Патриотизм, отансүйгіштік – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне
деген сүйіспеншілік сезімі.
Патша қорғандар – қола және темір дәуірінде аса бай қабірдің үстіңе ағаш, шым, тас және топырақ үйілген
төбелер. Патша қорғандардың астында үлкен қабір орналасып, жанына бағалы жиһаздар мен алтын бұйымдар
қойылған.
Петиция – мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органына көпшілік атынан тапсырылатын жазбаша
өтініш.
Петроглиф – тас, жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет. Петроглифтер кейінгі
палеолит кезеңінде пайда болған бейнелеу өнерінің ежелгі түрлерінің бірі.
Пикет – үкіметке талап қоя шыққан ереуілші топ.
Питекантроп – б.з.б. 1 млн жал бұрын өмір сүріп, тік жүру қабілетін меңгерген ерте палеолит дамыды.
Алғашқы питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы ява аралынан табылды.
Пленум (лат. plenum – толық) – 1) қандай да бір ұйымның сайланып қойылған басшылық органы мүшелерінің
толық құрамында өткізетін жиналысы; 2) жоғарғы сот органы барлық мүшелерінің мәжілісі.
Плюрализм – 1) дүниенің өзара бірлігін жоққа шығаратын, оның негізінде тек бір-біріне тәуелсіз көптеген
бастамалар жатады деп уағыздайтын философиялық ілім; 2) көптеген әдістердің көзқарастардың,
партиялардың, бағыттардың болуы заңды деп танушылық.
Позиция – белгілі бір мәселе жөнінідегі көзқарас, беталыс.
Полигон – әскери жаттығулар, сынаулар жүргізілетін орын, жер.
Полихром стилі – безендіру кезінде бұйымға сәндік үшін түрлі түсті асыл тастар, алтын түйіршіктерін
жапсыру.
Половшылар – далалықтар; ХІ ғасырда Еділ бойынан Қара теңіз жағалауына орын тепкен түрік тілдес
тайпалардың орысша атауы.
Постсоциалистік – социалистік лагерь күйрегеннен кейінгі қалыптасқан жағдай.
Прагматизм – 1) іс жүзінде пайдалы нәтиже беретінді ғана ақиқат деп білетін философиялық бағыт; 2) іс
жүзіндегі, қажеттілік тұрғысындағы мүдделерді көздейтін қаракет, ойлау салты, мінез-құлық.
Преамбула – заң немесе басқа құқықтық актілердің, сондай-ақ декларация немесе халықаралық шарттағы
барлық мақсат пен міндеттер көрсетілген кіріспе бөлім.
Президент (лат. praesidens, сөзбе-сөз – алдыңғы қатардағы) – қазіргі заманғы мемлекеттердің көпшілігінде
мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы
Достарыңызбен бөлісу: |