Е. Н. Соколова материалтану. ОҚыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет6/56
Дата31.03.2023
өлшемі2.45 Mb.
#471483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
foreign 788

САБАҚТАРДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ 
ЖАБДЫҚТАЛУЫН ЖОСПАРЛАУ 
Қазіргі кезде сабақты дидактикалық жақтан қамтамасыз ету оңай 
емес, мұндай күнделікті жұмыс кезінде тым кӛп аспектілер қозғалады. 
Мысалы, сабақ кезінде бұрын қолданылған плакат немесе 
видеофильм кӛрсетіп, ол бойынша белгілі бір жерін түсіндіруге болады 
немесе жоғары курс оқушылары жасаған модель немесе құралдарды 
кӛрсетіп, бірінші курс оқушыларын олар одан да қызықты зат жасап 
шығара алады деген ойға дайындауға болады. Адамға нағыз білімді құр 
сыйлау мүмкін емес, оған ӛзіндік күш салу арқылы ғана жетуге 
болады. Оның іске асуына сабақтың барлық дидактикалық жабдықтары 
бағытталу керек. 
Егер тақтада қандай да бір бұйымның сызбасы кӛрсетілген болса, 
онда ол анық, ұқыпты болу керек және сызықтардың жуандығы, 
ӛлшемдерді түсіру және т.б. бойынша стандарт талаптары сақталу 
керек. Егер оқытушы дәлсіздік немесе ұқыпсыздық жасайтын болса, 
онда ол бірден оқушылардың конспектілеріне де нақты кӛшіріледі. 
Егер үлестірме материал папкаға ұқыпты салынып, полиэтиленді 
қаптамада сақталғандықтан кірлемей, ұзақ уақыт бойы қызмет 
кӛрсетсе, оқушылар да заттарға солай ұқыпты қарайды деп сеніммен 
айтуға болады. 
Оқушылар материалды ойдағыдай және тезірек түсініп, меңгеру 
үшін оқытушының құралдар арсеналы барынша кең болу керек. Тек 
оқытушы ғана материалды жеткізу үдерісі мен оқушылардың оны 
меңгеруі арасындағы ара қатынасты дұрыс анықтай алады. 
Мұндай тәжірибе уақыт ӛтуімен келетіні түсінікті. Жаңадан бастап 
келе жатқан оқытушы үшін сабақ ӛткізуді барынша толық және жан- 
жақты дидактикалық жабдықтау аса маңызды болып келеді. 
Оқушыларды нәтижелі оқыту тек жаңа материалдағы ең елеулі 
ақпарат немесе түсініктерді бекіту ғана емес, сондай-ақ кӛрнекі оқу 
11
1.5.
 


құралдарын дайындау, білімдерін сызба, сурет ретінде кӛрсетуге 
үйрету, оқушылардың қосымша дереккӛздер мен анықтамалық 
әдебиетке жүгініп, оларды сабақтың дидактикалық жабдықталуына 
қатыстыру үрдістерін де қамтиды. 
Бұл мәселе екі жақтың да қызығушылық нысаны болған кезде, 
сабақтардың табыстылығы қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет