Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет47/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Рефлексиялық компонент 
«Орталықтандыру» тәжірибесі 
Ыңғайлы жайғасып, кӛзіңізді жұмып және ӛз ішкі жаныңызға үңіліңіз. Ӛз 
денеңізді сезіне бастаңыз. Есіңізге түсіріңіз, бала кезіңізде ол қандай еді. Ол 
дәрменсіз және жүре алмайтын едіңіз. Содан соң дене ӛсе келе ӛзгерді. Денеңіз 
қазіргі күнде қандай екенін сезіне отырып, іштей ӛзіңізге «Менде дене бар – 
бірақ мен тек денеден тұрмаймын» деп айтыңыз. Енді ӛз сезімдеріңіз және 
күйзелістеріңіздің әлеміне еніңіз. Олардың күйін балалық шақта еске түсіріңіз. 


127 
Қазіргі күні Сіз үшін қуаныш, қайғы – мұң қандай екенін сезініп, оны қалай 
бастан ӛткересіз. Ойыңызда айтыңыз: «Менде сезім бар, бірақ мен тек сезімнен 
ғана тұрмаймын». Ӛз ойыңызды түсініп оларды бақылап кӛріңіз. Олар 
аспандағы бұлттар тәріздес бірі кетіп, бірі келеді, олар үнемі ӛзгерісте және 
оларды тоқтату қиын. Ӛз ойларыңыздың энергиясын сезініңіз. Мына ойды 
түсініп алыңыз: «Менде зерде бар, бірақ мен тек зердеден тұрмаймын». Мен 
таза сезіну орталығымын. Осы орталықтан Сіз ӛз денеңізді, сезімдеріңізді
зердеңізді бақылап, бағдарлап және олардың белсенділігін ӛзгерте аласыз.
Қҧндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компоненті 
«Мен – жақсы, Мен - жаман» жаттығуы.  
Психолог маман топ мүшелеріне ӛз мінез – құлық сапаларының тізімін 
құруды сұрайды. Берілген ақ парақты дәл ортасынан түзу сызық арқылы екіге 
бӛліп, сол жақ бетіне ӛзіндік жақсы қасиеттерін, ал оң жақ бетіне жаман 
қасиеттерін жазу керек. Жазып бастауды жақсы қасиеттер тізімінен бастаған 
абзал.
Әңгімелесу барысында психолог маман қатысушы қыз бала және ер 
баланың жазған тізіміндегі қасиеттер тең немесе жақсы қасиеттер басым болу 
керектігін айтып ӛтеді.
Қатысушы жаман қасиеттерді тізіп жазып, олардың саны жақсы 
қасиеттерден артық болған кезде жаттығуды тоқтатпаған жӛн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет