МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ |
9
өлшемдер» бөлімінде көрсетілген. Төртінші сыныпта «Мәліметтерді визуализациялау»
саласы деректерді оқуға және түсіндіруге бағытталған, сегізінші сыныпта екпін деректерді
түсіндіруге және ықтималдық негіздеріне жасалған.
TIMSS математика бойынша бірқатар аспектілерді бағалайтынын атап өткен жөн және
тапсырмалардың шамамен үштен екісі оқушылардың
білімді қолдану және ойлау
дағдыларын бағалауға бағытталған. Мазмұндық салаларға қарағанда,
танымдық
салалар екі сынып үшін ұқсас болып келеді, бірақ көлемі жағынан өзгешеліктер бар.
Осылайша, төртінші сыныппен салыстырғанда, сегізінші сыныпта «Білім»
саласына
азырақ, ал «Ойлау» саласына көбірек көңіл бөлінеді. 1.1-кестеде TIMSS-2015-тің
мазмұнды салалары және олардың әрқайсысына арналған тестілеу уақытының мақсатты
пайыздық үлесі көрсетілген. Әрбір мазмұнды сала тақырыптық бөлімдерден тұрады, ал әр
бөлім, өз кезегінде, бірнеше тақырыпты қамтиды.
TIMSS-2019-
да 2015-ке ұқсас мазмұнды салалар пайдаланылды,
бірақ жалпы
жиынтықта «Мәліметтерді визуализациялау» мазмұнды салаға көбірек көңіл бөлінді
3
.
Мысалы, TIMSS-2019-да «Мәліметтерді визуализациялау» саласының пайыздық үлесі
20%
болса, «Геометриялық фигуралар және өлшемдер» 30%-ды құрады
4
.
Достарыңызбен бөлісу: