Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет43/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Эмоционалдық компонент 
«Жағдаяттар» жаттығуы
Топ қатысушылары шеңбер құрып тұрады. «Қазір біз бӛлмеде жүреміз 
және мен кімнің атын атасам, сол бір жағдаят ұсынады. Әрбір адам ӛзін сол 
жағдайды кӛз алдына елестетіп, соған еніп, сол жағдайда пайда болатын 


122 
сезімдерді, күйлерді сезінуге тырысады. Сонымен, бастаймыз. Біз қалың орман 
ішінде келе жатырмыз...»
Ары қарай жаттықтырушы әрбір жиырма-отыз секунд сайын топтың келесі 
мүшесінің атын атайды. Жаттығуды аяқтаған соң келесі сұрақтар қоюға 
болады: «Әрбір жағдайда сіздерде қандай сезімдер пайда болды?», «Ұсынылған 
қай жағдайда сіз ӛзіңізді жеңіл елестете алдыңыз, қайсысында – қиынырақ 
болды? »
Талқылау барысында келесі сәттерге кӛңіл аударған мәнді болады:  
 
қандай да бір жағдай әр түрлі адамдарда әр түрлі, тіпті бір-біріне 
қарама-қайшы сезімдер тудырады;
 
адамдар бір күйден басқасына ауысудың әр түрлі қабілеттеріне ие 
және сол қабілетті дамытуға болады;
 
ӛмірде жиі кездескен жағдайларда ӛзін елестету жеңілірек;
 
қандай да бір жағдайға тән ым, ишараттарды, жүріс немесе қалыпты 
пайдалану, сол жағдайға енуді, сонда пайда болатын ерекше күйлер мен 
сезімдердің сезінуін жеңілдетеді.
Әр түрлі тренингтік топтарда қатысушыларға ұсынылған жағдаяттардың 
үлгісін келтірейік: театрға асығып келе жатырмыз; ағылшын ханымының 
қабылдауына түсіп қалдық, шыбын-шіркейі кӛп орманда келе жатырмыз; сурет 
галереясында келе жатырмыз; дүкендегі тобырдың арасынан сатушы сӛресіне 
қарай әрең ӛтіп келе жатырмыз, таудағы тар сокпақпен, саз батпақтан, теңіз 
жағасынан, жарылған шынымен жалаң аяқ келе жатырмыз және т.б.
5 сабақ 
Интегралды-тҧлғалық қасиеттер компонент 
«Интроскоп» жаттығуы 
Қазір сіздерге ӛз тәніңізді сезіну қажет. Онда белгілі бір түйсіктерді 
сезініп, олар туралы жаттығудан кейін басқаларға айта алатындай, жақсылап 
есте сақтауға тырысыңыз. Сонымен, ыңғайланып креслоға жайғасамыз, кӛзді 
жұмамыз. Ӛзіміздің хал-жайымызды зерттейік. Босаңсыған жағдайда қай 
қолыңыз жылырақ соны анықтауға тырысыңыз: оң немесе сол қол ма. Ойлануға 
10 секунд. Сонымен, қай қолымыз жылы екендігін анықтадық. Енді қай аяқ 
жылырақ екендігін анықтаңыз (8 секунд кідіріс). Есте сақтадыңыздар ма? 
Жақсы. Енді дененің қай бӛлігі салқындау екендігін белгілеңіз (10 секунд 
кідіріс). Дененің қай бӛлігі салқындау екенін есте сақтаңыздар. Енді бетіңіздің 
қай бӛлігі салқындау екенін бағалаңыз (8 секунд кідіріс). Ал қазір денеңіздің 
қай бӛлігі барынша босаңсыған екенін бағалаңыз (8 секунд кідіріс). Енді 
денеңіздің қай бӛлігі сізді қазір кӛбірек мазалап тұрғанын бағалаңыз, мысалы, 
ол басқаруға бағынбайды немесе қажетсіз, жағымсыз сезімдер тудырады (8 
секунд кідіріс). Енді денеңіздің қай бӛлігі барынша жұмсақ, соны бағалайық (8 
секунд кідіріс). Сонымен, бұлшық еттеріңіз балқығандай, денеңіздің ең жұмсақ 
бӛлігін анықтадыңыз. Енді қазіргі сәтте денеңіздің қай бӛлігі ӛте жеңіл, 
салмақсыз, соны бағалаңыз (8 секунд кідіріс). Сонымен, денеңіздің ӛте жеңіл, 
салмақсыз бӛлігін бағаладыңыз. Ал енді, назар аударыңыздар, ӛз сезімдерімізді 
еске түсіріп кӛрейік. Ішіңізден нені сезінгендігіңізді белгілеңіз: жылы немесе 


123 
салқын, қысылған және босаңсыған, жағымды және жағымсыз, қатты – жұмсақ, 
салмақты – салмақсыз. Бір парақ қағаз бен қалам алыңыз. Параққа адамның 
суретін салыңыз – парақтың бойымен, үлкен қылып. Ӛз суретіңізде, түйсіктер 
пайда болған жерлерді, дӛңгелетіп белгілеңіз. Сол жерлерде нақты нені 
сезінгендігіңізді жазыңыз. Нәтижесін бағалау үшін суретіңізді жетекшіге 
беріңіз. Параққа ӛзіңіздің аты-жӛніңізді жазуға ұмытпаңыз. Жетекші, 
нәтижелерді бағалаңыз. Рахмет, ойын аяқталды [257]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет