Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Қҧндылық – мағыналық және рухани – адамгершілік компоненті



Pdf көрінісі
бет50/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Қҧндылық – мағыналық және рухани – адамгершілік компоненті 
«Ӛз – ӛзіне деген сенім» жаттығуы.
Жағдаяттарды, дәлелдерді, адамдарды бағалау кезіндегі «есеп бастамасы» 
табу сұрағы талқыланады, яғни бастаманы табу. Ӛзіндік бағасы тӛмен, ұяң 
және ӛзгелер ойына жүгінуші, сонымен қатар ӛз – ӛзіне деген сенімі жоқ жас 
бала.
Жас бала ӛмірінің нақты бір жағдаятын талдау кезінде психолог маман 
сұрақ қояды: Сенің ойыңша қалай? Сенің ішкі жан дүниең саған не айтады
Сенің интуицияң саған не кӛрсетіп тұр?
Мұндай сауалдарды қою арқылы психолог маман жас қыз немесе бала 
бойында ӛзіндік тәжірибесін қабылдауды, ӛзіндік ӛмірлік кӛзқарасты 
қалыптастырады.
Әдетте, ӛзіндік бағалауы тӛмен жастарда энергетикалық тонусы да тӛмен 
болады. Олар сӛздерінде, іс – әрекетінде бояулық, пассивті, аңдап басуды 
танытады немесе керісінше ӛте кӛп сӛйлеп, аса абыржи түседі. Мұндай мінез–
құлықты ұяң жас адам ӛзіне жаңа жағдай туындаған кезде, алғашқы орын алған 
жағдаятқа бейімделу жүрген кезде бірден танытады.
Эмоционалды компонент
«Ым – ишарат және дауыс ырғағын бақылау» жаттығуы.
Қатысушыларға ым–ишарат және дауыс ырғағы арқылы қалай адамның 
эмоционалды күйін анықтау түсіндіріліп, кӛрсетіледі, оның барысында сенімді 
дауыс пен байыпты ым–ишарат қалай әсер ететіндігі, яғни сенімділік 


130 
ұялататыны айтылған. Айна алдында біршама рет қайталау керектігі, мысалы 
сабаққа дайындық кезінде қайталау қажеттілігі бар. 
«Кҥлімдеу» жаттығуы.  
Бет бұлшық еттерін басқаруға мақсатты түрде үйрету. Топ мүшесіне 
бірқатар қалыпты жүйкелік – бұлшық ет қысымын бәсеңдетуші жаттығулар 
беріледі.
8 сабақ 
Интегралды – тҧлғалық қасиеттер компоненті
«Қарама – қарсылық» жаттығуы.
Орындыққа ыңғайлап отырып, кӛзіңізді жұмып оң қолыңызды жұмыңыз. 
Күш салу арқылы небәрі қаттырақ жұмыңыз. 10-12 секунд аралығында 
жұдырығыңызды жұмған күйде ұстаңыз. Сонымен, оң қолыңызды жұмып 
ұстаңыз (12 секунд үзіліс). Ал енді қолыңызды бӛксеңізге түсіріп қолыңыздағы 
және иықтағы сезімдерге назар аударыңыз. Мүмкін сіз жылу, қол мен саусақтар 
ісінуін, күйгендей сезім, бұлшықеттің еріксіз қозғалысын сезінген боларсыз.
Керісінше сезімдер де туындауы мүмкін, мысалы салқындық және жеңілдік. Ӛз 
сезімдеріңіз туралы бір бірден айтып беріңіздер. Енді жаттығуды сол қол үшін 
қайталаймыз. Жұдырықты барынша күшпен жұмып және үзіліс кезінде 
босаңсытыңыз. Ӛз сезімдеріңізді кеінірек айтып беру үшін есте сақтап алыңыз. 
Сонымен даярмыз ба, сол қолымызды қатты жұмамыз. Ӛте қатты... Жұмылған 
жұдырықты ең үлкен қысымда ұстаймыз (10 секунд үзіліс). Ал енді бірден 
босатып және қолымызды бӛксеге түсіреміз. Дәл сол жаттығуды екі қолға 
бірден жасаймыз. Даярмыз ба, жұмамыз. Ең үлкен қысымды пайдаланыңыз: 
қысымнан қолдарыңыз дірілдеу қажет. Рахмет, енді екі қолды босатып тізеге 
түсіреміз. Жүргізуші қатысушыларды тағы бір рет сұрап ӛтіңіз. Кімде ең 
жарқын сезімдер пайда болған? Жүргізуші жаттығу қорытындысын 
шығарыңыз.
АТ 2 жаттығуы – белгілі бір түс негізіндегі медитация. Жаттығу мақсаты – 
мақсатты түрде белгілі бір түстік кӛріністерді тудыру. Бір мезетте түс 
ассоциациясы жаттығады. Мысалы, күлгін – тыныштық сезімі, қара – қайғы, 
уайым т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет