115
шығарсың? Мүмкін сен ӛзіңді біреудің алдында кінәлі сезінетін шығарсың?
Ойша сол адамдардан кешірім сұра және ӛз ӛкінішіңді білдір. Ал енді ӛткен
жылға ұсынған барлық сынақтар мен сабақтары үшін алғысыңды білдір.
Мүмкін сол сабақтардың мәнін әлі түсінбеген шығарсың. Дегенмен ол сенің
реніштерің ұмытылып, ауыртпашылықтарың басылған кезде, міндетті түрде
түсінілетін болады.
Енді үй жинағандай ӛз жан дүниеңді тазартып жатқаныңды елестет.
Барлық керек және құнды заттарды орын-орындарына қоясың, керек емес және
артық заттарды қоқыс пакетіне саласың. Сол пакетке нені салар едің?
Сенің
жан дүниеңді не ауырлатады және не ластайды? Сен ішкі дүниеңнің барлық
қуыс-қуыстарын аралап, ескірген және керек емес нәрселердің бәрін табасың.
Біртіндеп сенің пакетің толады және жаныңның қаншалықты жеңілдеп, босап
қалғандығын сезесің.
Келесідей сауалдарға жауаптар:
- Нені тастаймын және неліктен?
- Бұл жаттығудан мен не түсіндім?
- Ол менде қандай сезімдер тудырды?
Талқылап болған соң барлық мүсіндер
қоқыс қаптарына салынып,
кӛпшілік алдында жуындыға тасталады немесе ӛртеледі.
Достарыңызбен бөлісу: