Тест нәтижелерін талдау
150 балл яғни жалпы балл қосындысының 50% бір аурудың туындауының
белгісі, ал 300 балл болса ол 90% ӛседі.
Қосынды бірден стресске қарсылық деңгейін анықтайды. Жиналған балдың
жоғары болуы бұл уайымдауды қажет етуші дабыл, ӛйткені бір қауіп бары анық.
Сәйкесінше сізге оған қарсы әрекетке бару керек немесе мүлдем стрессті жоюға
тырысу керек. Есептелген қосындының тағыда бір маңызды мәні – ол санмен сіздің
стресстік жүктемеңізді кӛрсетеді.
Стресске қарсылық дәрежесі
150-199 бал – жоғары;
200-299 бал – жеткілікті;
300 және одан да кӛп бал – тӛмен.
Егер, мысалы, бал қосындысы 300 ден асатын болса, бұл шынайы қауіп бар,
яғни сізде психосоматикалық ауру болуы мүмкін, себебі сіз жүйкенің тозуына шақ
тұрсыз.
174
ҚОСЫМША Б
А.Г. Маклакова және С.В. Чермякинаның «Бейімделушілік» атты кӛп деңгейлі
тҧлғалық сауалнамасы
Шкалалар: бейімделу мүмкіндіктері, жүйке – психикалық тӛзімділігі,
коммуникативті ерекшеліктері, адамгершілік нормалары.
ТЕСТ КЕЛЕСІ ШАМАЛАРДЫ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН: Келесі
параметрлер бойынша зерттелушінің бейімделуін зерттеу: бейімделушілік
мүмкіндіктері, жүйке – психикалық тӛзімділігі, адамгершілік нормалары.
Нҧсқаулық: Тӛменде кӛрсетілген сӛзтіркестеріне «Ия» немесе «Жоқ» деп жауап
беріңіз.
ТЕСТ:
1. Кей кездері реніштерім болып тұрады.
2. Әдетте таңертең мен тынығып және жақсы күйде оянамын.
3. Дәл қазір менің жұмысқа деген қабілетім әдеттегідей жоғары.
4. Тағдыр маған ӛте қатігез деп ойлаймын.
5. Менің ішімнің қатуы сирек болады.
6. Кей уақытты мен үйден кетіп қалғым келеді.
7. Кей уақытта мен себепсіз күліп немесе жылағым келеді, мен оны басқара
алмаймын.
8. Менімше, мені ешкім түсіне алмайды.
9. Егер маған біреу қиянат келтірсе, оған солай жауап қайтару дұрыс деп
есептеймін.
10. Кей кездері менің басыма ешкімге айтуды қажет етпейтін жаман ойлар
келеді.
11. Менің бір міндеттер мен жұмысқа назар бӛлуім қиын.
12. Менде кей кездері әдеттегіден тыс ойлар болады.
13. Менде мінез-құлқыма байланысты оқыс жайттар болған емес.
14. Бала кезімде мен кішігірім ұрлық жасағанмын.
15. Кей кезде мен айналамды қиратып сындырғым келеді.
16. Күні бойы ешбір жұмыссыз қол қусырған күнім болған, себебі мен ӛзімді
жұмысқа мәжбүрлей алмадым.
17. Менің ұйқым тыныш емес, үнемі ояна беремін.
18. Менің отбасым жұмысыма қатысты менің таңдауыммен келіспейді.
19. Мен ӛз сӛзімде тұрмаған кездерім болған.
20. Менің басым жиі ауырады.
21. Аптасына бір рет ешбір себепсіз дене қызуымның кӛтерілгенін байқаймын.
22. Егер барлық заңдар күшін жойса, жақсы болар еді.
23. Менің денсаулығым ӛзге таныстарымның кӛпшілігімен бірдей.
24. Кӛшеде ӛз таныстарымды немесе кӛптен кӛрмеген сыныптастарымды кӛріп
олар бірінші болып менімен сӛйлеспесе, танымай ӛтіп кетуді жӛн кӛремін.
25. Мен кӛптеген таныстарыма ұнамдымын.
26. Мен қарым – қатынасқа оңай түсетін адаммын.
175
27. Кей кездері мен ӛз дегенімнен қайтпаймын, сол себепті адамдар
шыдамдылығын жоғалтады.
28. Уақыттың кӛп бӛлігі менің кӛңіл күйім жоқ.
29. Менің осы ӛмірде енді қолым жетістікке жетеді дегенге сенбеймін.
30. Менің ӛз – ӛзіме деген сенімділігім аз.
31. Кей кездері мен ӛтірік айтамын.
32. Әдетте менің ойымша ӛмір тұрарлықтай.
33. Меніңше, кӛптеген адамдар қызмет бабымен ӛсу үшін ӛтірік айтады.
34. Мен жиналыс немесе қоғамдық іс – шараларға қатысуды ұнатамын.
35. Мен ӛз отбасы мүшелерімен кикілжіңге сирек түсемін.
36. Кей кездері мен әдеп ережелерін бұзып, ӛзгеге қиянат келтіргім келеді.
37. Мен үшін ең қиын күрес ӛз – ӛзіммен күресу.
38. Бұлшық ет жиырылуы немесе тартылуы менде сирек орын алады. (немесе
мүлдем болмайды).
39. Менімен ары қарай не болатыны, мені мүлде мазаламайды.
40. Кей кездері мен ӛзімді жайсыз сезінемін, ашушаң болып кетемін.
41. Жиі менде бірнарсені дұрыс істемедім деген сенім болып тұрады.
42. Кейбір адамдар бұйыруды ұнататыны соншалық, мен оларға дұрыс екенін
білсем де қарсы шығамын.
43. Мен адалдық деп тапқан нарсені, қорғауды жӛн кӛремін.
44. Менің сӛзім бірқалыпты, бұрынғы кезден еш ӛзгермеген.
45. Менің ойымша, менің отбасылық ӛмірім ӛзге таныстарым сияқты жақсы.
46. Маған сын айтса, мен оған аса шыдамдылықпен қарай алмаймын.
47. Кей кездері менде ӛзіме немесе ӛзгеге міндетті түрде қиянат келтіруім керек
деген сезім болады.
48. Менің іс – әрекетім үнемі мені қоршаған ортамның тәртібіне байланысты.
49. Балалық шақта менің ӛскен ортам бір – бірін үнемі қорғаушы еді.
50. Кей кезде мен шатақ шығаруға даяр тұрамын.
51. Мен ӛзім білмегенді айтқан кездерім болған.
52. Әдетте менің ұйқым тыныш, мені ешбір ойлар мазаламайды.
53. Соңғы жылдары мен ӛзімді жақсы сезінемін.
54. Менде ешқашан талма болған емес.
55. Менің салмағым қазіргі күні тұрақты.
56. Мені жиі лайықсыз жазалады деп есептеймін.
57. Мен тез жылаймын.
58. Мен аз шаршаймын.
59. Менің отбасы мүшесі заң бұзушылық жасаса мен оны қалыпты түрде
қабылдар едім.
60. Менің сана сезімім дұрыс емес.
61. Мен ұяңдығымды жасуру үшін ӛте кӛп күш жұмсаймын.
62. Менде бас айналу ӛте сирек болады.
63. Мені сексуалды сұрақтар мазалайды.
64. Маған жаңа танысқан адамдармен бірден сӛйлесіп кету қиын.
65. Мен бір істі бастамас алдында қолымның дірілдейтінін байқаймын.
176
66. Менің қолым бұрынғыдай жылдам және икемді.
67. Мен кӛп уақыт бойы әлсіздік сезінемін.
68. Кей кездері мен қатты қысылған кезде кӛп терлеймін және оған жиі
ашуланамын.
69. Кей уақытта бүгін бітіретін істі, ертенге жиі қалдырамын.
70. Мен болашағы жоқ адаммын деп ойлаймын.
71. Кей кездері біреуден немесе дүкеннен бір затты ұрламау мен үшін ӛте қиын
болды.
72. Мен ішімдікті ӛте кӛп іштім.
73. Мен жиі уайымдаймын.
74. Мен бірнеше үйірме немесе қоғамдықтардың мүшесі болғым келеді.
75. Менің тынысым сирек тарылады, және жүрегімнің соғуының жиі болуы
орын алмайды.
76. Мен ӛмір бойы парызыма негізделген ұстанымдар бойынша жүремін.
77. Кей кездері мен ӛзгелерге тек ұстанымдарыма қатысты қарсы шыққан
күндер орын алған.
78. Егер маған айыппұл тӛлету қауіпі және машина болмаса, мен кӛшені ӛз
қалауыма сәйкес қиып ӛтемін.
79. Мен отбасы тарапынан бақылаудан үнемі еркін болдым.
80. Мен уайымдаудан бір орында тыныш отыра алмаған күндерім болған.
81. Әдетте менің іс әрекеттерімді дұрыс түсінбейді.
82. Менің ата – аналарым және ӛзге отбасы мүшелері асыра менің істеріме
қызуғышылық танытады.
83. Менің ойымды біреу басқарады.
84. Адамдар сенің жағдайыңа бейғам және ешбір қызығушылық танытпайды.
85. Маған барлығы бір біріне күлетін орта ұнайды.
86. Мектепте мен мәліметті ӛзгелерден баяу қабылдайтынмын.
87. Мен ӛз – ӛзіме сенімдімін.
88. Ешкімге сенбеу ең қауіпсіз.
89. Аптасына бір рет немесе одан да жиі мен ӛте ашушаң боламын.
90. Мен белгілі бір ортада отырғанда сӛйлесуге лайықты тақырып табуым ӛте
қиын.
91.Ӛзгелерді қорқыту маған қиын емес, кей кездері мен оны ойын үшін
жасаймын.
92. Ойында мен тең жеңуді қалаймын.
93. Ӛзін алдауға мүмкіндік берген адамды алдағанға кінә тағып керек емес.
94. Ӛзге біреу менің ойыма әсер етуді қалайды.
95. Мен күнделікті ӛте кӛп су ішемін.
96. Мен жалғыз болғанда, ӛте бақыттымын.
97. Қылмыскер бір себептермен ӛз жазасын алмауы мені ашуландырады.
98. Менің ӛмірімде бір немесе бірнеше рет, гипноз кӛмегімен ӛзге адам
қалауына кӛндірген кездері болған.
99. Мен адамдармен бірінші болып сирек сӛйлесемін.
100. Менде ешқашан заң бұзушылық болмаған.
177
101. Мен ӛз таныстарымның қатарынан маңызы зор адамдарды кӛргенді
қалаймын, себебі олар маған белгілі деңгейде күш береді.
102. Кей кездері ешбір себепсіз кӛңілді кӛңіл күйде боламын.
103. Ӛмір мен үшін үнемі бір қысым тудырады.
104. Мектепте мен үшін сынып алдында сӛйлеу ӛте қиын болды.
105. Адамдар маған лайықты деңгейде жанашырлық танытады.
106. Мен кейбір ойындарды ойнаудан бас тартамын, себебі ол менің қолымнан
келмейді.
107. Мен ӛзгелер секілді жолдасты тез табамын.
108. Менің айналамда адамдар кӛп болса, маған қолайсыз.
109. Менің жолым болғыш.
110. Мені састыру ӛте оңай.
111. Мен отбасымның кейбір мүшелерінің іс – әрекетінен шошимын.
112. Кей кездері менде оқыс жылау немесе күлу болады, және мен оны мүлдем
басқара алмаймын.
113. Маған жаңа тапсырмаға кӛшу немесе жаңа жұмысты бастау ӛте қиын.
114. Егер адамдар маған деген қарсы кӛзғараста болмаса, мен ӛзге де кӛптеген
жетістіктерге жетер едім.
115. Менің ойымша мені ешкім түсінбейді.
116. Менің таныстарым арасында, маған ұнамды емес адамдар бар.
117. Мен адамдармен тез шыдамдылық жоғалтамын.
118. Жиі жаңа ортада мен үрей сезінемін.
119. Менде жиі ӛлгім келетін сезім болады.
120. Кей кездері мен ӛте алаңдаулы болуыма байланысты ұйқым қашады.
121. Әдетте мен ӛзге адамды байқап қалсам, жолдың келесі бетіне ӛтіп кетемін.
122. Мен істі бастамас бұрын тастап кеткен кездерім болған, себебі ол менің
қолымнан келмейді.
123. Күнделікті мені шошытатын жағдайлар болып тұрады.
124. Адамдар арасында да мен жалғызсыраймын.
125. Ӛмірдің бір ғана мәні бар екеніне мен сенімдімін.
126. Қонақта мен тек бір адаммен сӛйлесемін, жалпылама ортаға қосылуым
қиын.
127. Маған ӛте ашушаң екенімді жиі ескертеді.
128. Кейде біреумен ӛсек айтқанды ұнатамын.
129. Мен ӛзге біреуді қателіктен айбайлауын сұрасам, мені дұрыс түсінбейді.
130. Мен жиі ӛзгелер кеңесіне жүгінемін.
131. Барлығының мен үшін жақсы екенін білген күнде де, мен үшін оның
маңызы жоқ.
132. Мені ашуландыру ӛте қиын.
133. Мен ӛзгелер қателігін кӛрсетіп оларға кӛмек бергім келсе, мені дұрыс
түсінбейді.
134. Әдетте мен ӛте сабырлымын, мені ашуландыру ӛте қиын.
135. Мен ӛз әрекеттерім үшін қатаң жазалануға міндеттімін.
178
136. Мен ӛз сәтсіздіктерімді қатты уайымдаймын, және ол туралы ойламау
қолымнан келмейді.
137. Кей уақытта мен ӛзімді дәрменсіз сезінемін.
138. Кей сұрақтарды талқылау кезінде мен еш ойланбастан ӛзгелер пікірімен
келісемін.
139. Мені барлық апаттар алаңдатады.
140. Менің ұстанымым мен кӛзқарастарым ӛзгеріссіз.
141. Менің ойымша заң бұзушылыққа бармай, мәселе шешімін табуға болады.
142. Кей адамдарға деген жағымсыз сезімнің болуы себепті, олар бір заттан
қателік жіберсе мен қуанамын.
143. Мен алаңдаудан ұйқымды жоғалтқан кездерім болған.
144. Мен кӛптеген қоғамдық іс – шараларға барамын, себебі олар адамдар
арасында болуға мүмкіндік береді.
145. Ақылға сиымсыз ережелерді бұзқаны үшін адамдарды кешіруге болады.
146. Менің жағымсыз қылықтарымның күштілігі соншалық, олармен күресу мүмкін
емес.
147. Мен жаңа адамдармен қуана танысамын
148. Кей кезде ерсі қалжын сӛзге күлемін.
149. Егер іс оңға баспаса, мен бірден барлығын тастағым келеді.
150. Мен ӛзгелер сӛзіне ермей, ӛз жоспарыма сәйкес әрекет етуді ұнатамын.
151. Мені қоршаған адамдардың менің ойымды білгенін ұнатамын.
152. Егер ӛзге бір адамға деген жеккӛру сезімі болса, мен оны жасырмаймын.
153. Мен ӛте ашуланшақ адаммын.
154. Менде барлығы орынды емес, барлығы керісінше.
155. Болашақтан ешбір үмітім жоқ.
156. Адамдар мені шешімімнен тез айнытады.
157. Аптасына бірнеше рет бір қауіпті іс болары анық деген сенім болады.
158. Мен әдетте ӛзімді қатты шаршаңқы сезінемін.
159. Мен шулы ұжым арасында болуды ұнатамын.
160. Мен кикілжіңнен және қиын жағдайлардан қашамын.
161. Мен заттарымды қайда қойғанымды ұмытып қалғаным, мені
ашуландырады.
162. Қызықты оқиғалы әңгімелер маған махаббат жайлы әнгімелерден кӛбірек
қызықты.
163. Егер мен бастаған істі ӛзгелер қоштамаса, оны істеудің қажеттігі жоғын
айтса мен ӛз ойымнан бас тартамын.
164. Ӛмірде барлық мүмкіндікті пайдалануды қалайтын адамдарды айыптау
надандық.
165. Мен ӛзгелер ойына құлақ аспаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |