138
қатынас барысында мен ӛз бойыма ерікті зейін қою қасиетін дарыттым». Олай
деп біз айтқан болсақ ол адам бізге «Не себепті?» деген сияқты сұрақ қояры
анық. Бұл сауалға «ӛйткені маған кей кездері ұзақ сӛздің мәнін толықтай ұғыну
қиын» деп жауап беруге болар.
Ең басты шарт, айтылған сӛздің түсіндірмесі «Мен - хабаршы»
тұсынан
айтылғаны жӛн. Жаттығудың мәні қарым – қатынас барысындағы ӛзіндік
қиындықтарды байқау арқылы біз оларды ӛзгеге айтып, неге бұл қиындық тек
сол адаммен сӛйлесу кезінде туындайтынын түсіндіру керек. Бірақ оны ерекше
әдіспен «психосемантикалық», ӛзге адамның тұлғалық тұтастығын сақтай
отырып іске асырған жӛн.
«Мен - хабаршы» мәні қиындық мен үшін құрылып, оны шешу барысында
жақсылыққа ӛзгеру жүреді. «Сен - хабаршы» мәні сен менің алдыма
қиындықты қойған соң, мен ӛз – ӛзімді ӛзгертуім керек. Біз үшін «Сен -
хабаршы» үйреншікті, дегенмен оны «Мен - хабаршыға» алмастыру жӛн
болары анық.
«Сен - хабаршы» Сен ӛте кӛп сӛйлегендіктен маган оған аса зейін
қойып
тыңдау керек.
«Мен - хабаршы» Сенімен қарым – қатынас барысында мен ӛз бойыма
еріксіз зейінді дамытамын.
«Сен - хабаршы» Сен үнемі бет перде киінген бет әлпетпен
отыратындықтан, сенің қандай екеніңді түсіну ӛте қиын.
«Мен - хабаршы» Сенімен таныс болғаныма тағдырыма мың алғыс,
ӛйткені сенімен қарым – қатынасқа түсу барысында мен ӛзімнің психологиялық
байқағыштық қасиетімді дамыта түстім. (Егер түсініктеме берер болсақ: Ол
ӛйткені маған вербалды емес ӛте байқалмайтын сигналдарды кӛру ӛте қиын.
Сол себепті мен үнемі күлімдеген, кӛп сӛйлейтін
адамдарды бақылап
отырамын).
Кей кездері топ мүшелеріне қарым – қатынастың жағымды жағынан
қиындықтарға ауысу ауыр. Олардың бірқатары ӛз сӛздерінде ӛзге адамның
жағымды жақтарын атап ӛтеді. Мысалы: «Сенімен үнемі бірге жүріп, сенен
шыдамдылыққа үйрендім, сен ӛте шыдамды жансың».
Мұндай жағдайда
ережені қайталаған жӛн.
Жаттығу тек әрбір қатысушы бір рет ӛз ойын айтқан соң аяқталады. Содан
соң топқа сұрақ қоюға болады: «Бұл жаттығу не береді?» Әдетте қатысушылар
бұл жаттығу арқылы ӛз кемшіліктерін түсінгенін айтады, яғни ӛзге адамды
ешбір ӛзгеріссіз қабылдау керек екенін. Содан соң жаттығу ӛзге адамдардың іс
– әрекеті олармен қарым – қатынасты қиындататынын түсінуге мүмкіндік
береді.
Нәтижесінде
қатысушылар
жаттығуда
пайдаланылған
«психосемантикалық» моделді ӛте жоғары бағалайды, және олармен қарым –
қатынас кезінде бізде қандай қиындықтар пайда болатынын түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: