133
Сіздің денеңіз босаң және тыныштықта. Сіз ӛзіңіз қалаған жерге бара
аласыз. Сіз ӛзіңізді жайлы сезінетін жердесіз. Біреулер үшін ол ӛз үйі
болуы
мүмкін, біреулер үшін бала кезде тығылуды ұнататын бір бұрышы болуы
мүмкін.
Ал енді ары қарай жылжимыз. Сіз жол бойымен келе жатып теңіз дауысын
естисіз. Толқындар жағалауға шығып кері қайтуда. Теңіз жағалауында түрлі
кемелер бар ерте грек кемелері, бригантины, атомоходы, авианосцы….
Сіз пирс бойымен келесіз жан – жағыңызға қызыға қарайсыз. Осы
кемелердің ішіндегі қалағаныңыз сіздікі біліп қойыңыз. Ӛзіңізге лайықтысын
таңдап алыңыз. Оны мұқият қарап шығыңыз. Ӛз кемеңізге отырыңыз.
Сізді
онда қалай күтіп алды? Кемеде кім бар екен? Әлде кемеде ешкім жоқ па?
Кеменің ішін қарап шығыңыз. Капитан басқарушы орынға кӛтеріліңіз. Ӛзіңіз
орналасатын бӛлмеге кіріңіз. Қарап кӛріңіз осы жерде бүктелген қағаз жатыр.
Ашып кӛріңіз бұл карта. Онда сіздің бірінші саяхатыңыздың мақсаты бағыты
кӛрсетілген. Мақсатыңыз не? Бару керек жердің атауы бар ма? Ӛз
сапарыңызға шығыңыз. Сіз ӛз мақсатыңызға келесіз. Алыс па ол? Сізді жолда
не күтіп тұр? Қазір сіз ӛзіңіздің саяхатыңыздың жалғастырасыз. Қазір сіз ӛз
кино жалғасын кӛресіз. Қараңыз.
Жүргізуші 2-3 минут үнсіз тұрады.
Енді бірінші саяхаттағы алғашқы тоқтайтын аялдамаға келдік. Міне сіздің
саяхатыңыз да тамам. Кейіннен сіз міндетті түрде ӛз кемеңізге жолыңызды
жалғастыру үшін ораласыз. Ол үнемі сізді жағалауда күтеді.
Сіз кемеден
алшақтап кері болмеге оралып келесіз және ӛз денеңізді сезінесіз.
Қазір мен 7 ден 1 ге дейн санаймын. Әр айтылған санмен сіз бірте бірте
осы күйден шыға бересіз. Мен 1 санын айтқанда сіз толықтай сергек күйде
оянасыз.
Жаттығуды талдау кезінде күй рефсеклиясымен қосымша мынадай
сұрақтарға жауап алған жӛн:
- Сіз ӛзіңізге қандай кеме таңдадыңыз?
- Оның түсі қандай?
- Оның атауы қандай?
- Сізді кемеде біреу күтіп алды ма?
- Кемеде ӛзіңіз үшін қызықты не таба алдыңыз?
- Сіздің жүзудегі мақсатыңыз не?
- Соңғы аялдама атауын кӛре алдыңыз ба?
- Кеменің порттан шығу кезіндегі ауа райы қандай еді?
- Жол бойында сізге не болды?
Қорытындысын шығару. Талдау.
Жаттығуды
орындаған соң не сезіндіңіз, сонымен қатар ӛзге
қатысушыларды бақылай отырып не кӛре алдыңыз?
Қатысушылар ӛз сезімдерімен топпен бӛліседі [261].
Достарыңызбен бөлісу: