Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет55/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Рефлексиялық компонент 
«Мен ӛзгермелі әлемдемін» жаттығуы 
Топ қатысушылары шеңбер бойында отырады. Біз осы сәтте белгілі бір 
уақыт аралығын ӛз – ӛзімізге, ӛз ойымызда, сезімдерімізде, күйзелістерімізге 
назар аударуға бӛлеміз. Ыңғайлы отырып кӛздеріңізді жұмыңыздар. Ӛз тыныс 
алуыңызға назар аударыңыз. Ауа қозғалысы қалай мұрын арқылы ма тамақ 
арқылы ма, сіздің кеудеңізге барды ма. Әр тыныс алумен сіздің денеңізге 
энергия кіріп, ал әр тынысты шығарумен ағзаға керексіз заттар шығып кетеді. 
Ӛз денеңізге назар аударыңыз. Ӛз денеңізді бастан аяққа дейін сезініңіз. Сіз 
орындықта отырсыз бір дыбыстарды еститін іспетісіз, бетіңізге тиген ауа лебін 
сезесіз. Мүмкін сізге орнықтырақ отыру керек қозғалсаңыз болады.
Ал енді назарыңызды біздің ӛмір сүріп отырған әлемнің ӛзгергіштігіне 
бӛліңіз. Біздің қатаң уақыт лезде ӛзгергіш.


135 
Олар кейде ӛте тез болады. Бұрынғы кездердегі жылдар, ғасырлар бойына 
созылғанг әлеуметтік және техникалық ӛзгерістер қазір бірнеше айда орын 
алады. Ол үнемі бізге әсер етеді. Осы жӛнінде ойланып кӛріңіз.
Сізде қандай ойлар туындайды? Сіз ӛзіңізді бұл ӛзгермелі ӛмірде қалай 
сезінесіз? (Бұл сұрақты тренер бірнеше рет қайталайды).
Жақсылап ойланып, бұл ӛзгермелі әлемде ӛмір сүруге сізге қандай 
қасиеттеріңіз кӛмек береді.
Ал енді еске түсіріңіз, сіз мына бӛлмеде отырсыз және қасыңызда ӛзге 
адамдар бар. Осы шеңберге қайта келіңіз және оны ӛзіңізге ынғайлы 
жылдамдықпен атқарыңыз. Сіз бірден кӛзіңізді ашуыңызға болады, немесе тағы 
да жабық кӛздермен отыра тұрыңыз.
Қатысушылардың барлығы кӛздерін ашқан соң тренер ӛз сезімдерін қайта 
сезініп, сурет салуды тапсыруы мүмкін. Ол үшін қатысушыларға қағаз, бояу, 
түрлі-түсті қаладар, пастель беріледі. Қатысушылар суреттерін кейіннен 
болашақ сабақтардың барысында оларды кӛре алатындай етіп орналастыру 
керек.
Сурет салып болған соң, тренер суреттерді керекті жерге орналастырып 
болған соң, тренер ережені жалғастырады: «Біз жұмысымызды жалғастырамыз. 
Қазір біз топтарға бӛлінеміз, 4-5 адамнан әр топта ӛз сезімдерімізбен, 
ойларымызбен, алған әсерлерімізбен бӛлісеміз. Бір – бірімізге ӛзгермелі ӛмірде 
біздің ӛмірімізді не қиындатып ненің жеңілдететінін айтамыз, қасиеттерімізге 
басты назар бӛлеміз. Ӛз топтарыңызда осы сапалар тізімін құрамыз. 
Жалпылама түрде емес жазылған сапалар нақты және дәл болуы керек. Осы 
жазылған тізіммен ӛзге де кішігірім топтармен бӛлісуге даяр болыңыз». Әр топ 
ӛз тізімімен таныстыру кезінде тренер сұрақтар қоюға шақырады. Сонымен 
қатар тренер аталған сапаларды ватманға жазады. Бұл жаттығу мақсаты 
ӛзгермелі ӛмірдегі ӛз тәжірибесін сезінуге бағытталған.
Тӛменде сапалардың қысқаша тізімі беріледі. Осы сапалар түрлі топтарда 
кӛрсетілген. 1. Ӛзгермелі ӛмірде ӛмір сүруге кӛмек бертін сапалар, және мінез – 
құлық ерекшеліктері:
 Оптимизм, адамдраға деген махаббат, әлемге деген жағымды кӛзқарас;
 Ӛзіңді және әлемді барлық жағынан қабылдау;
 Мәселеге ӛзгелер кӛзімен қарай алу;
 Ӛмірге деген жеңіл қатынас;
 Ӛзіндік аяқталмағандықты сезіну;
 Қарым – қатынасқа оңай түсу; 
 Эмпатия, сезімталдық;
 Адамдарға кӛмек беру; 
 Жұмысқа деген құштарлық; 
 Арманшыл болу, қиялдай алу;
 Ӛз – ӛзіне деген сенімділік, мақсаттылық, табандылық;
2. Ӛзгермелі ӛмірде қиындық тудырушы сапалар:
 Ӛз-ӛзіне және ӛз күшіне деген сенімсіздік;; 
 Ӛзіндік бағасының тӛмен болуы; 


136 
 Дербестіктің болмауы; 
 Ұстанымдарға қатты бағыну; 
 формалдылық; 
 ойлау мен әрекеттегі стереотиптің болуы; 
 ӛзгелер ойын қабылдай алмау, жалпы ережелер мен нормаларға бағыну;
 үрейлену; 
 ӛзгелер әсеріне тез бағыну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет