125
Жаттығу қатысушыларда асқан қызығушылықты қана емес, сонымен қатар
таңдану мен абдыраушылықты да тудырады. Кӛп адамдар жаттықтырушының
оларды «бейнелегенін» ұнатады, басқалар аралас сезімдерде болады, кейде бұл
жағымсыз сезімдерді шақырады. Жаттығудың соңында қатысушылардан, олар
қандай сезімдерде болғанын сұраған маңызды. Содан кейін жаттықтырушы
ӛзінің сезімдері туралы да айтады; кӛбінесе ол ӛзі енгісі келген әрбір адамның
бейнесіне эмоционалдық жақындық түйсігі болып табылады.
Сонымен қатар,
ол жаттықтырушыға басқа адамды бейнелеуде қиындық туғызған адамды
жеткілікті түрде түсіне алмаушылық түйсігі болуы ықтимал.
Жаттығуды У.Джемс, Н. Ланге, Г.Оллпортпен, кейін Ф.Фромм-
Рейхмандарда сипатталған басқа адамдарды «кинестезиялық» түсіну
заңдылықтарын талдауымен аяқтауға болады. Ӛзге адам мінез-құлқының
суретін жаңғырта отырып, біз сол адам сияқты ойлап, оның
сезімдеріне ұқсас
бір нәрсені сезе бастаймыз. Сонымен қатар, Эдгар Поның «Похищенное
письмо» әңгімесінен ұлдың мінез-құлқының сипаттамасын келтіруге болады.
Ол бала «Жұп па, тақ па?» деген ойынында ӛз серіктестерін қателеспей түсіне
білген және олардың әрқайсысының бет әлбетінен кӛрген кӛріністі, ӛз бетіне
келтіруге тырысқан [258].
Достарыңызбен бөлісу: