығы, 
жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан мектеп-мұғалім 
рөлімен шартталған , педагогтар әрқашан, даралық-психологиялық, мінез-
құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлілігі тұсында да тұлға 
болып табылады.Білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, 
әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетін, сыртқы 
әлеммен 
әлеуметтік 
карым-қатынастарда 
өз 
орынын 
табуға, 
өзін 
шығармашылықпен өзгертуде белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс деп 
есептелінеді.[7,288c] Сөз басын мұғалімнің жеке бас мәдениеті, адам тұлғасы, 
парасаттылығы мен азаматтық биіктігінен бастауды жөн деп есептеймін. 
Өйткені мұғалімнің адамгершілік бет - бейнесі оның мәртебесін анықтайтын 
өлшемдердің бірі. «Жақсы мұғалім алдымен жақсы адам»- деп 
айтатындығымызда осыда ары таза, байсалды да төзімді, кешірімді, әділетті 
мұғалім әрқашан басқадан айрықша тұрады. Ал әсемдікті, әдемілікті бағалай 
білетін ұстаз алдынан өткен ұрпақтың қиянатқа, жаман іске бармасы аян. 
Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін екінші күш - оның кәсіби 
құзырлығында.Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені 


340 
үйрету керек екенін мемлекттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал 
«қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби 
даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуын, 
баланың әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек.[6,182c] 
Қазақтың ХХ ғасырдың белгілі ағартушысы Ж. Аймауытов «Қазіргі қазақ 
мектебіне қажеттісі – тек білім беруші мұғалім ғана емес, баланы өмір сүруге 
үйретуші ұстаз!» - деген еді. Бұл сөздердің бүгінгі күні де мәні өте жоғары. ХХІ 
ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры. Сондықтан бүгінгі ұстаз 
шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүнежүзілік 
білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір 
сүріп еңбек етуге дайындайды. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу мұғалімнің өзінің 
жан - жақты білімдарлығымен, тұтас дүниетанымыныңболуымен, ой - өрісінің 
кеңдігімен тікелей байланысты. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім 
балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық.[4,83-91c] 
Мұғалімдік мамандық – адамтану адамның күрделі де қызықты 
шытырманы мол рухани жан дүнесіне үңілу, баланы түсіну. Мұнсыз дамыта 
оқыту мүмкін емес. Бұдан бүгінгі мұғалімді айшықтайтын тағы бір сапа – оның 
психологиялық білімінің тереңдігі мәселесі туындайды. Баланы түсіну 
дегеніміз – олардың позициясында болу, сезімдерін бағалап, әрекетін ісін 
елеулі түрде қабылдау ілтипат көрсету. Баланың көңіл құбылысын, жүрек 
тебіренісін, сезімі мен тебіренісін, түсінген мұғалім баянды тәрбиеге ие болып 
білімді жетістікке қол жеткізеді.Педагогикалық білім дәстүрге бай. Алайда, 
педагогика сол дәстүрліліктердің бүгінгі күннің мәселесін шеше алмайтын 
немесе шешудегі тиімділігінің төмен болып тұрған кезеңінен өтті. Осыған орай 
жүріп жатқан модернизациялау үрдісі - республикадағы білімнің сапасын 
арттырып, оның халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне деген қажеттіліктерін 
қанағаттандырады, еліміздің өркендеген елдердің катарынан көрінеміз деген 
талабына тұғыр болары анық.Жалпы педагогтың психологиялық мәдениетін 
ашу үшін, ең алдымен «мәдениет» сөзіне жалпы анықтама берелік. 
Мәдениет – адамзат баласының ұлт, халық болып қалыптасқаннан бергі 
жинақтаған ұлы байлығы. Бұл шығармашылық күштер мен адамның адами 
мүмкіншіліктерінің шарықтау шегінің көрінісі.[5,378c] 
Мәдениет дегеніміз – адамның ойлау, өзіне де, айналасындағыларға да 
талдау жасай білу қабілеті. Адамдарды ізгілікті, ақылды, моральдық 
міндеттемелерді мойнына алатын, сыншыл жанға айналдыратын да – мәдениет. 
Сол арқылы адамдар құндылықтарды ажыратып, өзіне талдау жасайды. 
Мейлінше, кең мағынасында алғанда, мәдениет қоғамды немесе әлеуметтік 
топты, ұлт пен адамды сипаттайтын рухани және материалдық, 
интеллектуалдық және сезімдік айқын аңғарылатын белгілердің жиынтығы. 
Кез-келген мәдениет өзіндік ерекшелігі бар және теңдесі жоқ қазыналардың 
қоймасы.Адамдарды ізгілікті, ақылды, моральдық міндеттемелерді мойнына 
алатын, сыншыл жанға айналдыратын да – мәдениет. Сол арқылы адамдар 
құндылықтарды ажыратып, өзіне талдау жа-сайды. Мейлінше, кең 
мағынасында алғанда, мәдениет қоғамды немесе әлеуметтік топты, ұлт пен 
адамды сипаттайтын рухани және материалдық, интеллектуалдық және сезімдік 


341 
айқын аңғарылатын белгілердің жиынтығы ретінде қарастырылуы тиіс. Кез-
келген мәдениет өзіндік ерекшелігі бар және теңдесі жоқ қазыналардың 
қоймасы болып табылады, өйткені әрбір халық өз дәстүрі мен рухани бейнесі 
арқылы танылады.[3,40-50 c]Философияның және басқа да ғылымдардың ең 
негізгі категориясы – мәдениет категориясын қарастырамыз. Өйткені осы ұғым 
контекстінде жалпы білім беру мәселелерінің адамға тәрбие беру және оның 
қалыптасуының неғұрлым адекватты құрылымын көреміз. Білім берудегі 
мәдениеттану тұрғысына сүйенсек, жалпы білім берудегі ең негізгі атқарушы 
мақсаттардың бірі – жастарымыздың жалпы мәдениетін дамыту. Ал, осы жалпы 
мәдениетті құрайтын құрылым бөлімдері: тарихи, математикалық, ақпараттық, 
лингвистикалық, экологиялық, психологиялық, валеологиялық, шығарма-
шылық-эстетикалық т.б. Психологиялық мәдениетті тұлғаның жалпы 
мәдениетінің бөлімі деп қарастырып, оның қалыптасып дамуына және 
диагностикасына білім беру жүйесінде жеткілікті назар аударылғаны жөн болар 
еді дейміз.Тар мағынада мәдениет адамның түбір, мәнді күштерінің дамуының 
қандай да бір деңгейі деп тұжырымдалады. Бұл тұрғыда мәдениет – жеке 
адамның өмір салтының қоғамдық өмірдегі құндылықтар мен нормаларға – 
қоғам мәдениетінің идеалды бейнесіне сәйкестілігі туралы айтылады. 
Мәдениетті - өмір стилі немесе өмірлік іс-әрекет ретінде сипаттауға болады. 
Осындай ұғымдағы мәдениет (жалпы мәдениет) мінез-құлықты ғана емес, 
сонымен қатар адамның бүкіл өмірлік іс-әрекетінің әмбебап рухани реттеушісі 
болып саналады. [2,360c] 
«Психологиялық мәдениет» психология ғылымындағы жаңа ұғым. Сондай-
ақ, ғылыми әдебиеттерде сирек қолданылады. Әрине, бұл ұғым психологиялық 
болса дағы, әр түрлі ғылыми облыстар аймағында құрылады: философия, 
мәдениеттану, әлеуметтану, этика, психология. А. Зимняяның айтуынша: 
«жалпы мәдениет адамның әлемге, өзіне деген қатынас аймағындағы негізгі 
бағыттарының тұрақтылығымен, жинақтылығымен және олардың мінез-
құлықта көріну сипатымен анықталады.. Бұл жерде «педагог-психологтың» 
орыны қандай деген сұрақ туады? Педагог-психолог - білім беру мекемелері 
ұжымына кәсіби психологиялық мәдениетті алып келетін маман. Маман ретінде 
педагог-психологтар процестің жанама түрде де жүруінеөз әрекеттерімен, 
мінез-құлқымен, адамдарға, өмірге деген өз қатынастарымен себепші болуы 
ықтимал.[1,365 б] 
Педагогтың психологиялық мәдениетін қалай даму шегіне жеткізе аламыз? 
Бұл сұрақ бойынша бірнеше бағытты көрсетуге болады: біріншіден, білім 
беру мекеме жағдайларындағы неғұрлым адекватты мінез-құлық пен әлеуметтік 
өзара әрекетті қамтамасыз ететін психологиялық білім және іскерліктердің 
біраз мөлшері ретінде психологиялық сауаттылықты қалыптастыру. 
Педагогтарды адамдардың ғылыми психологиялық мәдениет білімі жүйесімен, 
өзінің ішкі психологиялық әлемі және тұлғалық индивидуалды сапа-лары 
туралы түсініктер жүйесімен таныс-тыруды, әлеуметтік интеллектіні, 
креативтілікті дамытуды белсенді түрде жүзеге асыру қажет. Екіншіден, мінез-
құлық, іс-әрекет немесе әлеуметтік өзара әрекеттің тиімділігін қамтамасыз 
ететін психологиялық құзіреттілікті қалыптастыру. Бақылаушылық, адамдарға 


342 
зейін аудара білу, психологиялық қырағылық, өз-өзін адекватты түрде 
қабылдай алу, эмоционалды тұрақтылыққа талпыныс, мейірімділік, әр түрлі 
адамдармен қарым-қатынастарды орната алу, ақпаратты адекватты қабылдай 
алып, бере алу.Осы екі бағыт бойынша жоғарыда көрсетілген барлық 
қасиеттерді дамытуды студент тұлғасында, яғни, болашақ педагогтардан 
бастап, дамытып, бегілі бір деңгейде тұрақтылык қажеттілігі туындайды. 
Болашақ педагогтардың психологиялық мәдениетін дамытудың тиімді 
жолдарының әдіс-тәсілдерінің жүйесін құру шарт. Психологиялық мәдениетті 
жоғарлатудың қазіргі уақыттағы және өзекті формаларын өңдеп, қолдану 
қажет. Бұл жұмыстар жүйелі сипатқа ие болу үшін, іс-әрекет түрін сауатты 
түрде жүзеге асырылу тиіс. Педагогтардың психологиялық мәдениетін 
қалыптастыру жұмыстары ағартушылық та, сонымен қатар, коррекциялық-
дамытушы сипатта да болады.[8,47-57c] 
Сонымен, қорытындылай келе,білім беру мекемелеріндегі педагогтардың 
психологиялық 
мәдениетін 
қалыптастыру 
мәселелері 
қазіргі 
біздің 
қоғамымызда өзекті болып қала береді. Жалпы психологиялық мәдениетті 
жоғарлату бойынша жұмыстардың тамыры – осы мамандықты таңдаған 
болашақ педагогтардың педагогикалық-психологиялық жұмыстар жүйесін 
нақты бағдарлап, толығымен өңдеу.Біз біреудің ақылымен ақылды болмаймыз, 
орайын тауып ойландыруға үйрету, мұғалімнің жан - дүниесін, ішкі 
құрылымдарын жаңа деңгейге көтеріп, келбетін кескіндейтіндігіне дау жоқ. 
Талантын таңдауға, шығармашылығын шыңдауға үйренген ұстаздың қоғамға 
берері де мол болмақ. Білім, тәрбие жолы ұзақ жол. Мұғалімнің қателігі қоғам 
үшін өте қауіпті, ал, керісінше, оның нәтижелі еңбегі бүкіл ұлттың, 
Отанымыздың, өркениеттің тағдыры, оның ізгілікті істері ұзақ жылдар жемісін 
берері сөзсіз. ХХІғ.- бәсеке ғасыры, олай болса, кемелденген азаматтарды 
тәрбиелеудегі біліміміз , қажыр - қайратымызды, «Ұстаз» деген атқа лайықты 
қызмет ете берейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет