Е. Н. Соколова материалтану. ОҚыту әдістемесі


СӘТСІЗДІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет30/56
Дата31.03.2023
өлшемі2.45 Mb.
#471483
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
foreign 788

СӘТСІЗДІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
СИНДРОМДАРЫ 
 
Сәтсіздікті анықтайтын факторларды салыстыру оқушылардың 
психикалық дамуын бірнеше түрге бӛліп, жеке-сараланған тәсіл 
негізінде 
оларды 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің 
нұсқасын құрастыруға мүмкіндік береді. 
Түпкі «синдром» термині – бұл ортақ патогенезбен біріккен 
41
4.3.


симптомдар жиынтығын білдіретін медициналық түсінік. Сәтсіздіктің 
психологиялық синдромдары туралы айта отырып, біз синдромды жеке 
даму нұсқасының ерекшелігі ретінде түсінеміз және оны жетекші 
белсенділікке 
қарағанда 
нашар 
деп 
саналатын 
балалар 
популяциясының бір бӛлігін сипаттауға пайдаланамыз. 
Сӛйтіп, сәтсіздік феноменін зерттеу шеңберінде оқу қызметінің 
нәтижелілігін тӛмендететін жетекші фактор мен оған қосылатын 
ӛзіндік симптоматиканы анықтау нәтижесінде сәтсіздіктің 11 синдром 
анықталған. 
1. Шамадан тыс қамқорлық кӛрсету типі бойынша тәрбие беру 
нәтижесінде қызметті ӛз бетімен реттеудің қалыптаспау синдромы; 
2. Эмоционалдық 
депривация 
аясындағы 
қобалжушылық 
синдромы; 
3. Шамадан тыс қамқорлық кӛрсету аясындағы «интеллектуалды 
енжарлық» синдромы; 
4. Педагогикалық қараусыздықтың аясындағы сӛйлеу сферасының 
дамымау синдромы; 
5. Табиғи ауыр деңгейде еңбекке қабілеттіліктің тӛмендеу 
синдромы; 
6. Соматикалық ауыр жағдайда уәждемелік жетілмеу және 
әлеуметтік сәтсіздік синдромы; 
7. Табиғи ауыр жағдайда интеллектуалды даму мен жүйкенің тозу 
синдромы; 
8. Табиғи 
ауыр 
жағдайда 
педагогикалық 
қараусыздықтың 
нәтижесінде негізгі психикалық процесстердің қалыптасуының кідіру 
синдромы; 
9. Табиғи 
ауыр 
жағдайда 
педагогикалық 
қараусыздықтың 
нәтижесінде интеллектуалды дамудың тӛмендеуі мен эмоционалдық- 
тұлғалық жетілмеу синдромы; 
10. Табиғи 
ауыр жағдайда педагогикалық қараусыздықтың 
нәтижесінде интеллектуалды дамудың шекаралық деңгей синдромы; 
11. Табиғи ауыр жағдайда айқын мектептік бейімделмеушілік 
синдромы. 
Осы синдромдардың әрқайсысы оқушының бабын табуды, белгілі 
бір түзету тәсілін қажет етеді. Егер оқу орнында нақты бір оқушыға 
қиындықтарды жеңуге кӛмек беру мүмкіндігі болса, онда оны бірінші 
курста жасаған жӛн, ӛйткені бірінші курс оқушысында мектеп кезінде 
пайда болған оқуға қатысты стереотиптар әлі қалыптасқан жоқ. 
Бірқатар 
мектептерде 
қиындық 
тудыратын 
оқушыларға 
потенциалды нашар оқитын оқушылар ретінде қарайтыны белгілі. 
Сәтсіздік мәселесін түсінбей тұра, оларға автоматты түрде екілік, кӛп 
дегенде үштіктер қояды. Оқушылар ӛздерінің рӛліне үйреніп, бірдеңе 
ӛзгертуге ұмтылмайды. Оларды, ӛздері қалаған жағдайда тек үштіктер 
ғана алып қоймай, бірақ тӛрттер мен бестер де алуға шамасы 
жететіндігіне сендіру керек. Кейде мұндай оқушылардан ӛндірістік 
тапсырмаларды жоғары деңгейде орындайтын керемет жұмысшылар 
42


шығады. Олар келешек оқуға үміттенбесе де, ӛмірде ӛз орнын таба 
алды. Бұл оқушылардың ӛздерінің, сол оқу орнының оқытушылары 
мен шеберлер ұжымының үлкен жетістігі болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет