Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет58/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Эмоционалды компоненті 
«Позитив» жаттығуы 
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. «Бүгінгі күнді допты бір – 
бірімізге беру арқылы доп берген адамның тек жақсы қасиеттерін атап ӛтумен 


139 
бастаймыз. Доп барлық адам қолында болғанын қадағалап отырамыз».
12 сабақ 
Интегралды – тҧлғалық қасиеттер компонент 
«Термометр» жаттығуы 
Топ екіден бӛлініп орындыққа отырады. Әр жұптағы бір қатысушы кӛзін 
жұмып оң немесе сол қолында жылулық сезімін тудыруға тырысады, қай қол 
екенін ӛзі шешеді. Оған қолы жеткен сәтте (әдетте ол үшін 1 минут жеткілікті) 
ол ӛз дайындығы туралы жұбына айтады.
Оның жұбы екі қолын бірден ұстап кӛру арқылы қай қол жылырақ екенін 
анықтауға тырысады. Әрбір мүмкіндіктен кейін рӛлмен ауысу жүреді. Бір парақ 
қағазға қолдың температурасын ӛлшеудің сәтті және сәтсіз мүмкіндіктерін 
тіркеп отырасыз.
Сонымен жұптасып отырамыз. Кімқол жылуын ӛлшейтінін және кім 
термометр рӛлінде болатынын таңдаймыз. Температураны бағалаумен 
асықпаған жӛн, ӛз шешімдеріңізді сенімді болғанда жасаңыз. Жеке парақта 
сәтті және сәтсіз мүмкіндіктеріңізді тіркеңіз. Сонымен, бастайық! (үзіліс 2 
минут) Ал енді нәтижелерді талқылау. Барлық қатысушы ӛз пікірін білдірген 
соң, жүргізуші қорытынды жасайды.
АТ – жаттығуы – адамға медитация жасау.
Ең алдымен қиялымыз бейтаныс адамға аударылады, содан соң таныс 
адамға. Жаттығудың басты міндеті таныс адамға деген субъективті 
ұстанымдардан және эмоционалды ойлардан арылу, бұл бейнелерді 
нейтралдыға алмастыру.
Рефлексиялық компонент 
Р. Ассаджиоли психосинтез техникасы.
«Субъективті тҧлғалар шеңбері» тәжірибесі.
«Дене, сана және сезім, бұларды белгілі деңгейде ӛзіндік шынайы Мен – ге 
қатысты субъективті тұлғалар деп есептеуге болады. Берілген жаттығуда біз 
әрқайсысын жеке жеке талдаймыз. Жаттығу үшін бес ақ парақ қағаз алып 
оларға «Дене», «Сезім», «Ақыл», «Интуиция», «Бақылаушы» деп жазамыз. 
Қағаздарды ӛз айналамызға қойып жерге горизонталды жатамыз. Бақылаушы 
позициясына еніп, ӛз тыныс алуымызды сезінеміз. Орталықтандырып ӛз 
ӛміріңіздің энергиясына жақындай түсіңіз. Ӛз ӛміріңізді шексіздіктен келген
және шексіздікке барар ағын ретінде сезініңіз. Дәл сол сәтке ӛзіңізді түсінуге 
тырысыңыз. Сіз таса сезіну орталығысыз, ӛзіндік Мен-ді барлық тұлға 
позициясында дұрыс қабылдайсыз. Сіз түрлі позицияға ауысасыз: дене, сезім, 
ақыл – бұл позицияларды ӛз асылыңыздың кӛлігі ретінде қарастырыңыз.
Дене позициясына кӛшіңіз (оны тек ойша емес, физикалық түрде де іске 
асыру керек «Дене» деген қағаз үстіне жату арқылы). Сіз қалай ойлайсыз, дене 
сіздің ӛміріңіз туралы не ойлайды? Сіздің денеңізге сіздің қарым – 
қатынасыңыз ұнайды ма? Сіз дене қозғалысына уақыт бӛлесіз бе, оны сезінесіз 
бе? Сіздің қамқорлығыңыз туралы сіздің денеңіз не ойлайды? Дене сіздің 
тасымалдаушыңыз ретінде ӛзіне деген демеушілікті сезінеді ме? Дене 


140 
ретіндесіз бұл ӛмірден не алар едіңіз? Сізге не жетіспейді? Сіздің 
қожайыныңыздың сізге деген қарым – қатынасы қалай ӛзгеруі керек? Бес минут 
кӛлемінде осы сұрақтарды ӛз – ӛзіңізге қойыңыз.
Бақылаушы позициясына кӛшіңіз және туындаған бейнелерді және 
сезімдерді қағазға түсіруге тырысып кӛріңіз. Содан соң «Сезім» позициясына 
ауысыңыз, ӛз сезімдеріңізге айналыңыз. Жақсы қожайын ӛмірінде Сіз ӛзіңізді 
кім ретінде сезінесіз? Сіз оның ӛміріне позитивті түрде ӛзгертулер енгізу үшін, 
оның деген қарым – қатынасы сізге қалай ӛзгеруі тиіс. Бақылаушы 
позициясына оралып, пайда болған бейне мен сезімдерді жазып алыңыз. Ақал 
позициясына кӛшіңіз. Сіз енді ӛзіңізді бұл адам ӛмірінде қалай сезінесіз? Сізде 
даму потенциалы бар ма? Бұл адамға пайда алып келу үшін, Сіз қалай ӛз – 
ӛзіңізді қалай дамытуды қалайсыз? Осы позицияда 5 минут болған соң, қайта 
бақылаушы позициясына кӛшіңіз. 
Енді ӛзіңізден осыған дейін алынған материалды бӛліп алыңыз. Интуиция 
позициясына кӛшіңіз. Интуиция сіздің ӛміріңізде қаншалықты кӛрініс тапқан? 
Оны пайдаланасыз ба және қалай? Интуиция қай кезде ӛте тӛмен пайдаланады, 
және оны қалай күшейтуге болады? Интуиция позициясынан рухани және 
мақсатты адам бейнесін тауып кӛріңіз. Осы бейнені тапқан сәтте интуиция 
позициясынан бақылаушы позициясына ауысып оны қағаз бетіне түсіріңіз. Бұл 
жаттығу мақсаты – ӛмірге деген ӛзіндік позицияна кӛру және ӛз 
мүмкіндіктеріңіздің жинақты болмауының себептерін анықтау. Қорытынды 
жасаңыз. Талқылаңыз.
- Сіз жаттығуды орындап болған соң не білдіңіз және не сезіндіңіз? Ӛзге 
топ мүшелерін бақылау барысында не білдіңіз? Топ мүшелері ӛз бақылауының 
нәтижелерімен және ойларымен бӛліседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет