Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет46/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Эмоционалдық компонент 
«Жинақ сандықша» жаттығуы.
Құрал-жабдықтар: әрбір қатысушыға 3 парақ қағаз, қорап.  
1 кезең. Қатысушыларға, олар оңай жеңе білген қорқынышты естеріне 
түсіріп, соның атын жазу ұсынылады.
2 кезең. Жетекші сол қорқынышты жеңуге кӛмектескен 3 тәсілді есіне 
түсіріп, жазуды ұсынады.  
Мысалдар: 
«Жұмыстан айырылып қалу қорқынышы»: қауіпсіздендіру – үйрету 
курстарын ӛту; қолдау туралы уәде алу; бойды еркін ұстау және ӛзін бұл 
жағдай болғандай етіп сезіну.
«Кӛпшілік алдында сӛз сӛйлеуден қорқу»: қауіпсіз жерде жаттығу
мұнымен мүмкіндігінше жиі айналысу; батылдық үшін «марапат» туралы ойлау 
және т.б.
Жеңу тәсілдері ӛте нақты, бірақ түсіндірмесіз болуы қажет. 
3 кезең. Жеңу тәсілдерінің барлығы жеке қағаздарға жазылып, бір қорапқа 
– «жинақ сандықшасына» салынады. Қорқыныштардың атауларын жазу қажет 
емес екендігі ескертіледі.
4 кезең. Қатысушылар, әлі белгісіз және оларға шешілмеген мәселе болып 
табылатын, қорқыныштың атауын жазады. 
5 кезең. Жинақ сандықшасы шеңбер бойынша жіберіледі. Бұл жерде әрбір 
қатысушы ӛз қорқынышын атап, кезекпен алып, оны жеңу тәсілдерін оқиды.
«Қорқыныш - тәсіл» амалдары жӛнсіз немесе күлкілі болуы мүмкін 
(«тұрмыс құра алмау қорқынышы» - «онымен барынша жиі айналысу»). 
Қатысушыларға, дәл осы тәсіл оларға қалай қажет болуы мүмкін жӛнінде 
ойлану ұсынылады.


126 
- Ӛмірде қорқыныштан шығудың қандай тәсілдерін қолданасыз? 
- Бұл жаттығудан ӛз қорқынышыңызбен жұмыс жасаудың қандай жаңа 
тәсілдерін білдіңіз? 
6 сабақ 
Интегралды – тҧлғалық қасиеттер компонент 
Жаттығу «Баяу қозғалыстар» 
Орындыққа ынғайланып отырыңыз. Қолыңызды бӛксеңізге алақаныңызды 
ӛзіңізге қаратып қойыңыз. Кӛзіңізді жұмыңыз. Ӛз оң алақаныңызға ойыңызды 
топтастырыңыз – алақаныңыз босаң. Енді бірте бірте ақырындап оң қол 
саусақтарын жұдырыққа бір минут аралығында жұмыңыз. Біз уақыт есебін әр 
10 секунд сайын жүргіземіз. Сонымен сізге оң қолыңызды жұдырыққа түю 
үшін 1 минут аралығында уақыт беріледі. Тағы бір минут уақыт алақаныңызды 
бастапқы босаң күйге қайтару үшін беріледі. Бұл жаттығуды бояу, ӛте бояу 
түрде оң қолыңызға үнемі ойыңызды топтастыру арқылы орындаймыз. Ӛз 
сезімдеріңізді есте сақтап уақыт есебін қадағалап отырыңыз. Сонымен, 
бастадық. (уақыт есебі әр 10 секунд сайын 60 секундқа дейін). Оң қолыңызды 
ашыңыз. (уақыт есебі әр 10 секунд сайын 60 секундқа дейін). Бұл жаттығуды 
сол қолыңызға қайталайсыз. Бір минут аралығында алақаныңызды жұмыңыз. 
Оң және сол қолға жасалған жаттығу кезінде туындаған сезімдеріңізді есте 
сақтаңыз. Бастайық. (уақыт есебі әр 10 секунд сайын 60 секундқа дейін). Енді 
қолымызды босатамыз. (уақыт есебі әр 10 секунд сайын 60 секундқа дейін). 
Рахмет. Сонымен, Сіздер оң және сол қолға жасалған жаттығу кезіндегі 
сезіміңізді есіңізде жақсылап сақтап алдыңыз ба. Ал енді кӛзіңізді ашып 
қолыңызды созып, босаң ұстаңыз. Жүргізушіге уақыт аралығының қай кезінде 
оң және сол алақаныңыз толықтай жұмылып және керісінше толықтай босаң 
күйге енгенін хабарлап айтыңыз. Қатысушылардың нәтижелерін жүргізуші 
бағалайды. Жаттығу аяқталды.  
АТ 1 – Жаттығуы – маңдай тұсында салқындық сезімін тудырушы 
жаттығу. Ең алдымен 1-5 жаттығуларда сипатталған сезімдер шақырылады. 
Содан соң ойымызда 5-6 рет «Менің маңдайым салқын» формуласын 
қайталаймыз. Ӛз – ӛзін сендіру формуласының жаттығуын игеру деңгейіне 
қарай олар қысқара береді: «Тыныштықтамын...Салмақ бар...Жылу бар...Жүрек 
және тыныс алу қалыпты...Күн шуағы жылы...Маңдай салқын...».
Жаттығуды орындап болған соң қатысушыларға 1-2 минут тынығып алуы 
керек, содан соң ӛздерін аутогенді күйден шығаруы қажет. Ол үшін ӛз – ӛзіне 
ойша бұйрық береді: «Қолды жұмып, терең тыныс алып, кӛзіңді аш».  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет