Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


АТ – тҥске байланысты медитация жаттығуы



Pdf көрінісі
бет49/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

АТ – тҥске байланысты медитация жаттығуы.
Қатысушылар ӛз отырған қалпында, ойша ӛз санасын белгілі бір бояу 
түсіне: шыңында қар бар тау, жасыл шӛп, кӛк түсті гүл назар аударады. 
Жаттығу барысында қатысушы санасында түс туралы бейнелерді сақтаған жӛн. 
Жаттығу қатысушы  түсті бейнелерді елестете бастағанға дейін қайталанады.  
Рефлексиялық компонент 
«Тҥрлену» жаттығуы.  
Топ мүшелері бір шеңбер бойына ортырады. Елестетіп кӛріңіз, Сіз сол 
сәтте бірден бір жануар немесе ӛсімдік сияқты материалды әлем объектіне 
түрлену керек. Ойланып қандай жануар, ӛсімдік немесе объект алғаныңызды 
айтыңыз.
Бұл сәттер шығармашылық процес механизмдерінің бірін белсенді етуші 
елестету нұсқасы болып табылады, ол кезде бірнеше рет мәселені логикалық 
тұрғыда ойда қайта саралау жүреді және де оның бейнелік формаға ауысуы 
орын алады, яғни пайда болған идеялардың ассоциациясы.
Топ мүшелері бұл тапсырманы орындау кезінде түрлі стратегияны 
ұстанады. Бұл стратегияларды жұмыстың бұл деңгейінде талдамайды, сонымен 
бірге жүргізуші оның кӛрінуін тіркейді. Нәтижесінде алынған тәжірибе 


129 
шығармашылық процестің механизмдерін және деңгейлерін бейнелеу үшін 
қолданылады.
Ең кең тараған екі стратегия. Біріншісінде түрлену ӛздігінен жүреді, ол 
кезде қатысушы пайда болған бейнелерді бірден айтуға тырысады, немесе 
біршама уақыт оларды қайта саралап нақтылай түседі. Екінші жағдайда 
қатысушы ӛзінің бірқатар сипаттамаларын ерекшелеп және материалды әлем 
объектін, жануар немесе ӛсімдіктті ӛзі таңдайды.
Топ қатысушылары бір шеңбер бойында отырады.
«Әрбір адам бұл ӛмірде бір рет болмасын ӛзін әдеби персонаж, тарихи 
тұлға, атақты адамдармен салыстырып, ӛздерін олардың орнында сезінгісі 
келген, ойша сол адам ӛмірімен ӛмір сүргісі келген, әлемге сол адамдардың 
кӛздерімен қарап олар сезінгенді сезінгісі келген. Еске түсіріп кӛріңіздер... Ал 
енді таныстықты жалғастырып тағы бір рет ӛз есімімізді айтамыз, сонымен 
қатар сол бейне, атақты адамдар туралы айтып берсек.». 
Таныстықтың бұл түрі топ ахуалына жағымды әсер етеді: сенім деңгейі 
жоғарылап, қатысушылар бір – бірі туралы кӛптеген жаңалықтарды кӛреді.
Бірқатары үшін бұл тапсырма қиындық тудыруы мүмкін, ол айтылатын ақпарат 
түріне байланысты. Жүргізуші ондай адамдардың кӛрінісі ең бірінші болуына 
ықпалдық жасайды. Дегенмен де ол қатысушыларды асықтырып немесе 
олардың іс – әрекеттерін сӛзбен қақпайды. Барлығы сӛйлеп болған соң 
жүргізуші оларға бір – біріне сұрақ қоюды ұсынады, әрине керек болған 
жағдайда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет