Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет48/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

«Ӛз – ӛзіңе хат жаз» жаттығуы
Психолог маман қатысушыға мындай ережені ұстануды ұсынады: 
күнделікті ӛз – ӛзіне хат жазу. Ұзақ хаттарды адам бойында ӛз ойлары мен 
күйзелістерін қағазға түсіру керектігі туындаған кезде жазған жӛн.
Бұл хаттарда ӛз күйіңізді, маңызды жағдайларды, сезімнен алған әсерді 
жазу керек.
Психотерапиялық әсерден бӛлек, бұл жаттығу арқылы қатысушы ӛз 
хаттарын салыстыру барысында әр күні бір адамға, затқа және жағдаятқа деген 
сезімнің әр түрлі екенін кӛреді.
Қандай себептерден қарама – қайшы бағалау болатынын талқылаған жӛн. 
[259] 
Эмоционалды компонент 
Ҥрейлену кӛрсеткіштерін «Талдау» жаттығуы. 
Үрейленудің алғашқы кӛрінуін сезіну. Психолог маман оны адам әрекет 
етуге даярлығы ретінде түсіндіреді, ол басым кӛпшілігінде болады және олар 
жауап қайтаруға кӛмек береді. Белгілі бір жаттығулар нәтижесінде бұл амал 
«үрейлі күйден шығуға» кӛмектеседі.
«Белгілі бір эмоционалды кҥйге бағдарлану» жаттығуы. 
Ойыңызда қобалжу, үрейлену сияқты эмоционалды күйді бір әуен, гүл, 
пейзажбен, белгілі бір ӛзіндік әрекетпен байланыстыру, ал байыпты, қалыпты 
және босаң күйді ӛзге әрекеттермен, сонымен қатар жеңу күйін үшінші бір 
әрекетпен байланыстыру ұсынылады. Қатты қобалжу кезінде ең алдымен 
бірінші, содан соң екінші, содан соң үшіншіге ӛту керек, соңғысын бірнеше рет 
қайталау керек. 


128 
«Жағымды естелік» жаттығуы 
Студент ӛзін толықтай тыныштықта, босаң күйде, және ӛте жарқын 
кездерін еске түсіріп, сол кездегі сезімдерді барынша қайта жаңғырту 
ұсынылады. [260] 
7 Сабақ
Интегралды – тҧлғалық қасиеттер компоненті  
«Назар аудару» жаттығуы 
Жүргізушіден ӛзге қатысушылардың барлығы орындыққа отырады. 
Жүргізуші топқа қарама – қарсы отырады. Қатысушылар кӛздерін жұмып 
жүргізушіні назар қойып тыңдайды. Жүргізуші 10-15 секунд интервал 
аралығында дене мүшелерін атап айтады, мысалы: оң қол, мына саусақтың 
ұшы, бас, кӛз, иық белдеуі т.б. Қатысушылар назарын жүргізуші атаған дене 
мүшелерәне аударады. Мүмкіндігінше осы дене бӛлімдерін іштей сезіну керек. 
Сыртқы дене мүшелеріне назар бӛліп болған соң, ішкі мүшелерге ауысамыз. 
Жүргізуші ішкі дене мүшелерін атап айта бастайды, мысалы: асқазан, бауыр, 
тіл, тамақ және ӛзге мүшелер, тек жүрек тұсындағы мүшелер атап айтылмайды. 
Сонымен Сіз орындықта отырсыз жүргізуші сіздің назарыңызды жүрек тұсы 
мүшелерден ӛзге мүшелерге аударды. Сіз осы мүшелер алаңын сезіне 
бастайсыз. Нәтижесінде жүргізуші бұйрығынан кейін кӛзіңізді ашасыз. 
Жүргізуші қайтадан алдында аталған дене мүшелерін қайта атап ӛтеді, ол 
алдындағы тізімге сай жүргені абзал. Ал Сіз осы мүше аумағына назарыңызды 
бӛле алған болсаңыз қолыңызды кӛтересіз. Кезекпен қол кӛтерген барлық 
қатысушылар ӛз сезімдерін сипаттап береді. Сонымен жүргізуші дене 
мүшелерін атауды бастайды. Жүргізуші қорытынды шығарған кезде: нәтижесін 
айтып және оған баға береді. Ойын аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет