Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет36/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Эмоционалдық компонент 
«Менің кӛңіл-кҥйім» жаттығуы 
Қатысушыларды таныстыру. Әрбір қатысушы кезекпен ӛзінің кӛңіл-күйі 
туралы айтады және келесі қатысушыға «Мен сені сол күйіңде қабылдаймын» 
деп айтады.
2 сабақ 
Интегралды-тҧлғалық қасиеттер компоненті
«Салқындық» жаттығуы 
Алыста орналасқан желдеткіштен салқындықты жеңіл сезінетініңізді еске 
түсіріңіз. Ауаның мұндай болар-болмас ағымын үлкен қашықтықтан сезуге 
болады және бұған сіздің күмәніңіз жоқ. Кейбір адамдар тесіле қараған 
кӛзқарастан да салқындықты сезінуге болады дегенге күмәнданбайды, тіпті ол 
желкеңе бағытталса да. Алайда, басқа адамның сізге ұсынған қолынан 
салқындық сезіну бәрінен қиын шығар. Кәне соны жасап кӛрейік. Кӛздеріңізді 
жұмып, креслоға ыңғайланып отырыңыз. Ӛз санамызды қолымыздың 
саусақтарының ұшына шоғырландырайық, мысалы, оң .... Сіз ӛзіңіздің барлық 
денеңізден, басыңыздан және бір уақытта аяқтарыңыздан да бастап, бір тығыз 
толқынды жинап алып, оны қолыңыз арқылы саусақтардың ұшына жібересіз. 
Саусақтарға барлық күш-жігерді жинап алып, оны бір тар шоққа айналдыру 
қажет. Саусақтарыңызды ерніңізге жақындатып, жеңіл самалды сезініңіз. 
Саусақтарыңызды сәл тӛмен түсіріп, самал желді мойныңызда сезініңіз. 
Осылайша, саусақтарыңыздың ұшынан, одан кейін мойныңыздан, 
маңдайыңыздан желді сезіңіз. Бастаймыз. (20 секунд кідіріс) Рахмет. Енді 
сіздің міндетіңіз - сіздің саусағыңыздың ұшынан шығатын салқындықты сіздің 
әріптестеріңіз де сезе алатындай болуы керек. Бірақ алдымен келесі 


116 
процедураны 
орындауымыз 
керек. 
Сіздердің 
әрқайсыларыңыздың 
«жігерлеріңізді» салмақтап кӛрейік. Орнымыздан тұрып түйнекке жиналған 
саусақтарымызбен бір нүктеге тигізейік, мысалы, ең жақсы сензитив 
қолындағы нүктеге. Барлықтарыңыз бір нүктеге қол тигізіп, биоәлеуетті 
теңестірген соң, бір-біріңіздің саусақтарыңыздан шығып жатқан энергия 
ағымын қашықтықтан сезесіздер. 
Демек, тұрыңыздар, бір-біріңіздің қолдарыңызға тигізіңіздер. Мархабат (10 
секунд кідіріс). Рахмет, енді орын-орындарыңызға жайғасып, бір-біріңізге 
қашықтықтан әсер етуге тырысыңыздар. Барлық энергияны саусақтың 
ұштарына шоғырландырып, оны біртіндеп сезімтал жерлерге бағыттаңыз: ерін, 
маңдай, ӛз әріптестеріңіздің мойындары. Қатысушылардың қайсысымен ӛзара 
әрекеттестік коммуникациясы тиімдірек болады, соны есіңізге сақтаңыз. 
Осылайша, бірнеше секунд күш алып және одан кейін қысқа импульстік сейілу 
жасаймыз. Мархабат, бастаймыз (кідіріс 30 секунд). Рахмет, рахмет. Ал енді, 
әдеттегідей, жаттығу нәтижесі бойынша пікір алмасайық. Қорытындылары. 
Аяқтау [255]. 
АТ жаттығуы 
- жылулық сезімін шақыру. 
Ойша қайталау: «Мен тынышпын» (1 рет); «Менің денем ауыр» (1 рет); 
«Менің оң (сол) қолым жылы» (6 рет). Ары қарай жылулықты сендіру екінші 
қолға, аяққа, толықтай денеге таралады. «Екі қол да жылы... екі аяқ та жылы... 
бар дене жылы» формуласына ауысады.
Ары қарай 1-інші және 2-нші жаттығулар бір формуламен біріктіріледі: 
«Қолдар мен аяқтар ауыр және жылы». Егер денедегі ауырлық және жылулық 
жеңіл әрі анық шақырылатын болса, онда жаттығу меңгерілген болып 
саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет