Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет51/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Рефлексиялық компонент 
«Математикалық формула тҥріндегі тҧлға» жаттығуы. 
Топ мүшелері шеңбер бойында отырады. «Математиктер бұл әлемнің 
барлығын, заттардың ӛзін де формула арқылы сипаттауға бейім. Мен біздің 
таныстық кезінде математиктерге айналуды ұсынамын, ӛз есіміңізді айтар кезде 
тұлғаңыздың сипаттамасына тән формуланы атауды ұсынамын».
Бұл тапсырма бірқатар қатысушыларда қиындықтар тудыруы мүмкін. 
Кейбір қатысушыларда түсінбеушілік туындауы мүмкін, мысал келтіріңіз деген 
ұсыныстар 
түсуі 
мүмкін. 
Жаттықтырушы 
бұл 
кезде 
жағдаяттың 
анықталмағандығын сақтауға тырысуы керек. Мысал келтірудің керегі жоқ, 
математикалық тіл ӛте бай екенін айта кетіп, сонымен қатар әрбір адамға 
ӛзіндік математика бӛлімін құрастыруға мүмкіндік барын естен шығармаған 
абзал екенін айта кеткен жӛн.


131 
Қҧндылықты–мағыналық және рухани– адамгершілік компоненті 
Арттерапия жаттығуы 
Әрбір қатысушы ӛзіне берілген ақ параққа нақты тақырыпта сурет салады: 
«мен 5 жылдан соң». Суретті аяқтаған соң барлық топ ӛз ойын айтады. Топ 
мүшелері автордың сурет арқылы не кӛрсеткісі келгенін, сурет мәні неде 
екенін, және сурет қандай сезім тудыратынын айтады. Содан соң автордың ӛзі 
ӛз суреті туралы айтады.
Эмоционалды компонент 
«Ойды жаттықтыру» жаттығуы 
Үрей тудырушы жағдаят алдын ала елестетіледі және ӛзіндік мінез – құлық 
пен іс – әрекет алдын ала ойластырылады. 
«Репетиция» жаттығуы.
Психолог маман студенттермен оларда үрей тудырушы жағдаятты 
ойнатады. Мысалы: студент сабаққа жауап беру кезінде психолог «қатаң 
оқытушы», «әжуа сыныптасы» рӛліне енеді. Сонымен қатар студентке 
ескертпестен дауыс ырғағын ӛзгертіп, шыдамсыздық таныт, сӛзін бӛлу сияқты 
әрекеттер де тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет