113
Бағдарлама студенттердің психологиялық денсаулығы дамуының авторлық
моделіне негізделген. Әр бір сабақ модельдің құрамын бейнелейтін 4
компоненттен тұрады.
Интегралды-тұлғалық қасиеттер компоненті: невротизацияны, стреске
тӛзімділік, бейімделуді, мазасыздануды түзету.
Рефлексиялық компоненті ӛзін-ӛзі бағалау мен субъективтік бақылаудың
түзетуін қамтиды.
Құндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компоненті құндылық
бағдар жүйесі мен ӛзіндік маңыздану деңгейінің арттыруын қамтиды.
Эмоционалдық компонент эмоционалдық
ақыл-ойдың дамуын және
қобалжу-депрессиялық эмоционалдық қасиеттердің
түзетуін қамтиды.
Әр түрлі нұсқаларды таңдау арқылы бағдарламаны жүзеге
асырудың
вариациясы жобаланады:
- жеке психокоррекциялық бағдарлама;
- тренингтік топтық бағдарлама.
Қалыптастырушы экспериментте Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров
атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ, орыс бӛлімінің 1-ші және
3-ші курс студенттері қатысты. Эксперимент кезеңінде 4 топ жинақталды: 1-ші
курс қазақ бӛлімінде 30 студент және орыс бӛлімінде 30 студент, 3-курс қазақ
бӛлімінде 30 студент және орыс бӛлімінде 30 студент, сонымен барлығы 120
студент қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: